Құстар- біздің досымыз №7. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы: Құстар- біздің досымыз №7
Сабақтың мақсаты:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабаққа қажетті құралдар: сөйлеу қабырғалары (суретті сөздік, ірі әріптермен жазылған тірек сөздер), кеспе қағаздар, аудиомәтін,ақ парақтар, фломастер
Сабақты жоспарлау
Үй тапсырмасын тексеру. “Таңдамалы тексеру” әдісін қолдануыңызға болады. Үй тапсырмасын сұрау әдістерін түрлендіріп отырған дұрыс. Оқушылар белсене қатысатын және сабақтың көп уақытын алмайтын әдістерді қолдануға тырысыңыз. Оқушылардың жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексеріңіз. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді. Ол үшін дәптерлерін жинап алып, үстел үстіне қойыңыз. Көзіңізді жұмып, 3-4 дәптер таңдап алыңыз. Сол оқушы тақтаға шығып, жұмысымен таныстырады. Қалған оқушылар пікір айту арқылы немесе «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Жаңа сөздерді меңгерту.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырғаннан кейін, жаңа сөздерді меңгертіңіз. Бұл сабақта жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы және «қорғайды» сөзін түсінік беру арқылы, мысалдар келтіру арқылы меңгерте аласыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз.
Оқушылардың лексикалық минимум сөздерді қолдануларын бақылап отырыңыз, қажет болған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетіңіз.
Тыңдалымалды тапсырма. Егер тыңдалым мәтінінде таныс емес сөздер болса, түсінік беріп кетіңіз. Тыңдалым не туралы екенін сұрақтар қою арқылы болжатыңыз. Бұдан кейін тапсырманы және бағалау критерийлерін түсіндіріңіз. Карточканы таратып беріңіз. Мәтінді екі рет тыңдатып, тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріңіз. Әр оқушы өз бетінше орындап болған соң, бірнеше оқушы жауаптарын оқиды (бір сөйлемнен), қалғандары өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс/бұрыстығын анықтайды. Жауаптарын тексергеннен кейін келесі карточканы орындайды. Бірнеше оқушы өздерін дескриптор бойынша бағалайды. Бағалау әдістерін түрлендіріп отырыңыз. Сыныптастарынң бағалауы, өзіндік бағалау, мұғалімнің бағалауы сияқты түрлерін қолданыңыз. Соңында кері байланыс жүргізіңіз. Қандай кедергілер, не түсініксіз болғанын сұрап, өзіңіздің дәптеріңізге тіркеп отырыңыз.
Оқылым. Бұл тапсырманы орындау үшін жұпқа бөліңіз. Қабылдау деңгейлері бірдей оқушыларды бірге отырғызыңыз. Мәтінді оқып,әр сөйлемге сұрақ қоюды тапсырыңыз. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушыларды ашық сұрақтар құрастыруға бағыттаңыз. Ашық және жабық сұрақтардың үлгілерін көрсетіңіз. Деңгейлері орташа оқушылар шамаларына қарай сұрақтар құрастырады. Оқушыларға да шектеу қоймаңыз. Сұрақтарын оқыған кезде, сұрақтың деңгейін 1-3 балл аралығында бағалатуға болады. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар жабайы құстар туралы, пайдалы құстар туралы білетін ақпараттарымен бөлісулері мүмкін.
Жазылым. Тапсырманы өзбетінше орындамас бұрын, «Жұбыңды тап» ойынын ойнату. Оқушыларға үш жақта жазылған есімдіктер мен тәуелдік жалғаулы сөздерді таратып беру. Оқушылар тақтаға шығып, бір сөзден алады да сыңарын іздейді. Мысалы, менің үйім, сенің арманың және т.с.с. Бұдан кейін әр оқушы өздігінен көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жазады. Тақтадағы дұрыс жауапты қарап, өзін-өзі тексереді.
Айтылым. Деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастырыңыз. Бұл әдіс те саралаудың бір түріне жатады. Қабылдау деңгейі баяу оқушылар тапсырманы қолдау арқылы орындайды. Сұрақтардың көмегімен тақырып бойынша диалог құрайды. Белгіленген уақыт аяқталған соң, 2-3 жұптың жауаптарын тыңдаңыз. Жұптар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Үлгі:
Сұраққа толық жауап береді. Құстар туралы қызықты ақпарат айтты. Сөйлемдегі сөздердің ретін сақта.
АҚТ қолдану
Ғаламторды қолдану мүмкіндігі болып жатса, төменде ұсынылған сайт арқылы(http://bala.soyle.kz/picture/training?id=12) ойын ойнатуыңызға болады. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, оқушылардың ұялы телефонын қолданға болады. Екі оқушыдан жұптасып, бір телефонмен жұмыс жасауларына болады. Бұл да қолжетімді болмаса, басқа ойын ойнатуға болады. Құстардың атауларын тыңдап, суретпен сәйкестендіреді. Шатасқан әріптерден құстардың атауларын жазады. Дұрыс жауапты автоматты түрде шығаратындықтан, оқушылар өз-өздерін бағалайды. Тапсырманы «Кім жылдам орындайды?» деп жылдамдыққа да орындатуға болады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.