Жүздіктер. Жүздіктермен санау 1000 дейін. Математика, 2 сынып, қосымша материал.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Математика

2A бөлім – Екі таңбалы сандарды қосу және алу. Жүздіктер. Есептер

Тақырыбы: Жүздіктер. Жүздіктермен санау 1000 дейін

ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағаны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.4.3.1 1000-ға дейін жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтау

2.1.1.4 есептің ірілендірілген бірлігін – жүздік түзу; 1000-ге дейін санау, жазу және салыстыру

2.4.3.2 берілген заңдылық бойынша тізбек құру, заңдылықтың бұзылуын анықтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтайды

Оқушылардың көпшілігі:

  • 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтайды, 1000-ге дейінгі сандарды жазады, салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтайды, 1000-ге дейінгі сандарды жазады, салыстырады, берілген заңдылық бойынша тізбек құрай алады.

 Жетістік критерийлері:

 

1000 көлеміндегі сандарды атайды, жазады, салыстырады, берілген заңдылық бойынша тізбек құрай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

  • жүздіктердің атауы (жүз, екі жүз, үш жүз, және т.б)

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру

Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім:

100-ге дейін санауды, сандар атауларын, толық ондықтарды біледі

Сабақ барысы

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер

Сабақтың басы

3 минут

5 минут

«Ертеңгілік шеңбер»

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./

Қол.Бас.Жүрек.

-Балалар, бүгінгі сабақта бізге Шульманның 3 көмекшісі қажет болады. Олар: бас, қол, жүрек.

-Біз бүгінгі сабағымызда миымызбен жақсы ойланып, ойлағанымызды қолымызбен іске асырып, мейірімді жүрегімізбен сезіну керекпіз.

) Оқушылармен диалог құру

(Ыдыста үлкен және кіші көлемді 10 алма тұрады. Үлкен алманы жүздіктер ретінде, кіші алмаларды ондықтар ретінде қолдану арқылы бір ыдыстан екінші ыдысқа санау арқылы салу)

-Балалар, біз 100-ге дейін санап үйрендік және санауды түрлі «қадамдармен» (бірліктермен, ондықтармен, екіліктермен) жүргіздік. /оқушылардың жауабын тыңдау/

100-ге дейін өсу және кему ретімен санату.

) Оқушылардың өздеріне таныс сан түзуін қарастыру.

-100-ге дейін қалай тез санауға болатындығын білесіздер ме?- проблемалық сұрақ қойып, оқушылардың пікірлерін анықтау.

100-ге дейін ондықтармен өсу және кему ретімен санату.

-100-ден кейін қандай сан келеді?»

-Одан кейін ше?

100-ден 1000-ға дейін жүздіктермен өсу және кему ретімен санату.

-Ендеше, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Интерактивті тақтада санамақ

Сабақтың ортасы

5 минут

2 минут

3 минут

5 минут

5 минут

2 минут

5 минут

3 минут

(Ұ, Ө)Жүздіктер туралы білімін қайталау.

Алдымен оқушыларға А4 қағазы таратылып беріледі.

  • 10 ондықты модел түрінде жазады.
  • Содан соң оларды бір жүздікпен алмастырады.
  • Одан кейін 10 жүздікті санауды ұсынылып, оны 1000 алмастырады.

(Ж) құрастырған моделдерін жұп бойынша тексереді. Мұғалім ұсынған нұсқамен салыстырады, қателіктерді түзетеді.

  • Балалар, қандай сан шықты?
  • 10 санында неше бірлік бар?
  • 100 санында неше ондық бар?
  • 1000 санында неше жүздік бар?

(Ө, Ұ) Сандар қатары.

  • Сандарды жүздіктермен санай отырып, 100-ден 1000-ға дейін өсу ретімен санайды, түсіп калған сандарды толықтырады, жазады.
  • Сандарды жүздіктермен санай отырып, 1000-нан 100-ге дейін кему ретімен санайды, түсіп калған сандарды толықтырады, жазады.

-Балалар, 1000-ға дейінгі сандарды жүздіктермен өсу және кему ретімен санау барысында қандай заңдылықты байқадық?

(100-ге артады, 100-ге кемиді)

) «Пішіндер сөйлейді».

Оқушылар 4 топқа бөлінеді, де оқушыларға тапсырма таратылып беріледі.

-Балалар, біз нені көріп тұрмыз?

- Бұл пішіндерден нені құрастыруға болады?

  • Пішіндердің ішінде жазылған тапсырмалар не үшін берілген деп ойлайсыздар?
  • Ендеше, бұл тапсырманың мақсаты қандай?

(Мүмкін болатын жауап:

  • Пішіндерден сурет құрастырамыз және әрбір пішінде жазылған тапсырмаларды орындаймыз)
  • Тапсырма орындалып болған соң, оқушылар өз тапсырмасын келесі топпен ауыстырады.
  • Дұрыс нұсқамен тексереді (оқушы тапсырманы дұрыс орындаса «+» қояды, қателік орындай алмаса «-» таңбасын қояды да қорытынды балл есептеледі)
  • Тексерілген жұмыстар орындаған топқа қайтарылады, өз қателіктеріне көз жеткізеді.

Сергіту сәті «Көңілді күн»

(Ө, Ж) Берілген заңдылық бойынша тізбек құру.

Оқушыларға қима қағаздар таратылып беріледі. Тапсырмада көрсетілген реттілік бойынша тізбекті толықтыру қажет.

/Тапсырманы «жұптық әдіс» арқылы тексереді, орындау тәсілін айтады, қорытынды шығарады.

Тапсырманың орындау деңгейін смайликтер арқылы көрсетеді/.

(Ө, Ж, Т) «Мен ойлаған сан».

алалар, қанай сандарды ойлады? Сұрақтарға оқушылар жазбаша жауап береді. Жұп бойынша тексереді.

- ойлаған санды табуға қандай көмекші сөздер берілген?

  • Осы үлгіге қарай отырып, топтар бір-біріне 2 тапсырма құрастырады, және бірі-бірі бағалайды.

Слайд

А4 қағаздары

слайд

Сандар кестесі

Тапсырмалар (карточкалар)

Слайд

«Көңілді күн» виде-сергіту сәті

Қима қағаздар.

Сабақтың соңы

2 минут

  • Стикерлер жапсыру арқылы өздерін бағалайды.

«Жетістік баспалдағы»

Қосымша ақпарат.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу