Айналамыздағы әлем туралы қарапайым өлеңдер оқу (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4. Туған өлкем

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айналамыздағы әлем туралы қарапайым өлеңдер оқу (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1 тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті суреттер/ сызбалар таңдау/ сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және сипаттайды.

Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және сипаттайды.

Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді және сипаттайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған материал бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Неткен, қандай, сондай, сұлу, көркем, туған өлкем

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Лепті сөйлемдер құрастырып айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Сөйлемдер тізбегі» ойыны. Оқушылар тақырыпқа қатысты сөйлемдерді жалғастырып, тізбек жасайды. Тізбекке қатыса алмаған оқушы барлық сөйлемдерді қайталайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

5 мин

7 мин

(МК) «Шеңбердегі әңгіме». Оқушылар шеңберде отырып, өздері сипаттаған жануары туралы әңгімелейді. Бір-бірін бағалап отырады.

Дескриптор:

  • суретті дұрыс сипаттайды.
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

) «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Тыңдалымалды жұмыс. Оқушылар кезекпен кездейсоқ таңдау арқылы жануарды алып, сипаттайды. Қалған оқушылар қандай жануар туралы айтылғанын анықтап, жазады. Жануарды сипаттау реті ұсынылады.

Бұл жануар ма, құс па?

Ол қандай жануар?

Ол қайда мекендейді?

Ол немен қоректенеді?

Оның түсі қандай?

Оның ерекшелігі қандай? (неткен, қандай, сондай)

) «Тыңда, жаз». Тыңдалым. Оқушылар мәтінді тыңдап, сөйлемдерді толықтырып жазады. Сұраққа жауап береді.

Тыңдалым мәтіні.

1-мәтін.

Ол – кішкентай жануар. Ол орманда мекендейді. Оның түсі қызғылт сары. Оның құйрығы сондай ұзын және жұмсақ! (тиін).

2-мәтін.

Ол үлкен жабайы жануар. Ол Африкада мекендейді. Оның тұмсығы сондай ұзын, ал құлағы сондай үлкен! Оның түсі сұр. (піл)

3-мәтін.

Ол – үлкен жабайы жануар. Ол етпен қоректенеді. Ол – сондай күшті және ашулы жануар! Оның түсі қызғылт сары және қара. Ал құйрығы сондай ұзын! (жолбарыс)

Тапсырма. Мәтіндерді тыңда және тапсырмаларды орында.

1-мәтін.

  • Толықтырып жаз.

Оның құйрығы сондай ..................................!

  • Сұраққа жауап бер.

Бұл қандай жануар? ________________________

2-мәтін.

  • Толықтырып жаз.

Оның тұмсығы сондай ..................................!

Оның құлағы сондай .....................................!

  • Сұраққа жауап бер.

Бұл қандай жануар? ________________________

3-мәтін.

  • Толықтырып жаз.

Ол сондай .....................................................!

Оның құйрығы сондай ................................!

  • Сұраққа жауап бер.

Бұл қандай жануар? ________________________

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс толықтырады;
  • сұраққа дұрыс жауап береді.

) «Ойлан, жаз». Оқушылар өздігінен бір жануарды жұмбақ түрінде сипаттап жазады. Жазғандарын бір-біріне оқып, шешуін табады.

Дифференциация. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға көмек ретінде дайын сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. Ол сөздер «жедел жәрдем» қорапшасында болады.

....... көзі сондай әдемі!

...... құйрығы сондай ұзын!

........ қандай биік!

.... неткен кішкентай!

........ сондай айлакер!

...... қанаты қандай үлкен!

Дескриптор:

  • жануарды дұрыс сипаттайды;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • тыныс белгісін қояды;
  • сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады;
  • көркем жазу дағдыларын көрсетеді.

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.