Дастархан басындағы әдептілік. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлімі: | 1-бөлім: Денсаулық – зор байлық. | Мектеп:
|
| |||||||||||||||||||
Күні: |
| Мұғалімнің аты-жөні: |
| |||||||||||||||||||
Сынып: | 5 Т2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Дастархан басындағы әдептілік | |||||||||||||||||||||
Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме) | А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті. Т3. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
| |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | А2. Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану. Т3. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну. | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | дастарқан басындағы этикет ережелерін біледі; тұрмыста жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді. | |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | сабақ барысында ұлттық этикет формаларын пайдаланады: төрлетіңіз, астан алыңыз, дастарқан басына келіңіз, амансыз ба | |||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік, құрмет | |||||||||||||||||||||
АКТ дағдысын қолдану | Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады | |||||||||||||||||||||
Өмірмен байланыс | Амандасудың, дастарқан басындағы әдептіліктің маңыздылығын ұғындыру. | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | өзін-өзі тану | |||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | ТБ2. Сөйлем. | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Қызығушылықты ояту. Оқушылар «Дастарқан» әнін тыңдап, сабақтың тақырыбына болжам жасайды. Бірге қосылып ән айтады.
Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. | https://www.youtube.com/watch?v=zAz3JB76pMU «Дастарқан» әні /2:15 мин/ караоке
| ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут Рефлексия 5 минут | Мағынаны тану кезеңі. Тыңдалым алды тапсырма (5 мин.) Ж Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Оқушыларға таратпа қағаз үлестіріледі. Сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп, ауызша дыбыстап айтады.
А Ә Б
В Г Дұрыс жауап: 1-б, 2-в, 3-г, 4-ә, 5-а. Мұғалім сыныпты аралап, оқушылардың сөз тіркестерді дыбыстап жатқанын тыңдап, қажет болған жағдайда, бағыт-бағдар береді. Оқушылар бір-бірін тексереді.
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті. 2. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені. Тыңдалым тапсырмасы (5 мин) ЖЖ Оқушылар «Дастарқан басындағы әдептілік» мультфильмінен 2:40-3:40 минут аралығындағы үзіндіні тамашалайды. Мұғалім алдын-ала бейнематериалды не үшін қарап, тыңдайтынын айтып кетеді. Оқушылар тыңдап отырып берілген 3 сұраққа жауап белгілейді.
а) сөйлесуге болмайдыә) асығуға болмайдыб) күлуге болмайды 2. Мәдениеттіліктің белгісі – а) көңілді отыруә) қатты сөйлеуб) дұрыс отырып, тұру 3. Мәденнетті - а) таза, ұқыпты, білімді, ақылдыә) тәрбиелі, өнегеліб) білімді, жеңімпаз Дұрыс жауап: 1-ә, 2-б, 3-а. Оқушылар жауаптарын дұрыс жауаппен салыстырады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма (15 мин.) ТЖ Дубляж жасау - диалог құру Оқушылар топта мультфильмнің үзіндісіне дубляж жасайды. Оқушылар тыңдалым алды тапсырмасындағы сөздерді қолдану арқылы бейнематериалды дыбыстайды.
Әр топқа бейнематериалдан скриншот арқылы жасалған суреттер үлестіруге болады. Оқушылар топта өзара рөлдерді бөліп, дайындалады. Әр топта тайм-менеджер уақытты қадағалап отырады. Топтар сынып алдына шығып, дыбыссыз қосылған мультфильмдегі үзіндідегі кейіпкерлерді дыбыстап, сөйлетеді. Мұғалім алдын ала қай топ кімді бағалайтынын айтып кетуі керек. Әр топтың жұмысын бағалау критерийге сай бағалайды.
(оқушылар жұмысты бағалау критерийлерін өздері құрастыруы мүмкін)
Бірін-бірі бағалау. Рефлексия (5 мин). "5 минуттық жазу" стратегиясы арқылы оқушылар меңгерген білімдерін жинақтап жазады. Жребий арқылы оқушылар рефлексия жасайды.
Төмендегі сұрақтарды қолдау ретінде ұсыныға болады. -Не білдім, не үйрендім? -Бұл не үшін керек? - Оның қолданысы қандай? -Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын? -Тағы да не білгім келеді?
Мұғалімнің кері байланысы. Үй тапсырмасы: «Дастарқан басында нені ескеру қажет?» тақырыбында шағын эссе жазу. | таратпа қағаз https://kaztube.kz/video/216841 Али мен Айя «Дастарқан басындағы әдептілік» м/ф үзінді(2:40-3:40) https://kaztube.kz/video/216841 Али мен Айя «Дастарқан басындағы әдептілік» м/ф үзінді(2:40-3:40)
| ||||||||||||||||||||
Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын? | Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме? Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге? | ||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру