Өзен және көл. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
2-сабақ «Өзен және көл»
Ойын: «Аустралия жаңбыры»
- Аустралияда жел көтерілді
(оқушылар екі қолын көтеріп, қолдарын сермейді);
- Жаңбыр тамшылады
(оқушылар саусақтарының ұштарын соғады);
- Жаңбыр қатты құйды
(оқушылар білегін сабалайды)
- Бұршақ жауды
(оқушылар санын шапалақтайды);
- Жаңбыр сіркіреді
(оқушылар білегін сабалайды)
- Жаңбыр тамшылары азайды
(оқушылар саусақтарының ұштарын соғады).
Сөздікке қажетті суреттер:
Көл | Ұқсастығы | Өзен |
Айырмашылығы | Айырмашылығы |
- Бірінші топ, өзен және көлдің суреттерін салады, астына олардың атауларын жазады (дүниетану сабағымен байланыстыру);
- Екінші топ, ВЕНН диаграммасын пайдаланып, салыстырады;
- Үшінші топ, дайын суреттерді сөйлем арқылы салыстырады;
1-тапсырма:
(Ұ) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, берілген мәтінді қатесіз көшіріп жаз.
Шарты:
Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жаз.
…………………………. 85 мың өзен бар. Ең ұзын …………… – Ертіс өзені. 48 мыңнан астам …………….. бар. Ең терең көл – ………………………. . Ең суы ………….. көл – Марқакөл.
Қажетті сөздер: Қазақстанда, өзен, көлдері, Балқаш көлі, тұщы.
2-тапсырма:
(Ж) Берілген сөздерді тиісті сұрақтың астына жаз.
Сөздер: ұзын, терең, көл, мөлдір, таза, ағады, үлкен, ащы, тұщы, тайыз, лай, тұнық, өзен, су, тасиды, ішеді.
Кім? Не? | Қандай? | Не істейді? |
Дескриптор
- сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру