Ойынға арналған құжатты дайындау. Информатика, 6 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.
«Ойынға арналған құжатты дайындау» сабағына әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты:
- Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, атауы, сілтемелер);
- «авторлық құқық», «плагиат» терминдерін түсіндіру;
- Ақпаратта авторға сілтемелері бар болу қажет.
Осы сабақты оқу үшін қажетті білімдер:
- Авторлық құқықты сақтау қажеттілігін түсіну;
- «плагиат» мағынасын білу;
- Мәтіндік редактормен жұмыс істеу дағдылары (құжатты форматтау);
- Сілтемелерді, гиперсілтемелерді, мазмұнды қосуды қолдану арқылы құжатты реттеу дағдылары;
- Файлдарды сақтау және қарау үшін ортақ қолданыстағы буманы қолдану.
Аталған сабақ - білімді қорытындылау және дағдыларды нақтылау сабағы.
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдері.
Ойынға арналған құжатты дайындау – бұл жеке зерттеу жұмысы, оның ішінде қарастырылған мәселенің мағынасын көрсетеді; әртүрлі көзқарастарды келтіреді, сондай-ақ оған деген өзінің көз қарасын келтіреді. Құжаттың мазмұны логикалық болу қажет.
Құжат А4 формат бетінің бір жағында болып, бір жарым арақашықтықта орналасу қажет. Қаріп түсі қара болуы тиіс, әріптер, сандар және т.б. белгілер биіктігі (қаріп Times New Roman, 14 пт).
- Өрістің келесі өлшемдерін сақтай отыра мәтінді теру қажет: жоғарғы және төменгі — 20 мм, сол жақ — 30 мм, оң жақ — 10 мм. Абзацты арақашықтық бүкіл мәтін бойынша бірдей болып, 1,25 см-ді құрау керек.
- Ені бойынша мәтінді түзеу.
- Компьютерлік мүмкіндіктерді қолдануға рұқсат (қалың, курсив және астын сызу қаріптерін қолдану, терминдер мен формулаларға жеке көңіл бөлу арқылы).
- Сөздерді тасымалдауға болмайды!
- Тақырыптың соңында нүкте қойылмайды. Егер тақырып екі сөйлемнен тұратын болса, оларды нүкте арқылы бөледі.
- Тақырыптардың астын сызуға болмайды.
- Бөлім, бөлім асты және мәтін тақырыптарының арасы және өткен мәтінмен тақырыптың арасы 15мм құрау қажет (2 пробел).
- Әр бөлім мен параграфтың атауы мәтіннің басқа сөздеріне қарағанда, қаріп жоғары және қалың болуы тиіс. Әр бөлім жаңа беттен басталады, параграфтар бірінен соң бірі орналасады.
- Құжат мәтінінде қызыл жолды жиі қолдану ұсынылады, аяқталған ойды жеке абзацқа бөлу үшін.
- Құжат мәтініндегі барлық санаулар жеке таңбалар немесе нөмірлену арқылы безендірілу керек.
- Барлық беттер нөмірлені қажет. Беттердің нөмірленуі айқын болу қажет. Беттің нөмірі араб сандары мен көрсетіледі.
Әдістемелік нұсқаулықтар
Топтарға бөлген кезде, әрқайсысында үлгерімі әртүрлі оқушылар болу керек.
Қосымшадағы критерийлер тізімі жуық. Мүмкін сіздің мектебінңізде Құжатты жазу шарттары жазылған шығар. Оларды критерийлерді жазуда қолданыңыз.
Оқушылардың үлгеріміне қарай сізге жартылай бос кестені беріп, оны толтыруды сұрауыңызға болады.
Мәтіндік материалдың артығын қарастырыңыз, кейбір оқушыларға жетпей қалуы мүмкін.
Практикалық жұмысты атқарған кезде, кейбір оқушылардың жұмыс нәтижелерін қарап шығыңыз. Қажетті демеу көрсетіп, керек кезде бағыттаушы сұрақтар қойыңыз.
Өзара бағалау кезеңінде, әр оқушы сабақ мақсатын орындағанына көз жеткізіңіз.
Әдебиет пен ресурстар:
Өткен жылдың оқушылар жұмысы.
Құжатты безендіру шарттары (мектепте болған жағдайда).
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.