Мектеп пәндері туралы жазамыз №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Менің мектебім»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мектеп пәндері туралы жазамыз №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)

2.5.1.2 мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ажыратып, ауызша және жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі көптік жалғаулы сөздерді ажыратады.

Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі көптік жалғаулы сөздерді ажыратып, ауызша қолданады.

Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі көптік жалғаулы сөздерді ажыратып, ауызша және жазбаша тілде қолданады.

Бағалау критерийлері

Мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі көптік жалғаулы сөздерді ажыратады.

Ауызша және жазбаша тілде қолданады.

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

лар/лер, дар/дер, тар/тер;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша ..., Біздің ойымызша...

Құндылықтарды дарыту

Өз мектебіне сүйіспеншілік, құрмет көрсетуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Мектеп пәндері туралы жазамыз №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

Оқушылар Дарьяға өзінің сүйікті пәні туралы үйде дайындаған тапсырмаларын ауызша айтады.

Мысалы: Менің атым –Арман. Менің сүйікті пәнім - қазақ тілі. Әр сабақта мен жаңа сөздермен танысамын. Қазақ тілін жақсы білуге тырысамын.

Өткен сабақтың мақсатына қалыптастыру бағалау тапсырмасын орындау.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

(Ұ) «Болжау» стратегиясын қолдану. Оқушыларға «Менің мектебім» тақырыбына қатысты мектепті аралатып ақпарат жинату:

  • мектептің қайда орналасқанын;
  • мектептің жанында не бар екенін;
  • қанша қабатты екенін,
  • өздерінің оқитын бөлмесі қай қабатта екенін;
  • сүйікті пәндері мен мұғалімдерін.

Басқалармен ой бөліседі, мәтін құрайды.

Дескриптор:

  • Сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

СЕРГІТУ СӘТІ

Шаршадым «Ух!»дедім,

Ренжідім «Тух!» дедім.

Қорықтым «Ой!» дедім,

Өкіндім «Ах!» дедім.

Шарасыз «Ех!» дедім,

Таңырқап «О!» дедім.

Біліп ап, «Ә!» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха!»дедім.

Оқушыларға көптік жалғаулар жазылған карточкаларды беру. лар/лер, дар/дер, тар/тер;

Көптік жалғау( окончание множественного числа)

Сөздің соңғы дыбысы

(конечный звук слова)

Көптік жалғау ( окончание множественного числа)

Мысалдар

(примеры)

Дауысты немесе р,у,й дауыссыздардан соң

-лар/лер

оқушы+лар

дәптер+лер

Ұяң з,ж немесе үнді л, м,н,ң дауыссыздардан соң (после конечных сонорных л, м,н,ң и звонких з,ж

-дар/дер

қаз+дар

этаж+дар

өзен+дер

Қатаң дауыссыздардан соң (после конечных глухих согласных)

-тар/тер

қонақ+тар

мектеп+тер

Қатаң дыбыстар: (глухие звуки)

к,қ,п,с,т,ф,х,ц, ч,ш,щ

Ұяң дыбыстар:

(звонкие звуки)

б,в,г,ғ,д,ж,з

Үнді дыбыстар:

(сонорные звуки)

р, л, й, у, м, н,ң

Көптік жалғауларды сөзерге жалғау.

Мектеп, оқушы, дәптер, қалам, өшіргіш, сызғыш, оқулық, күнделік, пән, сабақ сынып, мұғалім.

Шапалақ арқылы бағалау.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар пәнді неліктен жақсы көретіндіктерін жазу арқылы толықтыра алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар берілген үлгі бойынша мектеп пәндері туралы жай сөйлемдер жазуға тырысады.

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар пәнді неліктен жақсы көретіндіктерін жазу арқылы толықтыра алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар берілген үлгі бойынша мектеп пәндері туралы жай сөйлемдер жазуға тырысады.

Шапалақ арқылы бағалау.

Ұжымдық жұмыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.