1 – ден 100 – ге дейін ондықпен санайды. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Математика

1 А бөлім Сандар туралы ұғым.

Ондықтармен санау. 8 саны және цифры.

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Талдықорған қаласы

1-тоқсан. 1 Сынып

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

ЧП1.3

1 – ден 100 – ге дейін ондықпен санайды.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

100 көлеміндегі сандарды ондықтармен санау. Сандар қатарын білу.

Көпшілігі:

Сандар қатарын іс-әрекетте тауып көрсете алады.

Кейбір оқушылар:

Берілген тапсырманы өз беттерімен орындай алады.

Математикалық ұғымдарды еркін қолдана алады

Тілдік мақсат

Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа байланысты атауларды қолданады, яғни төмендегі математикалық терминологиялар мен сөздерді пайдаланады:

  • 10 – 100 – ге дейін ондықтармен тура және кері санау.
  • Кейін, алдында, артында, тең болады, азайту,қосу.
  • Қанша?

Алдыңғы сабақта:

Сандарды жазу. 7 саны мен цифры.

Белгіленген уақыт

Кіріспе бөлім

3 минут

Негізгі бөлім

28 минут

) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Сабақ оқушылардың сабаққа ұйымдастыру мақсатында төмендегі санамақты бірлесе айтудан басталады.

Санамақ

Бір дегенім – бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

(Ұ) Өткен сабақты пысықтау, санау, сан қатарын еске түсіру мақсатында оқушылар бірге

0 - дан 7 дейін тура және кері санайды, 10 – нан 100 – ге дейін ондықпен санайды.

) 2 топтан екі оқушыдан шығып 1 – ден 100 – ге дейін сандар қатарын жіпке орналастырады. Келесі екі топтан екі оқушы шығып 1 – ден 7 – ге дейін сандар қатарын жіпке орналастырады.

(Ж) Оқушылар жұпта бір – біріне қарама – қарсы қарап отырып, кезектесе өз беттерімен 20 – ға дейін кезекпен санайды.

(МК)Бұдан кейін оқушылардың назарларын жаңа сабаққа қызықтыру, жетелеу мақсатында белсенді тақтамен жұмыс түріне аударамын.

(дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызшалар беру арқылы бағалауды ұйымдастырамын)

1) Қандай санды жоғалттым.

0.. 2... 4... 6... (3-слайд)

Берілген сандардың алдындағы сандарын ата.

6, 8, 10 (4 – слайд)

Берлген әрбір санды 2 – ге арттыр.

3,6,8 (5 – слайд)

Өткен сабақтағы 7 санын қайталауға төмендегі тапсырмалар беріледі.

3+ =7

2+ =7

1+ =7 (6 – слайд)

Суретте қанша үшбұрыш бар? (7 – слайд)

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын және сыни ойлау дағдыларын арттыру мақсатында жұмбақтар жасырамын.

)Жұмбақ шешуМенімен таныс емессің,Теңіз түбі қонысым.Аяғым сегіз, басым бар,Айтшы қане, мені сен? (сегізаяқ) ( 8 – слайд)

Сегіз аяқ, сегіз қол,Кестелейді тігеді.Жібектей әсем дөңгелек,- Ол не? (өрмекші ) (10 – слайд)

(Т) Оқушыларды топта бірлесе ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында әр топқа түрлі – түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар беремін. Сол фигуралардан әр түрлі (үй, көлік, қайық, аққала) құрастыруды тапсырмын. (12 – слайд)

(Ұ) Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында дәптермен жұмыс орындалады. Енді 8 санын жазуды үйренеміз.

(13 – слайд)

Сергіту сәті

Бір, екі, үшБойға жинап күш.Қолға қалам аламызСегіз санын,Әдемі етіп жазамыз.

(Ж) 8 саны қандай сандардың қосындысынан тұрады?

Сергіту сәті:

Қолға қалам алайын,Қанша сан бар жазайын.Қарап тұрмай, сандардыҚайта-қайта санайын.

Оқушылардың жылдам есептеу, мұқият болу, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында төменде берілген қызықты есептерді ауызша орындауды ұсынамын.

«Қызықты математика»Саянда болды 8 алмаСайданға берді 4 алма.Ойланып, кәне, көрейік -Саянда қалды қанша алма? 8 - 4 =4

Бәйгеге шықты жануарларАлға шықты бесеуі.Қосылды оған екеуіМәреге келді нешеуі? 5 +2=7Айманда болды бес алмұрт,Әселге берді екі алмұрт.Айманның қалды қолындаНеше алмұрт тез ойла? 5 - 2=3Сегіз қияр базарданСатып алды Сәлімжан.Бес қиярды алғандаҚанша қалды дорбада? 8 - 5

(Ж,Ұ) Оқушылардың аталған тақырып бойынша білім, білік дағдыларын тексеру мақсатында қалыптастырушы бағалау жұмысын орындауды тапсырамын.

Дереккөздер

Жіп, кір қысқыштар, 1 – ден 100 – ге дейінгі дөңгелек сандар қатары, 1 – ден 8 – ге дейін сандар.

Презентация, оқушылардың дұрыс жауаптарын берілетін жұлдызшалар немесе смайликер

Түрлі – түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар

Дидктикалық материал

Қалыптастырушы бағалау жұмысын Қосымша 2 таба аласыз.

5 минут

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта қандай ұғымдармен таныстық?

Алдарыңыздағы үйлер бейнеленген суреттерде өздеріңізді сол үйлердің қай қабатында сезінетіндеріңізді көрсетіңіздер.

Қосымша ақпарат.

Ажырату - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

  • Қабілетті оқушыларға 8 санының құрамына байланысты бос төркөздерге сурет бойынша өрнектер құрастыруды тапсырамын.
  • Топтық жұмыс барысында бақылау, берілген сұрақтарға жауап беру. 8 санының құрамына байланысты есептеулерде смайликтер, жұлдызшалар арқылы бағалаймын.
  • Дүниетану пәнімен байланысты презентацияда берілген тапсырмалармен байланыстырдым. Оқушыларды достыққа,бірлікке тәрбиелеуді тоопен, жұппен жұмыс барысында қарастырдым.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу