Үшбұрыш ауданы. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ.


Топпен жұмыс

Доғалбұрышты үшбұрыш тың бір қабырғасы мен осы қабырғаға түсірілген биіктігі бойынша ауданының формуласын қорыту

Сүйірбұрышты үшбұрыш тың бір қабырғасы мен осы қабырғаға түсірілген биіктігі бойынша ауданының формуласын қорыту

Тікбұрышты үшбұрыш тың бір қабырғасы мен осы қабырғаға түсірілген биіктігі бойынша ауданының формуласын қорыту

Ауызша жаттығулар

Торкөздері бірлік квадраттар болатын торкөз қағазда бейнеленген үшбұрыштың ауданын табыңыз.

№1

№2

№3

Деңгейлік тапсырма.

А деңгей

Үшбұрыштың ауданы 48 см2. Оның 32 см болатын қабырғасына жүргізілген биіктікті табыңыз.

В деңгей

Медиана үшбұрышты теңшамалы екі үшбұрышқа бөлетінін дәлелдеңіз.

С деңгей

Үшбұрыштың орта сызығымен бөлінген үшбұрыштың ауданы берілген үшбұрыштың қандай бөлігін құрайды?

Қалыптастырушы бағалау

Сынып___ Оқушы_________________ Мерзімі______

Оқу мақсаты

Дағдылар

Бағалау критерийі

8.1.3.12 үшбұрыш ауданының (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарым көбейтіндісі) формуласын қорытып шығарады және оны қолданады.

Талдау

Қолдану

-үшбұрыш ауданының (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарым көбейтіндісі) формуласын біледі;

-теңқабырғалы үшбұрыш ауданын тікбұрышты үшбұрыш

табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарым көбейтіндісі формуласын қолданып қорытады;

-есептің математикалық моделін дұрыс құрады;

-есеп шығаруда формуланы дұрыс қолдана алады.

Тапсырма

  • Теңқабырғалы үшбұрыш ауданының формуласын табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарым көбейтіндісі арқылы қорытыңыз.
  • Мысал келтіріңіз.

Үй тапсырмасы.

  • Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы 168 см². Егер катеттерінің ұзындықтарының қатынасы 7:12 қатынасындай болса, осы катеттерді табыңыз.
  • Барлық биіктіктері 1 см-ден кем, ал ауданы 1 м2-ден артық болатын үшбұрыш табыла ма?

Кері байланыс 3-2-1стратегиясы бойынша параққа толтырылады.

3

Сабақтан не алдың (үш пікір)

2

Нені түсінбедің

(екі сұрақ)

1

Ұсыныс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу