Қиық пирамида және оның элементтері. Геометрия, 11 сынып, дидактикалық материал.
ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС
№1. Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың биіктігі 2, ал табандарының қабырғалары 3 және 5. Қиық пирамиданың диагоналін табыңыз.
Дескрипторлар: оқушылар
- есептің шарты бойынша сызбаны орындайды;
- диагональдік қимада пайда болған төртбұрыштың түрін анықтайды;
- қимадағы қажет элементтерді табады;
- қиық пирамиданың диагоналінің ұзындығын табады.
№2. Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 4 дм және 2 дм, ал бүйір қыры 2 дм. Пирамиданың биіктігі мен апофемасын табыңыз.
Дескрипторлар: оқушылар
- есептің шарты бойынша сызбаны орындайды;
- үлкен табанына іштей/сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табады;
- кіші табанына іштей/сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табады;
- пирамида биіктігінің ұзындығын табады;
- пирамида апофемасының ұзындығын табады.
.
ЖЕКЕ ЖҰМЫС
Бастауыш деңгей
Барлық қырлары 12 cм болатын дұрыс үшбұрышты пирамида биіктігінің ортасы арқылы өтетін және табанына параллель болатын жазықтықпен қиылған. Пайда болған қиық пирамиданың биіктігі мен апофемасын табыңыз.
Дескрипторлар: оқушы
- есептің шарты бойынша сызбаны орындайды;
- үлкен табанына іштей/сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табады;
- толық пирамида биіктігінің ұзындығын табады;
- қиық пирамида биіктігінің ұзындығын табады;
- кіші табанына іштей/сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табады;
- қиық пирамида апофемасының ұзындығын табады.
Негізгі деңгей
Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың табандарының аудандары 4 см2 және 64 см2, ал бүйір қыры табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Пирамиданың диагональдік қимасының ауданын табыңыз.
Дескрипторлар: оқушы
- есептің шарты бойынша сызбаны орындайды;
- үлкен және кіші табандарының қабырғаларын табады;
- диагональдік қиманың табандарының ұзындығын табады;
- қиық пирамиданың биіктігінің ұзындығын табады;
- пирамиданың диагональдік қимасының ауданын есептейді.
Күрделі деңгей
Қиық пирамиданың табандарының аудандары 18 см2 және 128 см2.
Табандарына параллель болатын және пирамиданың биіктігін кіші табанынан санағанда 2 : 3 қатынасында бөлетін қиманың ауданын табыңыз.
Дескрипторлар: оқушы
- кез-келген қиық пирамиданың сызбасын орындайды;
- пирамида табандарының аудандарының қатынасын табады;
- кіші (толықтырылған) пирамида мен толық пирамиданың сызықтық өлшемдерінің қатынасын табады;
- кіші табан мен ізделінді қиманың аудандарының қатынасын табады;
- пирамида қимасының ауданын табады.
РЕФЛЕКСИЯ
Оқушының аты-жөні: .......................................................................................................... Күні:..........................
1) Сабақта маған қызықты болды:
___ иә ___ жоқ ___ жауап беруге қиналамын
2) Көңіл-күйім жақсы болды:
___ иә ___ жоқ ___ жауап беруге қиналамын
3) Cабақ барысында жұмыс істегенді ұнатамын:
___ мұғалімнің көмегімен ___ жеке ___ сыныптастың көмегімен
4) Тапсырмаларды орындағанды ұнатамын:
___ қарапайым және түсінікті ___ күрделі және қызықты ___ шығармашылық
5) Сабақтың көп уақытында:
___ белсенді жұмыс жасаймын ___ басқа ойлар ___ сабақтың аяқталғанын күтемін
6) Сабақтың қарқыны мен үшін:
___тым жылдам ___ қалыпты ___ тым баяу
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.