Өзара кері амалдар. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3А бөлім: Сандармен орындалатын амалдар

Мектеп: Назарбаев

Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Сынып: 1В

Қатысқандар Қатыспағандар

Сабақ тақырыбы

Өзара кері амалдар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.2 Қосу және азайту - өзара кері амалдар

екенін түсіну, қосу және азайту амалдары

компоненттері мен нәтижелері арасындағы

байланысты анықтау.

 Сабақ мақсаттары

  • . қосу және азайту - өзара кері амалдар екенін түсіну, қосу және азайту амалдары компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау
  • қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолдану

Б

Бағалау критерийлері

  • Қосудың орын ауыстырымдылы қасиетінің негізінде өрнек құрастырады.
  • Компоненттерінің байланысы негізінде қосуға кері амалдар орындайды

Тілдік мақсаттар

 

Қосу және азайту амалдарының компонент атаулары

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет, еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру

Алдыңғы меңгерілген білім

Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу ретін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

-Балалар,барлығымыз жақшалы өрнектерді орындау ережелерін еске түсірейік.

/Балалар өткенсабақ бойынша үйренген ережені айтады/

Кіріспе тапсырма: Оқушылардын қандай спорт түрлері жөнінде білетіндерін сұрау.

( оқушы жауабын тыңдау)

Осы сыныпта қандай балалар қай спорт түріне баратындарын анықтату.Ауызша сол мәліметтермен қосуға байланысты өрнектер құрастыру және амал компоненттерінің қалай аталатынын қайталату.Қосу мен азайту амалдарының өзара қандай амалдар екенін өздеріне айтқызу, сабақ мақсатымен таныстыру

(Т) Топтарға тапсырма: топтағы оқушылар қандай қысқы спорт түріне барғысы келетіндерін топта талқылайды және алынған мәліметтерді пайдалана отырып қосу амалын қолдана отырып, санды өрнектер құрастырады. Мысалы: топта екі адам коньки тебуді ұнатады, екі адам шаңғыны жақсы көреді.Әрбір мысалды азайту амалы арқылы тексеруді ұсыну.

(ҚБ) Топтар өз жұмыстарын ауыстыру арқылы бірін- бірі бағалайды

(Ж) «Өрнек құрастыр» ойыны

Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі, суреттегі спорттық құралдарды атайды. Берілген өрнектің қай суретке сәйкес келетінін табады.

Жұпта ақылдасып,қалған суреттерге сәйкес өрнектер құрастыру жіне оларға кері мысалдар құрастыру тапсырылады.

(ҚБ) Әр жұп өз құрған мысалдарын дұрыс оқығандары мен дұрыс кері амал құрастырғандары бағаланады.

(Ж) Шығарып көр

Оқулықтағы суреттер бойынша берілген амалдарды орындау. Оқушылар өрнектердегі белгісіз сандарды таба отырып, бұлардан төрттік амалдар құрастырады,ламинатталған парақшаларға жазады. Бұлар өзара кері амалдар екенін түсінеді

(ҚБ) Парақшаларын жұптар өзара ауыстырып тексереді.

Кейбір қабілеті жоғары оқушыларға өрнектерді ауызша есептеп, мәнін бірден айту ұсынылады.

Сергіту сәті

Алақанды соғайық,

Бір отырып, бір-тұрып,

Біз демалып қалайық

Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір,

Шыр айналып тұрамыз,

Орнымызды табамыз.

(Ө) Дәптермен жұмыс

(Ж) Оқушылар жұпта отырып, ойын ойнайды. Бір оқушы берілген екі цифрды пайдаланып, қосу амалына өрнек құрастырады. Екінші оқушы оны кері амалмен тексереді.Одан кейін керісінше орындарын ауыстырып орындайды. Солай бірін-бірі тексереді.

.

Қысқы спорт түрлері туралы таныстырылым

Ламинатталған парақшалар

оқулық

Көңілді әуен

дәптер

Сабақтың соңы

Сабақты қорыту:

-Қосу амалын қандай амалмен тексереді?

- Азайту амалын ше?

-Қосу мен азайту амалдары бір-біріне қандай амалдар?

Бағалау: Балалар бағдаршам көздерін көрсету арқылы өздерін өздері бағалайды

Бағдаршам көздері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қосу амалына өрнектер құрастырып және оны кері амалмен тексеру кезінде. Қабілеті жоғары оқушыларға екі таңбалы сандармен өрнектер құрастыру тапсырылады және төрттік өрнектер құруда мәнін бірден ауызша есептеп табу ұсынылады

Жұптық жұмыс барысында

Өз бетінше дәптермен жұмыс істеу барысында

Сергіту

Сабақбойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме?

Сабақтың уақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшінқандайөзгерісенгізугеболады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылартуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу