Векторлардың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жазықтықтағы векторлар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Векторлардың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.3 координаталарымен берілген векторларға амалдар қолдану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар координаталарымен берілген векторларға амалдар қолдануға

байланысты есептерді шығарады

Бағалау критерийлері

координаталарымен берілген векторларды қоса алады;

координаталарымен берілген векторлардың айырмасын таба алады;

координаталарымен берілген векторларды санға көбейте алады;

координаталарымен берілген векторлардың ұзындығын таба алады.

Тілдік мақсаттар

векторларға қолданылатын амалдарды түсіндіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • вектор;
  • бірлік вектор;
  • нөлдік вектор;
  • коллинеар векторлар;
  • тең векторлар;
  • қарама-қарсы векторлар;
  • векторлардың координатасы;
  • векторларды қосу;
  • векторларды азайту;
  • вектордың ұзындығы (модулі).

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • векторларды қосу үшін ...;
  • векторларды санға көбейту үшін ...;
  • векторлардың қосындысы ... тең;
  • векторлардың айырмасы ... тең;

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығы бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығы жұппен жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығы өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады. Өз жұмысын дұрыс жауаппен тексеруде азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Векторлардың координаталары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Амандасу.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрады. Мұғалім өзінен бастайды:

«Қазір өз атыңыздың бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиеттерді айтыңыз. Мысалы, Мен Мөлдір, мейірімдімін».

Осындай жаттығу оқушылар өздерін бағалауға мүмкіндік береді.

Сабақтың ортасы

Өткенді еске түсіру

7 мин

«Бағдаршам» қалыптастырушы бағалау әдісі

«Үндемес» ойыны өткен материалды еске түсіру мақсатында тест түрінде өткізіледі. Әр оқушының қолына бағдаршам тәріздес сигналдық карта ретінде беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап, дұрыс жауапқа сәйкес түсті көтереді. Оқушылар бір-бірінен сұрамай, үндемей өздері орындауы тиіс. Оқушылар қате орындаған тапсырма болса, бірден сол тапсырманы тақтада талдап, кері байланыс беріледі.

1. және нүктелері берілген. векторының координатасын табыңыз:

2. векторының координатасы (7; -3), ал М координатасы (8; 8). Е нүктесінің координатасын табыңыз:

3. векторының координатасы , ал М координатасы (1; -14) . Егер векторы векторынына коллинеар болса, онда абсцисса осінде жататын К нүктесінің координатасын табыңыз:

Анықтау мүмкін емес

4. Шеңбердің центрінің координатасы (4; 4). Осы шеңбер абсцисса және ордината осьтерін сәйкесінше М және Т нүктелерінде жанап өтеді. векторының координатасын табыңыз:

Жауаптары:

  • Сары
  • Қызыл
  • Сары
  • Жасыл

1-4 слайд

Звавич Л.И. Тесты по геометрии. 9 класс. –М.:Экзамен, 2013-128 с

Проблемалық сұрақ

3 минут

-нің қандай мәндерінде төбелері нүктелерінде орналасқан үшбұрыш тең бүйірлі болады?

Тақырыпқа шығу.

Мақсатты анықтау.

5-слайд

6-8 слайд

Тақырыпты ашу

7 мин

Векторларды қосқанда олардың сәйкес координаталары қосылады:

болса, онда

1-мысал. болса, қосындысының координатасын табыңыз.

Шешуі.

Қарама-қарсы векторлардың координаталары қарама қарсы сандар.

Екі вектордың айырмасының әрбір координатасы осы векторлардың сәйкес координаталарының айырмасына тең:

болса, онда

2 - мысал. болса, айырмасының координатасын табыңыз.

Шешуі.

Векторларды санға көбейткенде олардың координаталары да санға көбейтіледі:

үшін

3-мысал. болса, және векторларының координаталарын табыңыз.

Шешуі. ;

.

9-14 слайд

Жұппен жұмыс

13 мин

«Сағат бойынша достар» әдісін қолданып, жұптық жұмысқа арналған тапсырмаларды орындайды. Оқушылар сағаттың циферблаты түрінде парақты 4 бөлікке жұптасып жұмыс істеу үшін, әр сағаттың жанында өздерінің сыныптастарының аты-жөнін (қайталанбауы керек) жазады. Мұғалім кездесу уақытын белгілейді және жұмыстың ұзақтығын анықтайды:

Келесі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз:

Сағат 9.00

Берілген және векторларының координаталарын анықтап, қосындысын табыңыз:

Дескриптор: Оқушы

  • Векторлардың координатасын анықтайды;
  • Векторларды қосу ережесін қолданады;
  • Векторлардың қосындысын дұрыс анықтайды.

