Ондықтармен санау «10 саны және цифры». Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 23.09.2015ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З | ||||||
Сынып: 1А | Қатысқандарсаны:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Ондықтармен санау «10 саны және цифры» | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | СШ1.3 | ||||||
Сабақ мақсаттары | 0-ден 100-ге дейін ондықпен санау | ||||||
Жетістік критерийлері | Қандай сандар бір таңбалы және екі таңбалы екенін түсінеді; 10 санының орнын сан түзуінде таба алады; 10 цифрын жаза алады. | ||||||
Тілдікмақсаттар | Біртаңбалы, екітаңбалы, реті, кезек-кезек, алдыңғы, сан түзуі, келесі, түсіпқалған сан, сан, цифр. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта бірлесіп жұмыс жасауға, ұжымшыл болуға төселе түседі | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Сынып оқушыларының цифрларды пернетақтадан тауып, жазу барысында АКТ пәнімен байланыс, ал күз жайлы әңгіме жүргізу барысы дүниетану пәнімен байланысты. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | 10 цифрын пернетақта арқылы жазып көреді | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды, цифр мен сан туралы білутәжірибесінесүйенеді | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Шаттық шеңбері. Қол алысып қане біз, Достасайық бәріміз. Қайырлы күн жер Ана! Қайырлы күн достарымСіздерді көргеніме қуаныштымын. Оқушылардың зейінін шоғырландыру; оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу Бүгін сабақта 10 саны нені білдіретінін, 10 санын алу жолдарын білетін боламыз. | ||||||
Сабақтыңортасы | (Ұ)Күз туралы әңгіме жүргізу. Мұнда егін, жеміс жинау науқаны туралы әңгімелесу. Сабақта жеміс жинайтынымыз туралы айту. 10 оқушыны тақтаға шығарып, соңғы оқушыға 2 алма беру.Қалған оқушылар қолын көтереді. Олар бақтағы алма ағаштары. -Қанша ағаштың жемісі жиналған? - барлығы қанша ағаш? Қанша алмағаштың жемісі жиналмаған? -10 санын қалай шығарып алуға болады? 10 санының басқа сандардан қандай айырмашылығы бар? 1 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0- бір таңбалы сандар. Қалай ойлайсыңдар? Неге олар бір таңбалы сандар деп аталады? (МК) 10 санымен жұмыс жүргізу. Слайд 2-3 Сан түзуіндегі сандарды санату.10 санының сан түзуіндегі орнын көрсету. Он саны- екі таңбалы сан.Ол екі цифрмен жазылады. Сан түзуінде 10 санының сол жағында бір таңбалы сандар, оң жағында екі таңбалы сандар орналасады. Тірек сөздермен таныстыру Он-десять-ten Екі таңбалы сан- двузначное число-two digit number Бір таңбалы сан- однозначное число- one digit number (Ұ)Суретте барлығы қанша сан бар? Слайд 4 Сандарды бір және екі таңбалы сандарға бөлу. (ТЖ) Қанша жеміс бар? Құрамы бес оқушыдан топ құру. Барлығы жемісті 10 данадан жинайтынын айту. 1-алша, 2-өрік, 3- алмұрт, 4-алма, 5-банан санап, 10-ға дейін толықтырады. (Ж) Шығарып көр Санды 10-ға дейін толықтыр. Сұрақ белгісінің орнына қандай санды қоямыз? Сергіту сәті Сергіту сәті:Аяқпенен топ, топ, топ,Алқымменен лоп-лоп-лоп,Бір оңға, бір солғаАйналайық кел мұнда!Қолымызды бір сілтеп,Басымызды шайқайық,Бір оңға, бір солғаОйнайықшы, кел мұнда!Секіреміз жоғары,Қиын емес секіру,Бір оңға, бір солға,Секірейік кел мұнда! (ӨТәж) Домино тастары арқылы 10 санын шығару Домино тасының екі жартысында да, нүктелер саны 10 болатындай етіп теріп алу керек.Мысалы 5 пен 5, 6 мен 4 т. с.с Дәптермен жұмыс. (31б)
Сан түзуінде 1-ден 10-ға дейінгі сандарды орналастыру. және 10 санының орнын табу.10 санын айналдыра қоршау.
Суреттегі берілген әр қаптағы көкөністі санау, содан кейін әр қаптағы көкөністің саны 10 болу үшін жетпей тұрған көкөністі салу. Сергіту сәті 1, 2, 3 ал қанеки ұш. 4, 5, 6, 7 анау ауыл шеті 8, 9, 10 ал қанеки қон. | ||||||
Сабақтың соңы | Қазір барлығымыз10 санына байланысты мультфильм көрейік. Мультфильм сендерге ұнады ма?
| Уроки Тетушки Совы - Арифметика Малышка. Цифра 10 https://www.youtube.com/watch?v=ujvtv5_-PLk | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Санауға, цифрлардыжазуғақиналатыноқушығадербесқолдаукөрсету. Қабілетіжоғарыоқушылардысанауғақиналатыноқушыменжұптастырыпсанаудытапсыру. | Оқушылардың қандай сандар бір таңбалы және екі таңбалы екенін түсінгендерін жауаптарына қарай, 10 санының орнын сан түзуінде таба алатынын; 10 цифрын жаза алатынын бақылау арқылы бағалау. Санауға киналатын оқушыларды жазып алу. | Сергіту сәттерін өткізу. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру