Гиперсілтемелер. Информатика, 6 сынып, қосымша материал.
«Гиперсілтеме» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтың мақсаты:
- сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, атауы, нұсқамалар);
- «авторское құқық», «плагиат» терминдерін түсіндіру;
- ақпаратты авторға сілтемелермен тіркеп жүру.
Аталған сабақты оқу үшін қажетті білімдер: құжатқа нұсқамаларды қосу әдістері мен тағайындалуы.
Сабақ біріктірілген.
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдері.
Гиперсілтеме.
Word сілтемелерді бір құжаттың ішінде ғана емес, сондай-ақ басқа құжаттарға, веб-бетке, суретке, электрондық почта мекен жайына құруға мүмкіндік береді. Сілтемелердің мұндай түрін Гиперсілтеме деп атайды.
Гиперсілтемені қосу үшін келесі іс-қимылдарды орындау қажет:
Гиперсілтеме басталатын мәтінді теріңіз. Гиперсілтемемен жұмыс істеуге арналған құралдар «Вставка» қалауында орналасқан. Гиперсілтеме батырмасын басыңыз, пайда болған терезеде өзіңіз сүйенетін құжат типін таңдаңыз, бума немесе мекен жайды көрсетіңіз, сондай-ақ құжаттың атын.
«Подсказка» батырмасының көмегімен сілтемеге шығатын түсініктемені қалдыруға болады.
Гиперсілтеме бойынша өту үшін Ctrl батырмасын басып, гиперсілтемені тінтуірдің сол батырмасын басу қажет. Гиперсілтеменің мәтінін сол құжаттың ішінде өзгертуге болады.
Әдістемелік нұсқаулықтар
Қайталау кезеңінде оқушыларға кері байланысты беріңіз. Қосымша сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіңіз.
Оқушылардың жауаптарын түсіндіріңіз, толықтырыңыз және нақтылаңыз.
Топтағы жұмысты ұйымдастырған кезде келесі стратегияны қолданыңыз:
- Сыныпты әр топта оқушылардың саны бірдей болатындай етіп бөліңіз.
- Сұрақтар тізімімен таныстырып, материалды қолжетімді етіңіз.
- Топтың ішіндегі оқушыларға зерттеуге сұрақтарды таңдауды ұсыныңыз.
- Әр топтың қатысушылар арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырыңыз. Мысалы, оларды жұпқа бөліп, содан соң бірнеше рет жұп құрамын алмастырыңыз. Немесе «Стиральная машина» әдісін қолданыңыз.
Блум кубигі арқылы оқыған материалды қайталауды ұйымдастырған кезде, әр топ екі сұрақтан құраса жеткілікті.
Жоғары дәрежелі дағдыға ие оқушылар үшін қосымша тапсырманы ұсыныңуызға болады: айқасқан сілтемелерді қолдану принципін оқып, оларды мәтіндік құжатқа қосуды оқу.
Айқасқан сілтемелер.
Айқасқан сілтемелер құжаттың қажетті элементіне жылдам өтуге арналған. Word-та келесі элементтерге айқасқан сілтемелер құруға болады: тақырыптар, нұсқамалар, қалаулар, атауы, номерленген абзацтар. Айқасқан сілтемелермен жұмыс істеуге арналған құралдар «Вставка» қалауында орналасқан.
Айқасқан сілтемелер тек бір құжаттың элементтерінің арасында құрылады. Айқасқан сілтеме басталатын мәтінді теріңіз.
- «Айқасқан сілтеме» батырмасын басыңыз.
- Ашылған терезедегі "Тип ссылки" тізімінде сүйенетін элемен типін таңдаңыз.
- "Вставить ссылку на" шығатын тізімінде құжатқа қосатын мәліметтерді көрсету қажет. Сүйенетін элементке өту мүмкіндігі болу үшін "Вставить как гиперссылку" жалаушасы орнатылу қажет.
Айқасқан сілтемелер құжатқа өріс ретінде қойылады. Өріс кодттары мен мағыналарын көрсету режимдері арасында ауысу үшін Ctrl батырмасын басу және сілтеме бойынша тінтуірдің басу қажет. Сілтеменің мәтінің ауыстыруды құжаттың ішінде болады.
Қосымша тапсырма*:
Келесі бетке өтіп, әр емделушіге арналған тағайындалулардың тізімін құрыңыз. Мысалы:
Емделушілер тізіміне қайтыңыз, емделушінің аты-жөнінің қасына айқасқан сілтемені қойыңыз, оны Тағайындалу деп атайық, ол сілтеме құжаттың басқа бетіндегі тағайындалуға сүйенеді.
Әдебиет пен ресурстар:
https://is.gd/yCllAi - бір құжатқа гиперсілтемелерді қосу
https://is.gd/cOedrC - мәтінмен жұмыс
Попов М. Эффективные приемы набора и редактирования текста. Санкт-Петербург. «БХВ-Петербург», 2006
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.