Суды үнемде. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,
авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)
7-бөлім: Су – тіршілік көзі
3-сабақ «Суды үнемде»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және тілдік нормаларды қолдану дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Сабақта ұстанатын қағидалар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
- Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
- Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады. Оқушылардың белсенді қатысуымен қимыл-қозғалысына келтіріп, сабаққа деген құлшынысын оятудан бастау алады.
- Сынып оқушылары санамақ арқылы топқа топтастырылып, жұп және тақ сандар болып екі топқа бөлінеді. Екі топтың қатысуымен «Адасқан әріптер» ойыны жүргізіледі. Сынып оқушыларының бірлесе жұмыс жасауына мүмкіндік бере отырып, ынтымақтастық атмосферасын орнатуға болады.
- Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізілу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
- Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздерді меңгерту:
- Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
- Сынып оқушылары сөздерді қажетті суретке орналастырып, әрі сөздердің мағынасын түсіне отырып, сөйлем құрастыра аласыз. Тапсырманы орындауына байланысты «Мадақ сөздер» арқылы кері байланыс жүргізіледі.
- Сабақ барысында жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын бақылауда ұстауды ұмытпаңыз .
Оқылым мен тілдік нормаларды қалыптастыру
- Шағын мәтінді оқи отырып, мәтін мазмұнының негізгі ойын түсінгендігіне назар аударыңыз. Оқушылардың мәтін мазмұнын игеруіне байланысты «Шапалақ» әдісі арқылы кері байланыс орындалады.
- Тапсырманы орындағаннан кейін кері байланыс беруді ұмытпаңыз.
- Оқулықтағы тапсырманы орындау барысында қажетті сөздердің дұрыс қойып жазуы мен сауаттылығына көңіл бөлуді естен шығармаңыз. Тапсырманы орындауына байланысты «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.
- Сынып оқушыларының суретті пайдалана отырып, жай немесе құрмалас сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жазуын қадағалауды ұмытпаңыз.
- Жұптық жұмыс барысында жетекші сұрақтарға жауап беруде қажетті сөздерді тиімді қолдана алуына бағыт-бағдар бере отырыңыз. Мұғалім «Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс береді.
- Оқушылардың тапсырма негізінде шығармашылық қабілетін ұштай алуына мүмкіндік беріңіз.
- Сынып оқушыларының сабақ соңында «Чемодан, еттартқыш, себет» арқылы рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.