Параллелепипед және оның қасиеттері. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


10.3А

Кеңістіктегі перпендикулярлық

Мектеп:

Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Базарбаева Гульнар Нуксиевна

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сілтеме

10.1.2 тікбұрышты параллелепипедтің анықтамасы мен қасиеттерін білу;

.

Сабақтың мақсаты

  • Параллелепипед ұғымымен танысады.
  • Олардың түрлері мен элементтерін айырып таниды.
  • Параллелепипедтің диагоналын есептеу формуласымен танысады.

Жетістік критерийлері

Дағдылар

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

Қолдану

Параллелепипед түрлерін танып біледі

Параллелепипед элементтерін таба алады

Сыни ойлау

Алуан түрлі көпжақтардың жазбаларын танып біледі

Тілдік мақсат

Оқушылар: көпжақтар мен олардың элементтерін айырады және атай алады.

Арнайы лексика және терминология

Параллелепипед, тік параллелепипед, тікбұрышты параллелепипед,көлбеу параллелепипед, жақ, қыр, төбе, диагональ, бүйір жақтары, бүйір қырлары, сыбайлас жақтары, қарама-қарсы жақтары.

Диалог жүргізу мен жазуға қажетті сөздер қоры

Төбесінде n қырлары бірігеді,

Көпжақтың бір түрі параллелепипед.

Параллелепипедтің бүйір жақтары, қырлары параллель және тең.

Параллелепипедтің бүйір жақтары – параллелограмм не тік төртбұрыш.

Табандары параллель жазықтықтарда орналасады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, сыныппен талқылауда коммуникативтік дағдыларын дамытады.Оқушылар есептерді шығару үшін шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, талап қоя біледі, топпен жұмыста қолдау көрсетеді. Академиялық шыншылдыққа, ынтымақтастыққа баулу. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді

Пәнаралық байланыста

Архитектура, физикаға байланысты түсінік болу

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Призма, призманың қасиеттерімен танысып, есептер шығарылды.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басталуы:

Қызығушылықтарын туғызу 10 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

а) Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлу.

Призманың түрлеріне байланысты топтар құрастыру. Топ ережесін қайталау.

б) Топпен жұмыс. Призманың түрлері бойынша постерлер жасап, қорғау.

1-топ. Призма.

2-топ. Тік призма.

3-топ. Дұрыс призма.

2.Сынып оқушылары топтар жұмыстарын тыңдап, толықтыра отырып, өткен сабақта алған білімдерін қайталайды.

3. Бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру және мақсатын қою.

Оқу-құралдары

Призма түрлері жазылған кеспе қағаздар Қосымша №1.

Постер жасауға арналған ватман қағаздар, маркерлер

Презентация

Негізгі бөлім:

Мағынаны ажырату

25 минут

Жаңа материалмен танысу:

  • параллелепипед ұғымы;
  • параллелепипедтің элементтері;
  • параллелепипедтің қасиеттері;

Топпен жұмыс: Оқушылармен топ бойынша жұмыс ұйымдастыру:

1.Топтарға призма түрлерін таратып беру.

(Өткен білімдеріне сүйене отырып, осы призмалар арасынан параллелепипедтерді тауып алу.)

2. Параллелепипед туралы сұрақтарға жауап бере отырып білімдерін толықтыру.

(Интерактивті тақтада сұрақтарды жазып қою.)

3.Табандары бойынша түрлерін анықтауда қосымша көмек көрсету.

Жаңа түрі: табандары параллелограмм не ромб болған параллелепипедтің тік параллелепипед деп аталатынын айту.

4.Қасиеті:Параллелепипедтің диагоналдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.

Параллелептпедтің диагоналын табу формуласын қорытып шығару.

5.Жасаған постерлері бойынша топтар арасында хабарламалар жасату және презентация бойынша толықтыру.

Жұппен жұмыс:

(Жұптық жұмыс ережесімен қайталау немесе еске түсіру.

1-тапсырма. Дәптерлеріне параллелепипедтердің кескіндерін салу.

2-тапсырма. Фронтальдық жұмыс – дайын кескіндер арқылы есептер шығару.

3-тапсырма. Есеп.

Үш өлшемі бойынша параллелепипедтің диагоналын табыңдар.

Жеке жұмыс: Сабақта алған білімдерін саралауға арналған қалыптастырушы жұмыс.

Сұрақтар арқылы білімдерін тексеру.

(Өзін-өзі бағалау.)

Презентация: Параллелепипедтерді түрлері бойынша көрсету.

Шыныбеков Ә.Н. «Геометрия-11 » 18-19 беттер.

Қосымша № 2

Қосымша № 3

Кеспе қағаздарда салатын параллелепипедтерді көрсету

Қосымша № 4.

Параллелепипедтің кескіні

Кеспе қағаздардағы тест сұрақтары Қосымша №5

Соңы:

Қорытынды.

2 минут

Үйге тапсырма: Ағаш немесе қатты қағаздан :

а) тік; б) тікбұрышты; в) көлбеу параллелепипедтің моделін жасау.

Интернеттен жасау жолдарын қарау

Ой-толғаныс

3 минут

Рефлексия: Сабақ туралы өз ойларын жазу.

Стикерде белгілеу.

Қосымша №6.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Топтық жұмыс жоспарланған жұмыс, себебі сенімділігі аз оқушылар өз деңгейіндегі сенімдіоқушылармен жұмыс істейді.

Жеке жұмыс кезінде өз білімдерінің қаншалықты тыңғылықты екенін тексеріп, түсінбеген жақтарын анықтайды.

Жеке ой қорыта алу, дәлелді сөйлей алу жаза алу.

Қалыптастырушы бағалау оқушылар жұмысын бақылау және диалогты пайдалану арқылы өткізіледі.

1. ИКТ байланыс – қайталау кезінде интерактивті тақтаны пайдалану

2.Құндылықтар:

Оқушылар топтық жұмыс кезінде бірін-бірі қолдайды және сындарлы болады.

3.Оларда коммуникативті қасиеттерін дамытып мұғаліммен және өз тұстастарымен диалог жасау мүмкіндігі болады.

4.Белсенді қатысушылар өз зерттеулерінде жауапты оқушы ретінде қолдау қажеттігін сезінетін болады.

5.Көздері нашар көретін оқушыларды алға отырғызып, жағдай жасау.

Рефлексия

1.Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты?

2. Бүгін оқушылар нені үйренді?

3. Оқыту ортасы қандай болды?

4. Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма?

5. Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? 6.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.