Қиюшы жазықтық. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | Қиюшы жазықтық. | ||||
Оқу мақсаттары | 11.2.1 - көпжақтың жазықтықпен қималарын сала білу; | ||||
Сабақтың мақсаттары | Қиюшы жазықтықтың анықтамасын беру. Тетраэдрда қиюшы жазықтықты салу. | ||||
Бағалау критерийлері | -қиюшы жазықтықта және тетраэдрдің жағын қамтитын жазықтықта жататын түзуді салады - қиюшы жазықтықты салады. | ||||
Тілдік мақсаттар
| -көпжақ - қиюшы жазықтықт -параллель жазықтықтар -екі жазықтықтың қиылысу түзуі -ортақ нүктелер | ||||
Құндылықтарды дарыту
| Академиялық адалдық, еңбекқорлық, ұқыптылық. | ||||
Пәнаралық байланыстар | сызу | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Geo Gebra қолдану. | ||||
Бастапқы білім | Кеңістікте екі түзудің, түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін салу. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Аксиомаларды және олардың салдарларын қайталау.
Салу керек: 1. EF түзу мен АВС жазықтықтың қиылысу нүктесін; 2. DK түзу мен ЕFM жазықтықтың қиылысу нүктесін. 3. DBK және АСD жазықтықтардың қиылысу түзуін 4. EFM және АСD жазықтықтардың қиылысу түзуін | ||||
Сабақтың ортасы |
Көпжақтарды қарастырайық. Осы суреттерде не ортақ? (әрбір көпжақтың ішіндегі көпбұрыштар) Сабақтың тақырыбын тұжырымдау. Осы тақырыптың маңыздылығы туралы айту (презентация) Қиюшы жазықтықтың анықтамасын беру. Көпжақтың қиюшы жазықтығы деп оның екі жағында берілген көпжақтың нүктелері бар болатын кез келген жазықтықты айтады. Қиюшы жазықтық көпжақтың жақтарын кесінді мен қияды, осы кесінділер қабырғасы болатын көпбұрыш көпжақтың қимасы деп аталады. Анықтамаға сүйеніп, қай суретте қима сызылғанын айтыңдар?
Қиманы салу үшін ережелерді тұжырымдайық:
Сабағымыздың мақсаты: тетраэдрдің қимасын салу. Қандай фигураны тетраэдр дейді? Оның қанша жағы бар? Қимасында қандай көпбұрыштар пайда бола алады? Неге? Қиманы салу үшін қанша нүкте беру керек? Топпен шығармашылық жұмыс: тетраэдрды салу. Қимасында үшбұрыш, төртбұрыш болатындай етіп, тетраэдрдың қырларында нүктелер беру. Мұғалімнің байқауында жеке жұмыс жасау. Тексеруді Geo Gebra арқылы жасауға болады. Тетраэдрдың қимасын берілген нүктелер бойынша салу. қиманы салудың негізгі ережелерін қайталау. | ||||
Үй жұмысы |
қимасын салыңыз, мұнда және АР=РD, DМ=МВ.
| ||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.