7-сабақ. Қағаздан ойыншық жасадық. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Сейтбекова А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

7-сабақ. Қағаздан ойыншық жасадық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

3.​2.​6.​1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

Сабақ мақсаттары

  • Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
  • Тыңдаған мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндау.
  • Жаңа сөздерді дұрыс жазу және айту.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінді тірек сөздердің көмегімен мазмұндайды, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айтады.

Оқушылардың кейбірі: жағдаятқа қатысты өз кеңестерін айтады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • Сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады.
  • Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айтады.

Лексикалық минимум

қылқалам, өрнек, ою, бояу

Грамматикалық минимум

Тәуелдік жалғау

Құндылықтарды дарыту

Іскерлікке, шеберлікке, қамқорлыққа баулу.

Пәнаралық байланыстар

Еңбекке баулу

АКТ қолдану дағдылары

Аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Қағаздан ойыншық жасадық

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау. Оқушыларға парақтар таратылады. Параққа өткен сабақ бойынша естерінде қалған тірек сөздерді жазады. Өткен сабақ бойынша өткен сөздерді қайталау үшін келесі тапсырма орындалады.

Нұрлан қағаздан

_________________

жасады.

Айгерім қағаздан

жасады.

Әлібек қағаздан

жасады.

Сабақ мақсатымен таныстыру

  • Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
  • Тыңдаған мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндау
  • Жаңа сөздерді дұрыс жазу және айту.

 

Сабақтың ортасы

(МК)Тыңдалым. Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздермен таныстыру.

гүлдің күлтесі

гүлдің сабағы мен жапырағы

Қандай гүл?

(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.

Сабақ+ы

сабағы

Жапырақ+ы

жапырағы

(Ө) Тыңдалым. Мәтінді 2 рет тыңдайды.

(Т) Мәтін бойынша сұрақтарға топ болып жауап іздейді.

  • Әнел гүлді неден жасады?
  • Алдымен не істеді?
  • Гүлдің күлтесін қандай түске бояды?
  • Жапырағы мен сабағын қандай түске бояды?
  • Гүлдің күлтесі мен жапырағын немен жапсырды?
  • Әнелдің гүлі қандай болды?

Топтар жауап жазған соң, басқа топтармен жұмыстарын ауысады. Бір-бірінің жауаптарын тексеріп, сынып болып талқылайды. «Пайыздық көрсеткіш» әдісімен бағалайды.

) Жазылым. Мәтіндегі оқиғалардың ретін анықтайды.

Сөйлемдер

Оқиға реті

(1,2,3 ...)

Әнелдің гүлі әдемі болды.

Сөйтіп, гүлдің күлтесі, жапырағын, сабағын желіммен жапсырды.

Содан соң, гүлдің күлтесін қызылға, жапырағы мен сабағын жасылға бояды

Әнел қағаздан гүл жасады

Алдымен, қағазға гүлдің күлтесін, жапырағын, сабағын салды.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, тақтадан дұрыс жауаптары көрсетіледі. Топтар өз жұмыстарын тексеріп, «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.

(Т) Топта бірлесіп, тыңдаған мәтіннің мазмұнын шеңбер бойымен айтады. Тірек сөздер беріледі.

Гүлдің күлтесі, жапырақ, алдымен, содан соң, желім, қайшы, салады, бояйды, жапсырады.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.

Дескрипторлар:

  • сұрақтарға жауап береді;
  • оқиғаның ретін сақтайды;
  • сөйлем құрылымын сақтап, мазмұндайды.

Сергіту сәті. «Гүлмен тілек» әдісі. Оқушыларға гүл суреттері таратылады. Оқушылар гүл суреттерінің артына бір-бірінің отбасыларына арнап жақсы тілектер жазады. Сол тілектерін жеткізу арқылы ортада жағымды ахуал қалыптастырады.

(Ө) Айтылым. Жағдаятты түсініп оқиды.

Інің қағаздан кеме жасап беруіңді сұрайды. Бірақ сен қағаздан кеме жасай алмайсың. Оған қандай кеме жасап бересің? Не істейсің?

Қай нұсқаны таңдайсың?

Бірінші нұсқа

Екінші нұсқа

Өз нұсқаң

Ініме қағаздан басқа ойыншық жасаймын. Ініммен бірге ойнаймын.

Ініме кеменің суретін салып беремін. Кеменің суретін қылқаламмен бірге бояймыз.

_________________________________________________________________

Дескрипторлар:

  • жағдаятқа қатысты кейіпкерге кеңес береді;
  • өз ойына дәлелді пікір айтады;
  • тірек сөздерді орынды пайдаланады;
  • тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.

(Ұ) Жазылым. Еске түсірейік. Берілген сөздерді қай әріппен жазамыз.

Қылғалам

Қолөнөр

Бойаұу

ойұу

өрнөк

қыйұу

  • сөздің айтылуына байланысты әріпті анықтайды;
  • сөздерді дұрыс айтады;
  • сөздерді дұрыс жазады.

Тақтадағы дұрыс жауапты қарап, өзін-өзі тексереді.

 

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: Сөздерді пайдаланып, мәтін құрайды.

Ойыншық, қағаз, қию, қылқалам, бояу, шебер, дос, қолөнер үйірмесі, ілу, өрнек.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.