Сағат 12.00

және болса, төменгілерді табыңыз:

Дескриптор: Оқушы

  • Векторды қосу ережесін қолданады;
  • Векторларды айырмасын анықтайды;
  • Векторлардың координаталарын анықтайды.

Сағат 15.00

және болса, төменгілерді табыңыз:

Дескриптор: Оқушы

  • Векторды санға көбейтеді;
  • Векторларды қосады;
  • Векторларды айырмасын анықтайды;
  • Векторлардың координаталарын анықтайды.

Сағат 18.00

болса, төменгі векторлардың модульдерін табыңыз:

Дескриптор: Оқушы

  • Векторлардың координаталарын анықтайды;
  • Векторлардың модульдерін табады.

Оқушылар жұбымен дәптер алмасып, бір-бірін кілт бойынша тексереді.

Кері байланыс.

1.Нені білдім?, Нені үйрендім?

2.Қай есеп оңай болды? Қай есеп қиын болды, неге?

Немен жұмысты жалғастыру қажет?

3.Қай есеп сізді қызықтырды? 

Қосымша 1

Жеке жұмыс

5 мин

Оқушылар өз қалаулары бойынша жасыл, сары және қызыл түсті карточкаларды таңдайды. Мұғалім алдын – ала сәйкес түсте қандай есеп болатындығын айтады. Түстерге сәйкес есептер деңгейге бөлінген:

Жасыл – қарапайым;

сары – орта;

қызыл – жоғары.

Жасыл карточка

1-тапсырма. центрі С болатын шеңбердің диаметрі.

a) векторының координатасын;

b) Q нүктесінің координатасын;

2-тапсырма. болса, векторының координатасын табыңыз.

Жауабы: 1. a) (2;1); b) (3; 3). 2. (-5;4);

Сары карточка

1-тапсырма. АВСD параллелограмм

векторының координатасын;

b) векторының координатасын;

c) нүктесінің координатасын;

2-тапсырма. болса, векторының координатасын табыңыз.

Жауабы: 1. a) (5;1); b) (-5; -1); c) D(-1; -2). 2. (1; 2).

Қызыл карточка

1-тапсырма. А(-1; 3) және В(3; k) нүктелерінің арақашықтығы 5 бірлікке тең.

  • векторының k-ға қатысты координатасын және ұзындығын жазыңыз;
  • k-ның мәндерін табыңыз.

2-тапсырма. және болса, векторының координатасын табыңыз.

Жауабы: 1. a);;

b) 2. (6;-5)

Бағалау критерийлері:

  • координаталарымен берілген векторларды қоса алады;
  • координаталарымен берілген векторлардың айырмасын таба алады;
  • координаталарымен берілген векторларды санға көбейте алады;
  • координаталарымен берілген векторлардың ұзындығын таба алады.

Кері байланыс.

Осы тапсырмада қайсысы сіздерге қиындық туғызды?

Неліктен?

Қай тапсырмада жауабы қате шықты?

Сіздерде қандай жауап шықты?

Қосымша 2

David Martin,

Robert Haese,

Sandra Haese,

Michael Haese,

Mark Humphries.

Mathematics for the international student.

Haese Mathematics, 2012

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс:

Оқушылар кезекпен тақтадағы сөздерді қолданып бір сөйлемнен сабақ туралы өз ойларын айтады

Мен білдім…

Маған қызық болды…

Маған қиын болды…

Мен орындай алдым…

Мен түсіндім…

Мен енді орындай аламын…

Мен өзімді сезіндім…

Мен жасай алдым…

Мені таң қалдырды…

Маған ұнады …

Мен қолдана аламын...

Үй жұмысы

№1.Егер және болса, төменгілерді табыңыз:

№2. болса, төменгілерді табыңыз:

15 слайд

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, деңгейлік тапсырмалар және қосымша тапсырмалар құрастырылды.

Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін тексереді. Топтар бір-бірін бағалайды.

Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі.

Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.