Сандардың орны қайда? Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар №3
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1A – Сан туралы ұғым | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 2.09.2015ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Сандардың орны қайда? | ||||||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.2 100-ге дейін санау, натурал сандар қатарында санның орнын анықтау | ||||||
Сабақ мақсаттары | 100-ге дейін санау. Натурал сандар қатарындағы орнын анықтау | ||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар сан түзуіндегі санның орнын таба алады; алдыңғы және келесі сандарды атай біледі. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: сан түзуі, түсіп қалған сан, алдыңғы, келесі сан, шын құмыра, домино тастары сөз тіркестерін қолдана алады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сынып ұжымын қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Сынып оқушылары өздерінің түймелерін санау барысында саусақ сандарын санау барысында «Ғылымға кіріспе» пәнімен байланыс жүзеге асады, өзара сұрақ қою барысында «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнімен байланыс орнайды. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сандарды пернетақта арқылы жазып көреді | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы |
Ертеңгілік шеңбер Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды. Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін!
| ||||||
Сабақтың ортасы
| (Ұ) Ауызша санау.
Өзінің түймесін санау (МК) Жіпті сынып бөлмесіне бір қабырғадан екінші қабырғаға дейін жететіндей етіп алдын ала керіп қою. Жіп байлаған қабырғадан белгілі бір жерге дейінгі қашықтыққа қыстырғыштың көмегімен «1» саны жазылған карточканы қыстыру.
Сәйкес сандары бар карточкаларды біртіндеп қыстыру. -Бұлардан кейін тұратын сандарды осындай ретпен орналастыруға болады. Сөйтіп сан түзуі пайда болады. Сан түзуінде сандар рет-ретімен орналасады және арақашықтары бірдей болады. Натурал сандар қатарындағы санның әрқайсысының өзіне сәйкес орны бар. (Ж, Ө) Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға оқулықтағы доминоның суретін қарауды ұсыну.
(Ұ) «Көрші» ойыны. -Бұл сан 5 пен 7 арасында тұр, оны ата. Жіппен жасалған түзудің бөлігін оқулықта берілген түзумен салыстыруды ұсыну. - Қандай сандар түсіп қалған. Көзге арналған жаттығуды орындату. (Ө) Жұптастырып, 13 беттегі суретті қарауды ұсыну. -Барлық құмыра ретімен тұру үшін қайсысыларының орнын ауыстыру керек? Дәптермен жұмыс Доминоның тастарын реті бойынша сызықтармен жалғастыр. 1.Әрбір көкөністі санап шық. Шыққан санды тауып, тиісті көкөніспен сызық арқылы қос. 2. Санды сан түзуіндегі сәйкес нүктемен қос. | Домино тастары бар сурет Жіп, қыстырғыш. | |||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылардың сабақ тақырыбын қаншалықты түсінгенін бағалау үшін сұрақтар қою.
- Алина, қазір қанша жастасың? Алдыңғы жылы неше жаста болдың? | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Домино тастарын оқулықта көрсетілген ретпен орналастыруға қиналатын, санауға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету. | Оқушылар сан түзуіндегі санның орнын таба алатындарын; алдыңғы және келесі сандарды атай алатынын сұраққа жауап беруіне байланысты бақылап бағалау. | Сергіту сәтінде көзге арналған жаттығуды өткізу. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру