Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Программалық қамтамасыз етудің (жасақтама) жіктелуі

Сабақ мақсаты: компьютерлік жүйедегі программалық қамсыздандырудың мақсатын біледі жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету және программалау жүйесін ажыратады программалық жасақтаманы пайдалану мысалын келтіре алады

Бағдардамалық жасақтама

  •    компьютерде ақпаратты автоматтандырып өндеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін программалар жиынтығы

ЖҮЙЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жүйелік программалық жасақтама (ЖПЖ) – компьютердің барлық ресурстарын басқаруды, пайдаланушымен интерфейсін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін программалдың жиынтығы.

Жүйелік (жалпы) программалық қамтамасыз етулер: 1 Операциялық жүйелер

Қызмет ету программалары:2 Утилиталар 3 Драйверлер 4  Антивирустық программалар

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. 

Қолданушы компьютермен интерфейс негізінде ақпаратпен алмаса алады. 

Интерфейс (inter—өзара, face—бет жағы) – программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны. 

Утилита (лат. сөзі Utilitas - пайда) - пайдаланушыға енгізу-шығару, ақпарат тасымалдауыш құрылғыларымен, қосымша жұмыстарды орындау мүмкіндігін беретін программалар. Мысалы: антивирустік, архивтеу программалары. 

Драйверлер - бұл операциялық жүйелер мен перифириялық құрылғыларды басқаратын және олардың арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, құрылғылардан өтетін мәліметтер ағынын бақылап отыратын программалар. 

Көмекші программалардың негізгі түрлері:• Архиватор-программалар (WinRar и WinZip);

• Ақпараттардың резервтік көшірмесін жасайтын программалар (APBackUp, Acronis True Image);• Антивирустық программалар (Kaspersky Antivirus, DrWeb, Norton Antivirus және т.б.);• Коммуникациялық программалар (Venta Fax, Cute FTP);• Компьютерді тексеруге (диагностикалауға) арналған программалар (Sisoft Sandra, Norton System Information);• Дискілерді тиімділеуге (оптимизациялауға) арнал ған программалар (Norton Disk Doctor, Microsoft Scandisk);

ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУЛЕР: 

Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының нақты бір мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама. Көбінесе мұндай програмамларды қосымшалар деп атайды.

- Жалпы (әмбебап) мақсаттағы программалар - Арнайы мақсаттағы программалар 

- Жеке мақсаттағы қолданбалы ПЖ

Жалпы (әмбебап) мақсаттағы программалар:

• Мәтіндік редакторлар

• Графиктік редакторлар

• Электронды кесте

• Оқыту және ойын программалары

Арнайы мақсаттағы программалар• Графикалық процессорлар (Corel Draw, Adobe PhotoShop);• Баспа жүйелері (Page Maket, Quark XPress);• Видеомонтаж редакторлары (Sony Vegas Pro)• Аудиомонтаж редакторлары (Sound Forge)

Жеке мақсаттағы қолданбалы ПЖ

Жеке мақсаттағы қолданбалы ПЖ - пайдаланушыға арналған немесе арнайы әзірленген программалық жасақтама. Бұл программалық қамсыздандырудың маңыздылығы ол негізгі бизнес немесе үкімет үшін арнайы мақсаттарға бағытталған арнайы жобалану.

Мысалы, каспи кошелек қосымшасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.