Мектеп айналасының ауданы мен периметрі. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 С бөлім: « Геометриялық фигуралар.Периметр.Аудан» Күні:4 тоқсан СЫНЫП: 2 | Көкшетау қ.ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімніңаты-жөні: Қатысқандардың саны: Қатыспағандардың саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Мектеп айналасының ауданы мен периметрі | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.3.1.3 көпбұрыштардың, қоршаған әлем заттарының ұзындықтарын өлшеу және периметрді Р= (а+в) ·2, Р = а · 4, Р=а+в+с, тіктөртбұрыш ауданын S=a·b, шаршы ауданын S=a2 табу формулаларын жалпылау, құрастыру, қолдану | |||
Сабақ мақсаттары |
| |||
Бағалау критерийлері |
| |||
Тілдік мақсаттар
| Периметр, ұзындық, ені, қоршаған орта заттар,т.б. сөздер мен сөз тіркестерін, математикалық терминдерін қолданады. | |||
Құндылықтарды дарыту | - құрмет; - ынтымақтастық; -өмір бойы білім алу | |||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану пәнімен байланысты | |||
Алдыңғы меңгерілген білім | Есептерді шешу | |||
Жоспар | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 3 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі.•Психологиялық дайындық.бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық. Ол үшін бір-бірлеріне қарап, жымиып күліңдер. Тіпті кейбіреулерін барып, құшақтауларыңа болады. (Ұ) «Адасқан әріптер» ойыны Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау И м р П р е е т А н д у а Периметр Аудан Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін шығару. | слайд | ||
Сабақтың ортасы 2 мин 7 мин 5 мин 8 мин 5 мин 7 мин | ІІ. (МК, Ұ) Тірек білімдерін тексеру Мақсаты: Өткен білімдерін тексеру, бекіту. Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?- Периметр деген не? - Аудан деген не? /Оқушылардың жауабы тыңдалады, өзара қателіктері түзетіліп, қайта бекітіледі/. (Ұ, Ж)Формула құрастыру. Мақсаты: мұғалімнің бағыты бойынша жаңа білімді оқушының өзі меңгеруіне мүмкіндік жасау.
Мұғалім тақтаға 4 нүкте салады да оқушыдан не салғандығын сұрайды. (Оқушы нүкте салғанын айтады). Нүктелерді түзу сызық арқылы қосады. Алдымен екі нүктені түзу сызықпен қосқанда не пайда болғандығы сұралады. (Кесінді пайда болғанын, кесіндінің екі нүктеден бір түзуден тұратынын айтады) Келесі түзуді жүргізгенде бұрыш пайда болғанын, содан соң фигураның пайда болғандығы айтылып, әрқайсысына ереже құрастырады. -Фигураның периметрін табу үшін не істеу керек? (Фигураның периметрін табу үшін барлық қабырғасының ұзындықтарын қосу керектігін айтады).
/Оқушылардың құрастырған формулалары тыңдалады, тақтадағы дұрыс нұсқамен тексеріп, салыстырылады, формуланың шығу жолы талқыланады/. Р = (а+в) ·2 (тік төртбұрыш), Р = а · 4 (шаршы), Р=а+в+с(үшбұрыш). (Ж)Жаңа білімді бекіту. Мақсаты: фигуралардың периметрін формулалар арқылу табуға дағдылану, жұппен бірлесе жұмыс жасау, бір-бірінің көзқарасын тыңдау, өзара «Кері байланыс» жасау. 1. Жұпта оқушылар бір-бірінен ережені сұрайды. 2. Өздері қалаған фигураны сызып периметрін табады, келесі жұпқа қалай шығарғаны түсіндіреді.
(МК, Ұ) Фигураның ауданын табу. Мақсаты: фигураның ауданын табу, формулалар арқылы есептеуге дағдылану.
/Фигураның қабырғаларының ұзындықтарын білу керектігін, периметр арқылы фигураның барлық қабрғаларының қосындысын табатындығын айтады /.
/Оқушылардың жауабы тыңдалады, егер толық жауап болмаса, мұғалім аудан ұғымы туралы түсінік береді/. Аудан - фигураның ішкі алып жатқан аумағы (беті).
/Оқушы жауабы тыңдалады/ (Ө, Ж) Фигураның ауданын табу. Мақсаты: Ауданды формула арқылы есептеу, ауданды табу жолын анықтау, талдау, салыстыру.
Ұзындығы 3 см, екі 2 см тік төртбұрыш сыз және оның ауданын тап.
/Алдымен ауданның ұзындығы мен енінің көбейтіндісі екендігі айтылады. Содан соң формула шығара отырып есептейді/.
(Т) Дифференциация. Мақсаты: берілген фигуралардың периметрі мен ауданы формулалар арқылы табу. 1-2-топ: тік төртбұрыш кез-келген затты таңдап алып, олардың периметрі мен ауданын табу; 3-топ: шаршы пішінді затты таңдап алып, оның периметрі мен ауданын табу тапсырылады. /Топтар тапсырманы орындап болған соң қорғайды, 3- топ шаршының периметрі мен ауданын табуды түсіндіреді, дәлелдейді/. Бағалау түрі: «Басбармақ» арқылы өзара бағалау. | Тақтамен жұмыс Слайд Дәптермен жұмыс Слайд Слайд А 4 форматындағы қағаздар. | ||
Сабақтың соңы 3 минут | ІІІ. Қорытынды. Бекіту.- Балалар, сонымен біз нені үйрендік? Не білдік? ІV. Бағалау.Баспалдақ парақшасы арқылы бағаланады. | Баспалдақ парақшалары | ||
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау –оқушылардың прогресін/білімін қадағалауды сіз қалай жоспарлайсыз? | Оқу байланыстарыДенсаулық пен қауіпсіздік | ||
Топтық жұмыста мотивациясы төмен оқушыларға есепке сәйкес тірек сөздерді беріп, қолдау жасап отыруды жоспарладым.Мотивациясы жоғары оқушылар өздігінен тапсырманы орындады. |
|
| ||
Рефлексия Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қолжеткізілетіндей болды ма? Бүгін оқушылар неге үйренді? Оқыту атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолдан келді ме? Мен уақыттық кестені ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен? Уақыта ясы? Мен жоспарыма қандай өзерістер енгіздім және неліктен? | ||||
Қорытынды бағалау Неғұрлымжемістіекісәттіатаңыз (сабақберуде де, оқытуда да)? 1: 2: Сабақтыжақсартуғаықпалететіндейекіжайттыатаңыз (сабақберуде де, оқытуда да)? 1: 2:Мен сынып пен жекелеген оқушылар туралы жаңа нені білдім және бұл менің келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру