Қарапайым құрылыс сызбаларын оқу және орындау. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қарапайым құрылыс сызбаларын оқу және орындау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.6.3.2

Әр түрлі ақпарат көздері мен жалпы ережелерді, шартты белгілерді қолдана отырып қарапайым құрылыс сызбаларың орындау және оқу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар шартты белгілерді, жалпы ережелерді және анықтамалық әдебиеттерді қолдана отырып, күрделі емес құрылыс сызбаларын орындайды және оқиды

 Бағалау критерийлері

1.Оқушылар Құрылыс және машина жасау сызбаларының ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтайды

2.Бір қабатты бау-бақша үйінің жоспарын салады

 Тілдік мақсаттар

 

Сәулет-құрылыс сызбасының (жоспары, қасбеті, қимасы) ерекшеліктерін және оның мақсатын түсіну.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жоспар, қасбет, тілік.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық құру.

Өз және бөтен жұмыстарға қатысты басқалардың ой-пікірлерін тыңдай және дұрыс әрекет ете білу.

Коммуникативтік болу, сызба құралдарымен жұмыс істей білу.

 Пәнаралық байланыстар

Геометрия, сызу

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстар, презентация

Бастапқы білім

Құрылыс сызбалары туралы жалпы мәліметтер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға

көңіл бөлу қажет

1.Сабаққа дайындығын тексеру.

2.Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысу.

Сабақтың ортасы

Жаңа материалды зерттеу

1.Оқушылармен құрылыс сызбаларының түрлерін қарастырыңыз: сәулет-құрылыс (тұрғын үйлердің, өндірістік және қоғамдық ғимараттардың сызбалары), инженерлік-құрылыс (жолдардың, көпірлердің, тоннельдердің сызбалары), топографиялық (жер бедері мен объектілердің бейнесімен жер беті учаскелерінің сызбалары).

Оқушыларға А пунктінен Б пунктіне дейінгі инженерлік-құрылыс сызбасын орындауды ұсыныңыз (қаланың кез келген жақсы таныс учаскесін таңдауға кеңес береміз). Топтық жұмыс үшін әртүрлі белгілі қоғамдық ғимараттардан мектепке дейінгі жолдардың сызбасын әзірлеу ұсынылады.

2. Оқушылардың бөлім материалын бекіту үшін жұмыс дәптерінде Құрылыс және машина жасау сызбаларының ұқсастығы мен айырмашылықтарын табу және жазу ұсынылады. Жауаптарды іздеу кезінде оқушылар оқулықтарды, интернет-көздерді және қосымша анықтамалық материалдарды пайдаланады.

Практикалық тапсырма.

3.Бір қабатты бау-бақша үйінің бейнесі бойынша жоспар контурының деректерін негізге ала отырып, оның жоспарын салу.

Практикалық жұмысты орындау кезінде шартты белгілерді пайдалану қажет.

Дәптер

Сызу құралдары: циркуль, транспортир, бұрыштамалар, сызғыштар, өшіргіш және т. б.

Қарапайым қарындаштар жиынтығы

Плакаттар, кестелер

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Қорытынды жасау, кері байланыс.

Үй тапсырмасы:

Графикалық жұмысты аяқтау.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.