Екітаңбалы сандардың графикалық моделі. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1А-бөлім: Екітаңбалы сандар

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екітаңбалы сандардың графикалық моделі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.5.2.1 Екітаңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені пайдалану.

 Сабақ мақсаттары

Екітаңбалы сандардың графикалық моделін құру

 Бағалау критерийлері

Екітаңбалы сандардың графикалық моделін құрады және графикалық моделі бойынша сандарды анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

  • екі таңбалы сандардың разрядтарын атау
  • екі таңбалы санға сипаттама беру
  • бірліктер, ондықтар, разрядтар:
  • есептеу, тура ретте есептеу, кері ретте есептеу;
  • артық; кем; … қарағанда артық; … қарағанда кем;
  • разрядтық қосылғыштар;
  • разрядтық қосылғыштардың жиынтығы;

разрядтардың кестесі

Бұл цифрдің мәні қандай?

Келесі/алдынғы сан қандай?

Осы разрядта санның мәні қандай болады?

Осы санды қандай разрядтық қосылғыштарға жіктеуге болады?

 Құндылықтарды дарыту

 

Оқушылар топпен, жұппен жұмыс кезінде өзара көмек беруге, қолдау көрсетуге ұмтылады. Математика пәніне деген қызығушылықтары артады.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/

 /интернационализм

Білімдерін өмірде пайдалану

 Пәнаралық байланыстар

Жұптарға жануарларды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы кезінде дүниетану пәнімен байланысады, оқушылар жануарлардың мекендейтін жері туралы өз білетіндерін айтады.

 АКТ қолдану дағдылары

Сан қатарын табуға берілген тапсырма негізінде.

Бастапқы білім

Оқушылар бірінші сыныпта алған санау дағдыларын еске түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

40-қа дейін 4-тен аттай отырып санау.

70-ке дейін 9-дан аттай отырып санау.

(Ұ) Оқушылар шеңберге жиналып отырып, сыныптағы оқушылар санын бірліктермен, екіліктермен, бестіктермен, ондықтармен санайды.

«Ауызша есептеу» атты төмендегі тапсырма орындалады.

а)Түстері бірдей сандарды ауызша, шапшаң қос.

в) Дөңгелек сандарды қос.

г) Бір таңбалы сандарды қос.

д) Ең кіші екі таңбалы сан мен ең кіші бір таңбалы санды қос.

Артық сандардың астын сыз

Iтоп

99, 33, 11, 72, 22, 66,88.

II топ

45, 85, 47, 9, 61, 23.

III топ

36,12,13,14,15,

IҮ топ

70, 20, 30,8,60,50.

V топ

19, 29,39,49,30,59.

1-100-ге дейінгі жазылған сандар қатары жазылған кесте

Сабақтың ортасы

25 минут

(Ж, Т) 1 сыныпта 100-ге дейінгі сандар шегінің графикалық моделінің қалай құрастырылғанын еске түсіру. Оқушылардан 1000 шегіндегі сандарды бейнелеудің қызықты тәсілдерін табуды сұрау.

Өз идеяларын түсіндіру, талқылау.

Текшелер арқылы бірлесе отырып, сандарды жинау.

12 санын жинап көрсету.

Енді осы санды дәптердің тор көздерін пайдалана отырып, көрсетейік.

Бұл 12 санының кграфикалық моделі.

Санды разрядтық қосылғыш түрінде жаз.

«Орындап көр»

Жұптық тапсырма

Бір оқушы екі таңбалы сан жазады, екінші оқушы графикалық моделін құрастырады.

«Ойланып көр»

Тестік тапсырманың жауабын көрсету.

Сергіту сәті

Разрядтық кестені пайдалана отырып, екі таңбалы сандарды жаз.

Ондық

Бірлік

Екі таңбалы сан

7ондық

1 бірлік

8 ондық

0 бірлік

9 ондық

7 бірлік

2 ондық

3 бірлік

Қалыптастырушы бағалау.

1-тапсырма.

Графикалық моделі бойынша санды жаз.

--------------------- ---------------------

2апсырма.

24 санының графикалық моделін құрастыр.

Дифференциация

Графикалық модель түрінде орында.

Подводящий диалог.

 

 

Работают на листочках.

Торлы парақтар мен түрлі-түсті қаламдар,

https://www.youtube.com/watch?v=atfuwTwxyGk

https://www.youtube.com/watch?v=A1mxje7cmnk

10 20 50 100 номиналды теңгелер

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылар екі қатарға сандық түзу құрып тұрады.

1-қатарға сандардың графикалық моделін білемін.

2-қатарға сандардың графикалық моделін әлі де үйренемін.

Екі қатарға екі түрлі лента қоюға болады.

Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу