Программа терезесі. Информатика, 3 сынып, қосымша материал.


 Сынып: 3

 1 Бөлім: Компьютер және программалар.

  «Программа терезелері» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақтын мақсаты: оқушыларды программа терезелерінің негізгі элементтерімен таныстыру, мәзірмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, терезелерді манипуляциялау дағдыларын үйрену

 Оқу мақсаты:

 3.1.2.3 файл және бума түсінігін түсіндіру;

 3.1.3.1 сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

 

 Сабақтын түрі: жаңа тақырыпты менгеру. Бұл сабақ осы тақырып бойынша бірінші сабақ (сабақтың 1 нұсқасы), Оқушылар алдын-ала білімдері мен дағдыларын алды: «Компьютерлік құрылғылар», «Файлдар мен бумалар».

 

 Бұл сабақты оқып-үйрену үшін қажетті алдын-ала білім.

 Алдыңғы тақырыптарда оқыған білімдерін жаңарту ұсынылады, оқушылар шығыс құрылғысынан кіріс құрылғыларын анықтай алады. Олар файлдарды ашуға, файлдарды сақтауға, компьютерлік программаны бастауға және жабуға қабілетті. Бумаларды файлдан ажырата алады.

 Жаңа білімдер, дағдылар мен қабілеттер алу.

 Жаңа тақырып меңгеру кезеңінде оқушылар алдыңғы тақырыптардан алған білімдерін еске алады, оқушылар негізгі теориялық материалдарды қайталайды, мысалы: компьютерлік программалар, енгізу-шығару құрылғылары.

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірмелі материал дайындауға кеңес беріледі:

 - суреттер;

 - орындауға арналған тапсырма;

 - қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

 Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағанын басатын сабақтың ортасында сергіту сәті ұсынылады. Сергіту сәтті орындау кезінде оқушылар интерактивті тақтаға немесе мұғалімнің алдында орналасу керек.

 Мұғалім оқушылар мен бірге музыкалық жаттығуларды санау арқылы орындайды.

 Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде оқушыларға жұптармен материалдарды мұқият меңгеру үшін мұғалімге «Терезені элементтері» кеспе қағаздарын таратып беру қажет.

 Негізгі теориялық материал.

 Терезенің негізгі элементтері

  • Тақырып жолағы программа атауынан тұрады;
  • Жиыру батырмасы программаны Жұмыс үстелінен жиырып тастауға арналған;
  • Жаймалау батырмасыпрограмма терезесін экран бетіне масштабтауына арналған;
  • Жабу батырмасы программа терезесін жабады;
  • Мәзір жолы программалармен жұмыс жасауына мүмкіндік береді;
  • Жұмыс аумағы – деректермен әс- ерекет орындалатын орын
  • Жылжыту жолағы жұмыс аумағындаорналасқан барлық ақпаратты қарап шығуға арналған

 Сабақтың әрбір сатысынан кейін оқушылар алған білімдерін және терминологияны ерекше атап өту керек, мысалы:

1) программа мәзірі;

2) негізгі мәзір;

3) терезе;

4) жұмыс аумағы;

5) жылжыту жолақтары;

6) тақырыптық жолақ.

 Практикалық жұмыс

1 Тапсырма: Құрылғыны анықтаныз

 Келесі жауаптар

Енгізу құрылғысы

Шығару құрылғысы

Шығару құрылғысы

 1 тапсырма үшін: Бәйтерек бейнесін ашыңыз. Программамен келесі командаларды орындаңыз.

 1. Программа терезесін жаймалаңыз;

 2. Программа терезесін кішірейтіңіз;

 3. Жұмыс үстелінің ортасына қойыңыз;

 4. Бағдарламаны жабыңыз;

 5. Кескінді қалпына келтіріңіз;

 6. Суретті аударыңыз;

 7. Масштабтау батырмасының көмегімен кішірейтіңіз;

 8. Кескінді бастапқы орнына қайтарыңыз.

 Бәйтерек бейнесі бар файлды алдын ала жүктеп алу қажет.

 2-тапсырма: бейнені қарау құралын зерттеңіз және элементтердің бар болуына программаны тексеріңіз.

Программаны зерттеп кестені толтырыңыз.

Программа терезесінің элементтері

(бар/жоғын) анықта

Тақырып жолы

бар

Жұмыс аумағы

бар

Жылжыту жолағы

Мәзірде бар

Жиыру, Жаймалау, Жабу батырмалары

бар

 

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

 1) Информатика: Учебник для 5 класса. Изд. 3-е, испр. / Л.Л. Босова. - М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009. - 191 с.: ил.

 2) Информатика: Рабочая тетрадь для 5 класса. / Л.Л. Босова. - 4-е изд.- М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009. - 87 с.: ил.

 3) Уроки информатики в 5-6 классах: Методическое пособие / Л.Л. Босова, А.Ю. Босова. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2007. - 320 с.: ил.

 4) https://www.youtube.com/watch?v=0OzABZ8BPi4

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу