Мазмұны. Информатика, 6 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.
«Мазмұн» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтың мақсаты: сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, атауы, сілтемелер).
Осы сабақты оқу үшін қажетті білімдер: мәтіндік редактормен жұмыс істеу дағдысы (оның ішінде, құжатты форматтау командаларын қолдану), мәтін бойынша бағыттау дағдылары.
Аталған сабақ - жаңа тақырыпты оқу сабағы, өткен тақырыптар бойынша дағдылар мен ептілікті дамытуға арналған.
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдер.
Мазмұн –, кітаптың немесе қолжазбаның басында немесе аяғында нөмірленетін тақырыптар және кітаптың басқа бөліктері, қол жазбалар тізімі.
«Мазмұн» жұмыстың әр бөлімі басқа бөліктермен мағынасы бойынша байланысы үшін қолданылады (мысалы: диплом, курстық жұмыс, реферат және т.б.). Мазмұн шығарымның бөлімдерін тезірек табуға көмектеседі (тақырыптар, параграфтар, қосымшалар, және т.б.).
Мазмұн бірнеше бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы параграфтарға бөлінеді. Әр бөлім мен параграф бір-бірімен логикалық байланысты болу қажет. Бөлімдердің атауының (параграф) ойы аяқталған болу керек және сол бөлімді аталған барлық мәселелер мен аспекттердің сипатын қамту қажет.
Сіздің мазмұныңызда қажетті элементтер пайда болу үшін, сізге мәтіндегі сәйкес бөлімді ерекшелеп, оларға тақырып стилін тағайындау қажет. Ол үшін «Главная-Стили» мәзіріне өтіп, тақырып стилін көрсетіңіз
«Мазмұн» элементін қою үшін «Ссылки-Оглавление» мәзіріне өтіңіз, сізге қажетті форматты таңдаңыз.
Сіздің құжатыңызда «Мазмұн» элементі пайда болады, оны сіз атын өзгерте аласыз, құжаттың басқа жеріне орналастыра аласыз.
Әдепкі қалпы бойынша Заголовок 1, Заголовок 2 және Заголовок 3 мазмұнға қосу деңгейі бойынша ерекшеленеді – кішігірім тәжірибе жүргізу арқылы сізге түсіну үшін еш қиындық туғызбайды. Кішігірім жұмыстардан кейін сіздің мазмұныңыз келесі түрде болады:
Мазмұнды құруға арналған берілген өзгертулер Microsoft Word бағдарламасындағы әдепкі өзгертулер болып табылады. Өзіңіздің қалауыңыз бойынша мазмұн мен тақырыптар стилін, сондай-ақ мазмұнға енгізу деңгейін өзгерте аласыз.
P.S: Word құжатына мазмұнды қойған кезде Microsoft Word құжат беттерінің автоматтық номірленуін қолданған дұрыс.
Әдістемелік нұсқаулықтар
Осы сабақты жүргізу үшін сізге үлкен өлшемдегі мәтіндік файлды құру қажет, оның ішінде бөлімдер мен параграфтардың атауларын алдын ала қарастырыңыз. Кез келген мектеп кітаптары бойынша жеке бөлімді алуыңызға болады. Сондай-ақ кейбір оқушылардың жұмыс істеу жылдамдығы жоғары, сондықтан оларға жеке мәтіндік құжаттардың бірнеше нұсқаларын дайындап қоюыңызға болады.
Сабақтың басында оқушыларды әр топта үлгерімі әртүрлі болатындай топқа бөліңіз. Талқылауды ұйымдастырған кезде белсенділігі төмен оқушыларға назар аударыңыз.
Оқушылардың деңгейіне байланысты материалды оқу үшін жеке немесе жұппен жұмысты ұйымдастырыңыз.
Қорытындылау кезеңінде, оқушыларда сұрақ қалмағанына көз жеткізіңіз. Презентацияда көрсетілген жауаптар өзгеше естілуі мүмкін. Осы жағдайда оқушылармен бірге дұрыстылығын бағалаңыз.
Әдебиеттер мен ресурстар:
clc.to/Ymv30g (https://support.microsoft.com/ru) - мәтінді ерекшелеу арқылы мазмұнды құру
http://polusspb.ru/article/a-46.html - мазмұнды безендіру
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.