Бірлігі жарасқан ел. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: А.Ж. Копеев

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Бірлігі жарасқан ел

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.

5.ТБ1.4. Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Жазба жұмысында есімдіктерді қолдануды үйренеді, ресми стильдің ерекшелігін сақтай отырып, хат жазады.

Барлық оқушылар:

Мәтіннен есімдіктерді таба алады.

Көптеген оқушылар:

Хат жаза алады.

Кейбір оқушылар:

Өзіндік стильде жаза алады

Бағалау критерийлері

  • мәтіннен жіктеу, сілтеу есімдіктерін таба алады;
  • хат жаза алады;
  • хат жазу кезінде есімдіктерді қолданады.

Дескриптор

  • хат жөнінде сұрақтарға жауап береді;
  • тиісті орындарға есімдік сөздерді қояды;
  • хаттың жазылу стилін сақтайдыы;
  • мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.

Тілдік міндеттер

Өрен, тату-тәтті, сұрапыл соғыс, шаңырақ, мәжбүр ету, бауырмал, құшақ жая қарсы алу, тағдыр, игі іс, тірек және т.б.

Құндылықтар

Отанын сүю, сыйластық

Осыған дейін меңгерілген білім

Ырыс алды – ынтымақ

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

 Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім оқушыларға суретті көрсетіп, сұрақтар қояды.

  • Бұл не?
  • Адамдар оны не үшін пайдаланады?
  • Хатты қалай жібереміз?
  • Қазіргі күні хатты не арқылы жіберуге болады?
  • Сіз кімдерге хат жазасыз?

 Мұғалім шәкірттерді оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.

Слайд №1-2

Сабақтың ортасы

10 мин

20 мин

Мағынаны тану.

  •  Бос орынға қарамен берілген сөздерді тиісті орнына қойыңыз. Асты сызылған сөздердің қолданылу ерекшелігін назар аударыңыз.

Мен, сіздердің, біз, осы, менің, біздің, оларды, оның, олар

Құрметті соғыс ардагерлері!

..... Қазақстан елінің жас өренімін! Бүгінде Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бір кезде сұрапыл соғыс .... адамдарды қазақ жеріне әкеліп, бір шаңырақтың астында өмір сүруге мәжбүр етті. Бауырмал қазақ халқы .... құшақ жая қарсы алып, мейрімділік танытты.

Мен жуырда Зигфрид есімді бала туралы шығарма оқыдым. ....... басынан өткен оқиғалар маған қатты әсер етті. Онда соғыстан кейінгі балалардың тағдыры бейнеленген. Осыдан соң еліміздегі барлық балалардың бақытты екеніне .... көзім жетті, себебі .... бейбітшілікте өмір сүруде.

Болашақта мен елімнің үлкен азаматы болып өсетініме сенімдімін. Себебі мемлекетіміз .... үшін көп игі істер жасауда. Жақсы білім алып, еліміздің тірегі болу .... парызымыз. Біз .... үміттеріңізді ақтау керекпіз.

2. Есімдіктерді қолдана отырып, шетелдегі досыңызға Қазақстан еліндегі ұлттар бірлігі туралы хат жазыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Хаттың стилін сақтай отырып жазады
  • Хатта есімдіктерді қолданады
  • Сөз саны: 40-50

Қима қағаз

Қима қағаз

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Сабақтың аяғында мұғалім оқушылармен рефлексия жүргізеді.

Слайд №3

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Оқушының барлығы мәтіннен есімдіктерді таба алады..

Оқушылардың көбісі хат жаза алады.

Кейбіреулері өзіндік стильде жаза алады.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, география.

Отбасы құндылықтары.

Отан – отбасынан басталады.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады. Оқушылар отбасындағы қандай заманауи дәстүр мен мерекелерді енгізуге/өзгертуге болады деген сұрақ төңірегінде ойланады.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Мәтіннен есімдіктерді таба алды.

2. Хаттың жазылу ерекшелігін түсіндірді.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Сөздік қорларын дамыту

2. Хат стилін терең меңгеру.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Оқушыларға сабақта қажет болатын сөздердің тізімін жасау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.