Уақыт туралы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
1-сабақ «Уақыт туралы»
Сабақ тақырыбы: Уақыт туралы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
Қызығушылықты ояту
- Жұмбақты мәнерлеп оқы. Жауабын айт.
Сартылдайды күнімен,
Сартылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен.
- Сурет арқылы сабақтың тақырыбын болжа.
Қолдау сөздер
Уақыт – кезең, мезгіл
сағат – уақыт өлшемі, көрсеткіші
1-тапсырма: (Т) Суретті ретімен орналастыр. Әңгімеле.
- Тірек сөздерді жаз.
Сергіту сәті
Таңертең – оянамыз, жуынамыз.Күндіз – ойнаймыз секіреміз.Кешке – мектептен ораламыз, теледидар көреміз.Түнде - ұйықтаймыз.
2-тапсырма: (ЖЖ) Мәтінді оқы. Кестені толтыр.
Уақытты сағатпен өлшейміз. Бір сағатта алпыс минут бар. Бір минутта алпыс секунд бар. Ертеде алғашқы сағаттар Қытай елінде пайда болған. Қазіргі кезде сағат түрлері көп. Мысалы, күн сағаты, құм сағаты, жар сағаты, қол сағаты. Сағат арқылы уақытты дәл айтуға болады.
Атауы | Тарихы | Түрлері | Пайдасы | Қосымша ақпарат |
- Кестеге қарап мазмұнын айт.
3-тапсырма: (Ж) Мәтін бойынша сұрақ қой. Етістіктің бұрынғы өткен шақ формуласын қолдан.
Қолданатын сұрақтар: қандай? қай? қашан? қайда?
Үлгі: Ертеде қандай сағат түрлері болған?
Дескриптор:
- мәтінге қатысты сұрақтар құрастырады;
- сөйлемдерді бұрынғы өткен шақта қолданады.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.