Үш өлшемді модельдер. Информатика, 7 сынып, дидактикалық материал.


ҚАРАПАЙЫМ ҮШ ӨЛШЕМДІ ОБЪЕКТІЛЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ

SketchUp ‒ қарапайым үш өлшемді объектілерге қатысты модельдеуге арналған бағдарлама ‒ мекеме, мебель, интерьер. SketchUp үш өлшемді графиканы жылдам редактрлеу мен құрудың нәтижесінде әйгілі болды. Архитектуралық графика мен интерьер дизайнына идеалды пакет. Кәсіби мамандарға сонымен қоса қызығушыларға жылдам үш өлшемді модель құруға ыңғайлы. Тәжірибелі архитекторлар, дизайнерлер, конструкторларға меңгеруге және қолдануға ыңғайлы құралдар. SketchUp бағдарламасы 3D-моделдеуге және дизайн күрделі есептерге қарапайым шешім ұсынады .

 Бағдарлама ертеде пайда болған, өңдеуші ‒ америкалық компания @Last S алғашқы версияны 1999 жылы пайда болды. 2006 жылы бағдарламаны Google корпорациясы алды. 2012 жылдың сәуірінде Google корпорациясы SketchUp бағдарламаны Trimble компаниясына сатты. SketchUp 3D-модельдеудің әйгілі платформасы болып табылады.

SketchUp шектеулері бар немесе қандай да бір функционалдық мүмкіншіліктері жоқ кәсіби версиясына толықтай аналогты версиясы. SketchUp бағдарламасында кескіндеуге бағытталған, қолданушыға диалогқа түсінікті сценариі бар екі затқа назар аударуды мүмкіндік береді: жұмысты максималды өнімді етуге және одан әсер алуға арналған қысқартылған инструменттер жиыны өңделген. Бағдарламаны өңдеуде бірінші ретте оны жасаушылар архитекторлар мен дизайнерлердің қажеттіліктерін максималды есепке алған. Мекемені, парктерді, интерьерлер мен графикалық құралдарды жобалағанда SketchUp бағдарламасы есептің шешімінің ең жақсы вариантын жылдам табуға көмектеседі. Архитекторлар мекемені автоматты жобалаудың кез-келген стадиясында қолдана алады. Қарапайым ретсіз эскиздерден нақты модельдерге дейін программа тек мекемені сызып қана қоймай модельдерді бөліктерге бөлуге, бұруға, ішіне шолу жасауға қиылыстарды кесумен қатарклиенттерге демонстрациялауға анимация жасауға қол жетімді етеді.

 SketchUp қолданып, дизайнын өңдеп қана қоймай, үш өлшемде демонстрациялауға мүмкіндік береді.

Программа 3ds Max экспорттауды және басқа форматтарға ‒ OBJ, DWG/DXF, XSI, EPS, PDF и VRML (Adobe Illustrator бағдарламасында жұмыс жасауға) немесе AVI және MOV (анимациялауға және мультимедиапрезентацияға) қолдана аламыз. Сонымен қатар CAD-редакторларында сызбаларды импорттауға рұқсат етеді.

Бағдарлама-ресурс Google Earth ("виртуалды глобус") қысқаша 3D-редактор SketchUp біріңғай жанұялық бағдараламалық өнімдерінің құрама компоненттерін ұсынады, сондықтан қолданушы ақпаратты бір пакеттен екінші пакетке жеңіл алмастыра алады.

 Осылайша, жеке жағдайда архитектуралық құрылыстардың көшірмесін модельдеуде, қажетті мекеменің аэро- немесе спутниктік фотографиясын Google Earth-тан жер топографиясын импорттауға, содан кейін виртуальды мекеменің моделін фундаментте "тұрғызуға", мекеме прототипінің спутниктік фотографиясы болады.

SketchUp көмегімен 3D-моделді көрнекі демонстрациялауға және құруға, кұрделі кеңістік концепцияларын жеңіл құруға болады. Жоспарлаушылар және қала жобалаушылары SketchUp шынайы уақытта жұмыс құралы ретінде қолданады. Өзгерістер енгізу мен түрлі варианттарды қарастыру мүмкіндігі уақытты үнемдеуге, аяққы жағдайда жобалау сапасын жоғарылатады.

Компьютерлік ойындар жасаушылары SketchUp программасын қолданады, өйткені ол ойынды ішінен көруге мүмкіндік береді. SketchUp модельдің «бірінші тұлғадан» әсерлесу мүмкіндігін ұсынады, «айналаға қарап шолуға» жол береді. Коридормен жүріп өтуге баспалдақпен жоғары төмен жүріп өтуге, ойын жобасы мен шынайы уақыт арасындағы жұмысты нақты көруге болады.

Негізгі қосымшаның көшбасшысы ретінде дизайн мен архитектураны жобалауға SketchUp программасы эффективті, жаңа, жылдам және қарапайым, сызбаны өңдеудің жеткілікті мықты құралдарын, жоспарлар мен модельдерді, өнімді және интеллектуалды жобалау процессін жылдамдатады. Сонымен қатар тәжірибелі қолданушыға нақты және кәсіби модельдеу деңгейіне CAD-редакторының ол барлық мүмкіндіктерді ұсынады. SketchUp программасы неғұрлым рационалды келесі қадамды көрсетуге мүмкіндігі бар- тұрғызудың кез-келген уақытында ол экранға графикалық және мәтіндік хабарлама шығарып тұрады және осыған сүйеніп жұмыс жасауға болады[1, 25б]. Бұл SketchUp 3D-редактормен жұмысқа кәсіби және бастапқы қолданушыға өте ыңғайлы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу