Санау жалғасы: көптаңбалы сандар. Математика, 2 сынып, қосымша материал.


Қалыптастырушы бағалау

Математика

1 тоқсан

1 А бөлім «Сандар жүйесі»

Тақырыбы: Санау жалғасы: көптаңбалы сандар

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

Сандар мен шамалар туралы ұғымдар

СШ 2.1

1-ден 1000-ға дейінгі сандардың реттілігін біледі және сандық кесіндіде көрсете алады.

Тапсырма 1. Сынып ондықтармен санап, екі топқа бөлінеді. Әр топқа 100-ге дейінгі сандар қатары жазылған кесте беріледі. 15 секунд уақыт белгіленеді. 100-ге дейін қалай тез санауға болады?-деген сұраққа әр топ оқушылары өз ұсыныстарын айтады.

Тапсырма 2. Әр жұпқа 100-ден 1000-ға дейінгі жүздіктер қатары беріледі. Жұптарға жануарларды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы ұсынылады.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және қолдану

Оқушы 1-ден 1000-ға дейінгі сандар қатарын біледі;

1000 көлемінде әр түрлі тәсілмен (бірліктермен/ ондықтармен/жүздіктермен/жұптап) санай алады;

Сандық түзуде сенімді көрсете алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу