Мереке құтты болсын! №3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып («Көкжиек» оқулығы бойынша)
8-бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
3-сабақ «Мереке құтты болсын!»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Сабақта ұстанатын қағидалар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Сөздердің қолданысын анықта» әдісі арқылы сөздік қорды белсендіру көзделеді. Оқушыларға алдын ала даярланған қағазға немесе тақтада сөздерді көрсетіңіз. Оқушылар сөздердің қашан және қай жерде айтылатынын (қолданатынын) анықтайды;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздердің мағыналарын сурет арқылы дамытылады, мағынасы жақын сөздермен бекітіңіз.
Қолдану ерекшеліктерін көрсету:
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
Есте сақтаңыз:
Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.
Теориялық бөлім:
Алдымен жіктік жалғауларды қайталап, оқушылар сөзді ауызша немесе жазбаша орындайды.
Практикалық бөлім:
Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.
- Оқушыларға аудионы екі рет тыңдатыңыз. Бірінші рет тыңдаған кезде түсінбеген сөздерді түртіп алады. Екінші рет тыңдағанда, оқушы нақты тапсырманы орындауға кіріседі. Оқушының тыңдалым мәтінін түсінуіне назар аударып, сұрақтарға дұрыс жауап беруін ескеріңіз.
- Тыңдалымнан кейін мәтінді мұқият оқып, қимылды білдіретін сөздердің астын сызады. Белгілеген сөзді сұрақ қою арқылы дәлелдейді. Мәтін мазмұнын өз сөзімен әңгімелеу (Мәтінді өз сөзімен айтып берші) немесе сұрақ қою (Бұл мәтін не туралы?) арқылы бекітіңіз;
- Білімдерін жинақтау мақсатымен оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Оқушылар сурет арқылы сұраққа жауап береді, әңгімелейді. Үдеріске барлығын қатыстыру үшін рөлдерге бөліңіз. Зерттеуші (тірек сөздер), бағалаушы (басқа топтың жұмыс барысын бақылайды, бағалайды), қорғаушы (суретті әңгімелейді), қадағалаушы (топ лидері, уақыт, тапсырманың орындалуы қадағалайды);
- Соңғы тапсырманы жұптасып орындайды, оқушылар берілген сұрақтарға толық жауап іздеп, диалог құрастырады. Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз. Оқушыларды қабілетіне қарай жұптастырыңыз (орташа және жоғары, сұхбаттысының жауабын толықтыру үшін). Жұптар қолшапалақ ұру арқылы бағалайды.
- Қосымша ақпарат:
Қысқа мерзімді сабақ жоспарында тапсырмалардың реттілігі оқулықтағы реттілікпен (кейібірі) сәйкес келмейді, сондықтан «ресурс» бөлігіне назар аударыңыз, ол жерде «Көкжиек» оқулығы, беті, тапсырмасы деп нақты көрсетілген.
- Шартты белгілер:
Қысқа мерзімді сабақ жоспарында «қанат білгісі V» тапсырманы орындаған кезде оқушыға көмек ретінде берілген (назар аудару, бағыт беру). Бұл белгіні дескриптормен шатастырмаңыз.
- Бағалау:
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде қолданады. Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады.
- Кері байланыс
Оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.
- Рефлексия
Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.
«Нысана» тәсілі арқылы оқушылар меңгерген білімін бағалайды, өзіндік түсінік береді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру