Табиғатты қорғау туралы оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

ӘБ жетекшісі Баримбекова А.Н.

Қысқа мерзім жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Қоршаған ортаны қорғау»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердибаева А.М.,Кушерова Л.К.,

Күні: 28.02.2018

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Табиғатты қорғау туралы оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

4.3.3.1 мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Көптеген оқушылар: мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Кейбір оқушылар: мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, өз ойын дәлелдейді, көркемдегіш құралдарды анықтайды(теңеу).

Бағалау критерийлері

Мәтіннің жанрын ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Күні жоқ - өмір сүре алмайды

Нұрға бөленді -шуақ, сәуле шашылды

Көркейеді- әдеміленеді, құлпырады

Босату-жіберу

Үні сияқты -даусына ұқсайды

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны аялай білу, судың қадірін білу

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

Табиғатты қорғауға қатысты шараларға белсене қатысып, өзіндік үлес қосуға ұмтылады.

Пәнаралық байланыс

дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Су - өмірдің өзегі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

Мен достарыма не тілеймін?

Мен достарымның ..... болғанын қалаймын. Шеңберде тұрған оқушылар үлгі бойынша бір тілектен айтып шығады.

Үй тапсырмасын тексеру:

«Бұлақ қайда барасың?» өлеңін оқып, жанрын, идеясын анықтау

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндердің жанрын және түрін анықтаймын.

Сабақтың ортасы

32 минут

(МК) Сөздік жұмысы

Күні жоқ - өмір сүре алмайды

Нұрға бөленді -шуақ, сәуле шашылды

Көркейеді- әдеміленеді, құлпырады

Тыным жоқ -демалмайды, тыныш отырмайды

)Жанр ерекшеліктерін қайталау

) «Анықтайық» Оқушылар жұпта берілген мәтіндердің жанрлық ерекшелігін ажыратады, өз ойларын дәлелдейді.(2 жұпқа өлең, 2 жұпқа мақал, 2 жұпқа әңгіме беріледі)

Жұптарға жанрлық ерекшелікті көрсететін сөздер мен сөз орамдары ұсынылады. Оқушылар солардың ішінен өзіне берілген жанрға қатыстыларын іріктеп алып, дәлелдеу барысында қолданады.

Деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыру (дифференциация).

Алдын- ала дескрипторды ұсыну

Дескриптор:

  • Мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.
  • Мәтіннің идеясын анықтайды.

Өлең

Дала нұрға бөленді.Бізге тағы жоқ тыным.Отырғызам мен ендіКөшеттердің көп түрін.Шөлдегенде суарам,Қопсытамын түбін де.Көркейеді бұл алаңКүндердің бір күнінде.

Сөздік

Нұрға бөленді -шуақ, сәуле шашылды

Жоқ тыным - тыныш отырмаймыз

Шөлдеу-су ішкісі келу

Көркейеді- әдеміленеді

Мақалдар

Адамның табиғатсыз күні жоқ,Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.

Табиғат жер байлығы,

Батырлар ел байлығы.

Сөздік:

Күні жоқ -өмір сүре алмайды

Тілі жоқ ол адам емес, айта алмайды, сөйлей алмайды

Әңгіме

Аққу

Көктемде өзен жағалауына аққулар ұшып келеді. Мен далаға шығып, аққудың сыбызғы үні сияқты даусын тыңдаймын.

Таңертең ерте оянып, далаға шықтым. Өзенге қарай бардым. Өзеннің жағасында бір аққуды көрдім. Оның аяғына қармақ кіріп кетіпті. Аққу қанатымен су сабалап, сыңсыды. Оның аяғы қатты ауырған сияқты. Мен оның аяғынан ұстап, қармақтан босаттым. Аққу маған рақмет айтқандай, бір рет даусын қатты шығарып, өзінің тобына қосылды.

Сөздік:

Босату-жіберу

Үні сияқты-даусына ұқсайды

Қармақ-балық аулайтын зат

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- тапсырманы орындау қиын болған жоқ.

- тапсырманы орындау аздап қиын болды.

- тапсырманы орындау қиын болды.

Жұптардың жауаптарын тыңдау және бағалау

«Табиғат» сөзіне «Бес жолды өлең» құру

Сабақты бекіту

  • Табиғатты қорғау неліктен маңызды?
  • Табиғатты қорғауға сен қандай үлес қоса аласың?

Balakai.kz

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы:

Табиғатты қорғауға байланысты әңгіме жазу

Рефлексия

Бүгін сабақта не үйрендің?

Не қиын болды?

Тағы не білгің келеді?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық бағалау.

Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу