Гомотетия және оның қасиеттері. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жазықтықтағы түрлендірулер

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Мұғалімнің КДМ

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Гомотетия және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.1.4.12 гомотетия кезінде әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

түрлендіру коэффициентінің таңбасы фигураның өзгеруіне әсер ететіндігін түсіну;

түрлендіруді дәл анықтау үшін нені беру керек екендігін білу.

 Бағалау критерийлері

 Дағды:

 Білу:

 Қолдану:

Оқушылар:

Түрлендіру коэффициентінің таңбасы фигураның өзгеруіне әсер ететіндігін түсінеді;

Берілген фигураға центріне және коэффициентіне байланысты гомотетиялы фигураны сала алады;

Түрлендіруді дәл анықтау үшін нені беру керек екендігін біледі.

 Тілдік мақсаттар

  • Оқушылар тақырып бойынша төмендегі терминология сөздерді біледі, қолданады:

Similar-Ұқсастық-Подобия

Enlargement-Гомотетия

Scale factor- Ұқсастық коэффициенті-Коэффициент подобия

Centre-Центр

Image-Бейне -Образ

Shape- Фигура

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» ұлттық идея

Топтық жұмыс, өз-өзін бағалау, бір-бірін бағалау арқылы оқушы бойына (Құрмет. Ынтымақтастық. Ашықтық. Еңбекқорлық тәрізді) құндылықтарды дарыту жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы есептерді шығару арқылы математиканың өмірмен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Active Inspirе тақтасымен жұмыс жасау

Бастапқы білім

Фигураларды түрлендіру және оның түрлері. Параллель көшіру, бұру. Гомотетияның анықтамасын және оның қасиеттерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Сәлемдесу.

ІІ. Өтілген материалды пысықтау, үй жұмысын тексеру.

5-15 минут

15-20 минут

20-28 минут

28-35 минут

Оқушыларды түстері арқылы жұпқа бөліне алатындай, ал түрлері арқылы топқа бөлінетіндей фигуралардың көмегімен алдымен топқа бөлеміз. Оқушыларға фигураларды жоғалтып алмауын ескертеміз.

Топтық жұмысты оқушыларға таратып,оқушыларға дайын сызбаларды қолданып, гомотетия арқылы алынған фигураларды салуы керек екенін бірге талдау арқылы түсіндіреміз.

Топтық жұмысты бастамас бұрын бағалау қалай жүргізілетінін түсіндіреміз.

Топтық жұмыс тапсырмалары:

(1-топ)

Суретте берілген тіктөртбұрышқа:

(а) центрі (-1; 0) нүктесінде жəне коэффициенті 2-ге тең болатын гомотетиялы тіктөртбұрыш салыңыз.

(ә) центрі (2; -1) нүктесінде жəне коэффициенті -1-ге тең болатын гомотетиялы тіктөртбұрыш салыңыз.

(б) Гомотетия центрі (0; 2) нүктесінде жəне коэффициенті -ге тең болатын бейнені салыңыз.

Бұл жұмыс арқылы оқушылардың назарын гомотетия центрі фигурадан тыс, ішінде, қабырғасында, төбесінде болатын гомотетияға аударамыз. Сонымен қатар оқушылармен бірге жасалған жұмысты талдай отырып, гомотетия коэффициенті болғанда центрлік симметрия болатынын көрсетеміз.

Суретте берілген трапецияға центрі (6; 0) нүктесінде жəне коэффициенті 3-ге тең болатын гомотетиялы трапеция салыңыз.

(2-топ)

Суретте берілген үшбұрышқа:

(а) центрі (2; 0) нүктесінде жəне коэффициенті -ге тең болатын гомотетиялы үшбұрыш салыңыз.

(ә) центрі (0; -2) нүктесінде жəне коэффициенті -ге тең болатын гомотетиялы үшбұрыш салыңыз.

Суретте берілген А фигурасына:

(а) центрі (0; 6) нүктесінде жəне коэффициенті -2-ге тең болатын гомотетиялы В фигурасын салыңыз.

(ә) центрі (-2; 8) нүктесінде жəне коэффициенті -1-ге тең болатын гомотетиялы В фигурасын салыңыз.

Бағалау критерийлері

  • Түрлендіру коэффициентінің таңбасы фигураның өзгеруіне әсер ететіндігін түсінеді;
  • Берілген фигураға центріне және коэффициентіне байланысты гомотетиялы фигураны сала алады;

Барлық жұмыстар сыныптың әр жеріне ілінеді. Оқушылар бағалау критерийлері арқылы Active Inspirе тақтасында шығарылған жауаптарды пайдаланып, жұмыстарды аралау арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Қажет болған жағдайда стикердін көмегімен оқушылар бір-біріне және мұғалім де кері байланыс береді.

Оқушыларды фигуралардың түстері арқылы жұпқа бөлеміз. Жұптық жұмысты бастамас бұрын бағалау қалай жүргізілетінін түсіндіреміз.

Жұптық жұмыс

Кіші фигура түпнұсқа, ал үлкен фигура бейнесі екені белгілі. Гомотетия центрін және коэффициентін анықтаңыз.

Бағалау критерийлері

  • Фигуралардың сәйкес төбелері арқылы түзулер жүргізілген
  • Қиылысу нүктесі көрсетілген
  • Гомотетия центрі координаттары дұрыс жазылған.
  • Гомотетия центрінің орналасуына қарай гомотетия коэффициентін дұрыс анықтайды.

Жұптар жұмыстарын сағат тіліне қарама-қарсы бағытта алмастырып, бағалау критерийлері бойынша тексереді.

Жеке тапсырма

Берілген фигураға центрі (0; -1) нүктесінде жəне коэффициенті -0,5-ке тең болатын гомотетиялы фигураны салыңыз.

Бағалау критерийлері

  • Түрлендіру коэффициентінің таңбасы фигураның өзгеруіне әсер ететіндігін түсінеді;
  • Берілген фигураға центріне және коэффициентіне байланысты гомотетиялы фигураны сала алады;

Жоғары деңгейлі тапсырма

Бір түрлендірумен P фигурасын Q фигурасына қалай көшіруге болатынын толығымен сипаттаңыз.

Бағалау критерийлері

  • Гомотетия түрлендіруі екені жазылған
  • Гомотетия коэфиценті дұрыс анықталған
  • Гомотетия центрі дұрыс көрсетілген

Қағаз қиындылары

Үлестірмелі материалдар

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма:

1. Егер ұқсастық коэффициенті k= - 2 тең болса, берілген АВС үшбұрышына центрі үшбұрыштың А нүктесіне қарағанда гомотетиялы үшбұрыш салыңыз.

Бір түрлендірумен АВС үшбұрышы көрсетілген бейнесіне қалай көшіруге болатынын толығымен сипаттаңыз.

Рефлексия

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу