Заттарды санау. Реттік санау 4 саны.4 санының құрамы. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән:Математика 1А:Сандар мен цифрлар . Заттарды санау. Реттік санау 4 саны. 4 санының құрамы | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Турсынова Л.Д. | |||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы : Заттарды санау. Реттік санау 4 саны.4 санының құрамы | ||||
Ресурстар: |
| |||
Тірек сөздер | төрт. | |||
Сабақтың мақсаты: | 4 санының сандық сәуледегі орнымен, 4 санының мағынасы және құрамымен таныстыру; 4 цифрын жазуды үйрету. | |||
Сабаққа байланысты деректі материалдар | Сабаққа қатысты ескертпелер | |||
4 саны — натурал сан, ол натурал сандық сәуледегі 3 санынан кейін тұрады. Оқушыларды 4 санының құрамымен және оны алудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру. Сандық сәуледегі басқа сандармен 4 санын салыстыруға және 1, 2, 3 сандарымен байланысына, сандар қатарындағы 4 санынан оңға немесе солға орналасқан сандарға көңіл бөлу керек. Сонымен қатар 4 цифрын көркем жазуға үйрету қажет. Сабақты өткен тақырыптарды қайталаудан және оқушыларға мына жаттығуларды орындатудан бас-таған абзал:
| Оқушылардан тақтадағы және оқулықтағы сандық сәулеге қарауын сұраңыз. Санаған кезде 3-тен кейін қай сан болатынын сұраңыз. Оларға алғашында 3 қарындаш алуды, одан кейін 1 қарындаш алуды ұсыныңыз. Неше қарындаш болғанын және 1, 2, 3 сандары 4 санынан артық не кемдігін сұраңыз. 4 санын қалай алуға болатынын сұраңыз. 4 санының құрамына байланысты мына ойынды ойнатыңыз: тақтаға 4 оқушы (екі ұл және бірінің шашы ұзын, екіншісінікі қысқа екі қыз шыққаны дұрыс) шығады. Тақтаның алдына шыққан оқушылардан әртүрлі тәсілдермен топтарға бөлінуін сұраңыз және әр топтағы баланы санатып отырыңыз. Соңынан оларға құрылған топтарға байланысты 4-ті қалай алуға болатыны туралы қорытынды жасатыңыз. Қай үй жануарларының 4 аяғы бар? Айтып бер. Оқушылар суретке мұқият қарап, сұрақтарға жауап беруі тиіс. Жауабы: ат, қой, ешкі. Қандай сандар түсіп қалған? Тапсырманы орындауға неғұрлым көп оқушыны белсенді түрде араластыруға тырысыңыз. Жауап беруге қиналған оқушыларға санау таяқшасының орнына қарындаштар қолдануды ұсыныңыз. Жауабы: бірінші шие: 3; екінші шие: 2; үшінші шие: 1. Сандарды салыстыр. Оқушыларға өрнектерді жұппен салыстырып айтуды ұсыныңыз. “Артық”, “кем” және “тең” сөздерін дұрыс қолдануларын бақылаңыз. Жауабы: 4> 12 < 4 3< 44 = 4 Түсіп қалған сандарды ата. Сандық сәулеге сүйене отырып, жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Жауабы: түсіп қалған сандар: а) 4; ә) 3, 1; б) 1, 3; в) 4, 2. Шығарып көр. Оқушылардың суретке мұқият қарап, сұрақтарға жауап беруін ұйымдастырыңыз. Қоянда неше ақ көжек бар? Неше қара? Барлығы неше көжек бар? Соңғы сұраққа жауап беру үшін көжектерді санап шығуды сұраңыз. Жауабы: 4 көжек. Сана. Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Біреуі сұрақ қояды, ал екіншісі ол сұрақтарға жауап береді. Оларға мынадай жұмысты мысал ретінде көрсетіңіз. Бірінші топтамадағы суреттер бойынша сұрақтар қойыңыз да, жауабын тыңдаңыз. Неше қоңыр тауық бар? (3) Неше ақ тауық бар? (1) Егер 3-ке 1-ді қосса қанша болады? (4) Оқушылар қалған суреттер бойынша жұппен жұмыс жасайды. Жұптардың жұмыстарын байқаңыз. Содан кейін олардан 4 санын қалай алғаны туралы айтып беруді сұраңыз. Орындап көр. Оқушыларға “Ең байқағыш оқушы” ойынын ойнауды ұсынамын. Оқушылар өз орындығының, көршісінің орындығының аяғын, тағы сол сияқты сыныптағы саны 4 болатын басқа заттарды тез табуы керек. Жауаптар нұсқасы: төрт шкаф, төрт қабырға, төрт фломастер т.с.с. | |||
| Қосымша тапсырмалар | |||
Оқушылармен зейінді дамытуға бағытталған ойын ойнаңыз. Жүргізуші қандай қимыл жасау қажет екенін айтып, 1, 2, 3 немесе 4 сандары жазылған парақшаларды көрсетеді. Оқушылар парақшада қандай сан болса, қимылды сонша рет жасайды. Мысалы, жүргізуші “шапалақ” сөзін айтып, 4 санын көрсетсе, олар 4 рет алақандарын шапалақтауы керек. Тірек сөз жазылған парақшаны “Сөз қабырғасына” орналастырыңыз. | Төрт гүлдің суретін сал. Оқушылар 4 санын осы санды білдіретін заттар санымен сәйкестендіруi керек және сәйкес мөлшерді өз бетінше елестетіп үйренуi тиіс. Төртінші тұрған жануардың суретін боя. Тапсырма санау дағдысын дамыту және басқа сандар қатарында 4 санының ретін ерекшелеуге бағытталған. Алдымен жануарларды ретімен санап шығып, төртінші тұрған жануарды анықтау керек. Жауабы: бұзауды бояйды. Заттарды топтарға бөл. Оқушы қарындашпен қоршау немесе сызықтармен қосу арқылы жануар-ларды топқа біріктіруді өз бетінше орындайды. Сондықтан нұсқаулықта жануарларды қалай бірік-тіру керектігі көрсетілмеген. 4саныналуүшінқажеттісандыжаз. Тапсырмада оқушылар 4 санының құрамы туралы білімдерін және оны алудың әртүрлі жолдарын табу дағдыларын қолданады. Егер оқушылар қиналатын болса, санау таяқшасы ретінде қарындашты қол-дануға болатынын ескертіңіз. Жауабы: бірінші қарындаш: 1; екінші қарындаш: 1, 1, 1; үшінші қарындаш: 2. | |||
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
Сабақта өткен материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қойыңыз: — Сандық сәуледе 4 саны қай жерде орналасқан? — 4 цифры неше затты білдіреді? (парақшадан 4 цифрын көрсетіңіз). — 4 цифрының құрамын көрсететін ойын ұйымдастырыңыз: оқушыларға сандар жазылған парақшаларды көрсетіңіз, олар сіз көрсеткен санды 4-ке толтыру үшін қажетті санды парақшадан көрсету керек. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру