Топтастыру және жиындар элементтерін оқыту Заттарды құрамдастыру. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4B бөлім: Топтастыру және жиындар элементтерін оқыту

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 10.05.16

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

4B бөлім: Топтастыру және жиындар элементтерін оқыту

Заттарды құрамдастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.1.1 Заттар жиынын бір тұтас біріктіру; жиын элементтерін бөлу; жұп құру арқылы жиындарды салыстыру; берілген элементтер бойынша жиын құру

Сабатың мақсаттары

Оқушыларды құрамдасқан есептермен және оларды шешу тәсілімен таныстыру, ойлау операциясының анализ бен синтез, салыстыру арқылы дамуына бейімдеу.

Жетістік критерийлері

Заттарды құрамдастыра алады.

Сөздік қор

Құрамдастыру

Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Математикалық сайыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5минут

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң балалар!Қайырлы таң апайлар!Біз ерекше баламыз,Айтқан тілді аламыз.

ОМ анықтап алу

  • заттарды құрамдастыру деген не
  • заттарды әр түрлі құрамдастыруды қалай жасауға болатынын білетін боласың.

презентация

3 түрлі стикер,3 түлі түсті 3 текше,әрбір оқушы үшін А3 ақ қағазы; бір көгілдір, бір қызғылт түсті шаршы; бір көгілдір, бір қызғылт түсті 2 дөңгелек; парақты бетінің әр жеріне салынған көгілдір және қызғылт баскиім мен шалманың суреті.

30 минут

(Ұ) «Күн мен түн» ойыны.Ойынға үш ойыншы қатысады. Олар орындыққа отырады. Ал орындықта үш түрлі стикер бекітіліген. Жүргізушінің «Күн!» деген бұйрығы бойынша оқушылар орындарынан тұрып, орындықты айнала қозғалады. Жүргізушінің «Түн!» деген бұйрығы бойынша оқушылар орындыққа қайта отыруы керек.Өзі отырған орындыққа бір-ақ рет отыру керектігі туралы шарт қойылады.Қалған оқушылар шарттың орындалу ретін бақылайды.Ойын барлық отырудың мүмкін нұсқалары байқалмайынша жалғаса береді.

«Түсін тап» ойыны

Әр оқушыға қағаз парағын дайындау.

Қорапта үш түрлі - қызыл, жасыл және көк түсті текшелер бар. Олар мұнара түрінде жиналған.Оқушылар сәйкес келетін түсті шаршылармен текшелерді бейнелеп, мұнараның суретін салады. Сосын қораптан текшелерді біртіндеп алып шығамын.Текшелердің түсін тура шешкен оқушы жеңімпаз атанады.

Балалар топта пікір алмаса отырып, мүмкін болатын барлық нұсқаны салады. Бұл - құрамдастыру деп аталады.

Жауабы:

қызыл, жасыл, көк;

қызыл көк, жасыл;

көк, жасыл, қызыл;

көк, қызыл, жасыл;

жасыл, көк, қызыл;

жасыл, қызыл, көк.

Ережемен таныстыру.

Заттардың орын алмастыруға, топты әр түрлі тәсілмен таңдап жинақтауға болады. Бұл заттарды құрамдастыру деп аталады.

(Ж) Сүйікті ойыншықтар.

Сөреде үш ойыншық тұр. Қуыршақ, доп, пирамида.

Әнел екі ойыншықты жақсы көреді.Олар қандай ойыншықтар болуы мүмкін?

Жауабы: қуыршақ пен доп; қуыршақ пен пирамида; пирамида мен доп.

) Фотосуреттер

Маратта үш фотосуреттер бар. Ол фотосуреттерді қалай орналастырады? Әр қатарды толықтыр.

а) ит, мысық,...

б) мысық, ұл ...

в) ұл, ит, ...

г) мысық, ит, ...

д) ұл, мысық, ...

е) ит, ұл, ...

(Т) Жаңа киім.

Ләззатта көгілдір және қызғылт бас киім мен шалма бар. Ләззат оларды қалай құрамдастыра отырып кие алады? Қанша нұсқа шықты?

1 топ

Барлық комбинация нұсқасын табу үшін зертеу жүргізуге арналған көгілдір мен қызғылт дөңгелектерді ұсынамын.

2 топқа екі топтама беріледі. Бір түсті бас киім мен шалма(оқушылардан сұрау)

3 топқа А4 форматта нұсқа суретін салуды ұсынамын.

4 топқа бас киім мен шалма суреті салынған қағазды ұсынып, оларға құрастыруға болатын нұсқаларды сызықтармен қосуды тапсырамын.

Жауабы.4 нұсқа

1.қызғылт бас киім,қызғылт шалма;

2. көгілдір бас киім, көгілдір шалма;

3. қызғылт бас киім, көгілдір шалма;

4. көгілдір бас киім, қызғылт шалма;

Сергіту сәтіКәне қанат жазайықҚарлығашқа ұқсайықҰшып ұшып алайық1, 2, 3Орнымызды табайық

Шығарып көр

Қораптағы кәмпиттер: шоколад және карамель.Ұл бала екі кәмпит алды.Бұл кәмпит болуы мүмкін?

Жауабы: шоколад және карамель, екі шоколад екі карамель.

Орындап көр.

Әр түрлі тәсілмен қаламды, сызғышты және қарындашты үстелге орналастыр. Сен неше тәсілмен орналастырғаныңды сана.

Ойлан!

Пеналда 4 жай және 2 түрлі түсті қарындаш жатыр. Қолдағы қарындаш жай қарындаш болуы үшін ең аз дегенде қанша қарындаш алу керек?

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды

Құрамдастыру деген не?

Өмірде заттарды құрамдастыруды қайдан көреміз?

Заттарды не үшін құрамдастырады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

заттарды құрастыруда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

заттарды құрамдастырып үйренеді

Сергіту сәті

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу