Іштей сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы Сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.


 

Бағалау критерийлері

Үшбұрыш ауданын біледі, қолданады

Шеңберге іштей сызылған үшбұрыш арқылы ауданды табады

Шеңберге сырттай сызылған үшбұрыш арқылы ауданды табады

1. Үшбұрыш ауданы 24, ал іштей сызылған шеңбер радиусы 2-ге тең. Осы үшбұрыштың периметрін табыңдар.

2. Биіктігі 6-ға тең дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

3. Дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы 6-ға тең. Осы үшбұрыштың ауданын табыңдар.

4. Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы -ке тең. Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

5. АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңберге үш жанама жүргізілген. Қиылған үшбұрыштардың периметрлері 6, 8. 10. Берілген үшбұрыштың ауданын табыңдар.

6. Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың катеттері . Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

7. Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы -ке тең. Осы үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарын табыңдар.

8. Үшбұрыштың гипотенузасы 12-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

9. Үшбұрыштың қабырғасы 1-ге тең. Оған қарама-қарсы жатқан бұрыш 300. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

10. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғалары 40-қа, ал табаны 48-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

Қосымша

Суреттегі екі шеңбердің радиусын табыңдар

Үй тапсырмасы

  • Тік бұрышты үшбұрышқа іштей сызылған дөңгелектің ауданын табыңыз, егер катеттердің гипотенузадағы проекциялары және болса.
  • Тік бұрышты үшбұрыштың периметрі 24 см-ге, ал ауданы 24 см2-қа тең. Сырттай сызылған шеңбер радиусын тап.
  • Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300-қа тең. Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 4 см-ге тең болса, онда осы үшбұрыштың ауданын есептеңіз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу