Үшбұрыш ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3Аудан. Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары | Мектеп: Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ: 1 | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Үшбұрыш ауданы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.12 үшбұрыш ауданының (, табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарым көбейтіндісі) формуласын қорытып шығарады және оны қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Үшбұрыштың ауданының (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарым көбейтіндісі) формуласын қорытады, дәлелдеуін біледі. Үшбұрыштың ауданын басқа да тәсілдермен есептеп, салыстырады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -үшбұрыштың ауданының (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарым көбейтіндісі) формуласын біледі; -үшбұрыш ауданының (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарым көбейтіндісі) формуласын қорытып шығарады; -есептің математикалық моделін дұрыс құрады; -есеп шығаруда формуланы дұрыс қолдана алады. Жеке жағдайларды қарастыра отырып, жалпы формуланы шығарып алу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды; - формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды; - фигуралар аудандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді; - есептердің шешімдерінің қадамын сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология: - шама, өлшем бірлігі; - ауданы, ұзындығы, ені; - периметр, жарты периметр; - жай фигура, жазық фигура; - тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар; - көпбұрыш ауданы; - төртбұрыш ауданы; - параллелограмм ауданы; - квадрат ауданы; - тіктөртбұрыш ауданы; - ромб ауданы; -үшбұрыштың ауданы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм /ромб/ ауданын анықтау үшін ... қажет - ...формуланы қолдану үшін ..... қажет. - егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы …. - тең шамалас ... бөліңіз. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сұрақтар қою, салыстыру жүргізу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға ықпал ету, бірлесіп проблеманы шешуге, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға дағдыландыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Үшбұрыштың ауданын табуды практикалық жағдайларда қолдану. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану тдағдылары | Компьютерлік бағдарламаларды пайдалану. http://bilimland.kz сайттарындағы тапсырмаларды орындау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Үшбұрыш және оларға қатысты теоремаларды түсіну; нақты геометриялық сызбаларды орындау іскерліктері. Үшбұрыштың түрлері, тік бұрышты үшбұрыш, тең шамалас фигуралар, төртбұрыш ауданы, параллелограмм ауданы, квадрат ауданы, тіктөртбұрыш ауданы, ромб ауданы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Өткен тақырып, үй жұмысы бойынша оқушылардың сұрақтарына мұғалім жауап береді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 9 мин 5 мин 2 мин 8 мин. 7 мин | ІІ. Оқушылардың білімін өзектендіру.
Сұрақтар: Үшбұрыштың ауданын қалай табуға болады? Дайын формуланы білесіздер ме? Ондай формуланы өзіміз шығара аламыз ба? Жаңа білімді игеруге дайындық мақсатында практикалық тапсырма. Үшбұрыш ауданы туралы теореманы оқып үйрену алдында оқушыларға табаны мен оған түсірілген биіктігі белгілі параллелограмның ауданын есептеуге тапсырмалар орындау үшін әр жұпқа картон моделін таратады.
Басқа тәсілді қолданып дәлелдеген жұп болса, тақтада көрсетеді. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың зейінін шоғырландырып, олармен бірге сабақ тақырыбы мен мақсаттарын/ОМ анықтап алады. Бүгінгі сабақтың мақсаты: табаны мен оған түсірілген биіктігі белгілі болғанда үшбұрыштың ауданын анықтау. Ол үшін үшбұрыштың табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарым көбейтіндісін табу қажет. 1-, 2-бейнересурс арқылы жұптар өз қорытындысын салыстырады. (39// және 28//) Мұғалім: бұл-үшбұрыш ауданының бір формуласы. Оны өзіміз жұппен қорытып дәлелдейік. Әр оқушы 3-бейнересурста берілген дәлелдемемен өз дәлелдеуін салыстырады.(Басынан 5/38// дейінгі аралық) ІІІ. Жаңа материалды меңгерту Топпен жұмыс Таңдаған үшбұрыштың түрлері бойынша (доғал бұрышты, сүйір бұрышты, тік бұрышты) оқушыларды 3 топқа біріктіріледі. Әр топ өзінің таңдаған үшбұрышына қатысты тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындауда оқушылардың ойын топпен талқылауға мүмкіндік беріледі. Қажет жағдайда үшбұрыштарды параллелограмға немесе тіктөртбұрышқа толықтыру ұсынылады, параллелограмм немесе тіктөртбұрыш аудандары арасында қандай байланыс бар екенін еске түсіріледі. Есеп шешу барысында да параллелограмм диагоналы оны тең екі үшбұрышқа бөлетініне ерекше көңіл аударылады. Оқушы жеке ойланады, жұпта ойымен бөліседі, топта талқылайды. Топтардың тұжырымы тыңдалады. Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Қорытынды жасалады. IV. Тақырыпқа қатысты терминдермен танысу
V. Ауызша жаттығулар орындау. Жеке жұмыс. Торкөздері бірлік квадраттар болатын торкөз қағазда бейнеленген үшбұрыштың ауданын табыңыз.
Өз жауаптарын тақтадағы жауаптармен салыстырады. Деңгейлік тапсырма. А деңгей Үшбұрыштың ауданы 48 см2. Оның 32 см болатын қабырғасына жүргізілген биіктікті табыңыз. В деңгей Медиана үшбұрышты теңшамалы екі үшбұрышқа бөлетінін дәлелдеңіз. С деңгей Үшбұрыштың орта сызығымен бөлінген үшбұрыштың ауданы берілген үшбұрыштың қандай бөлігін құрайды? Басқа оқушылармен жауаптарын салыстырады. (орындарынан тұрып жүруге болады) Дайын жауап арқылы өзін-өзі бағалайды. VI. Қалыптастырушы бағалау Сынып___ Оқушы_________________ Мерзімі______
| Презентация. (3- слайд) Презентация. (1-, 2-, 4-, 5-слайд) 1-, 2-бейнересурс 3-бейнересурс Презентация. (6-слайд) Презентация. (7-слайд) Презентация (8-10 слайд) Презентация (11-13 слайд) Презентация (14,15- слайд) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | VІІ. Кері байланыс: 3-2-1стратегиясы
Үйге тапсырма. 1.Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы 168 см². Егер катеттерінің ұзындықтарының қатынасы 7:12 қатынасындай болса, осы катеттерді табыңыз. 2. Барлық биіктіктері 1 см-ден кем, ал ауданы 1 м2-ден артық болатын үшбұрыш табыла ма? | Презентация (16,17- слайд) парақты толтыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың жаңа білімді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар арқылы ұсынылады. | Қалыптастырушы бағалау арқылы өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды. | Көзге жаттығу жасату | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әдебиеттер:
- Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия-8. 16-24,78-83 беттер.
- Р.К. Гордин Планиметрия, 7-9 кл
- Л. С. Атанасян « Дополнительные главы по геометрии» 7-9 кл
- Приложение к газете «Первое сентября» «Математика» -1999 г №3, №5
- http://bilimland.kz/ru/#lesson=10053 5-бет
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру