Үшбұрыш ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3Аудан. Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары | Мектеп: Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||
Сабақ: 3 | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Үшбұрыш ауданы. | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.12 үшбұрыш ауданының (, екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышының синусының жарым көбейтіндісі) формуласын қорытып шығарады және оны қолданады. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Үшбұрыштың ауданының (екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышының синусының жарым көбейтіндісі) формуласын қорытады, дәлелдеуін біледі. Үшбұрыштың ауданын басқа да тәсілдермен есептеп, салыстырады. Жеке жағдайларды қарастыра отырып, жалпы формуланы шығарып алу. | ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды; - формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды; - фигуралар аудандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді; - есептердің шешімдерінің қадамын сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология: - шама, өлшем бірлігі; - ауданы, ұзындығы, ені; - периметр, жарты периметр; - жай фигура, жазық фигура; - тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар; - көпбұрыш ауданы; - төртбұрыш ауданы; - параллелограмм ауданы; - квадрат ауданы; - тіктөртбұрыш ауданы; - ромб ауданы; -үшбұрыштың ауданы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм /ромб/ ауданын анықтау үшін ... қажет - ...формуланы қолдану үшін ..... қажет. - егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы …. - тең шамалас ... бөліңіз. | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сұрақтар қою, салыстыру жүргізу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға ықпал ету, бірлесіп проблеманы шешуге, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға дағдыландыру. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Үшбұрыштың ауданын табуды практикалық жағдайларда қолдану. | ||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану тдағдылары | Компьютерлік бағдарламаларды пайдалану. http://bilimland.kz сайттарындағы тапсырмаларды орындау. | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Үшбұрыштың түрлері, тік бұрышты үшбұрыш, тең шамалас фигуралар, төртбұрыш ауданы, параллелограмм ауданы, квадрат ауданы, тіктөртбұрыш ауданы, ромб ауданы. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 6 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушылардың өткен тақырып, үй жұмысы бойынша сұрақтарына жауап береді. Үй жұмысын тексеру.
Жауабы : 1:3
Жауабы : 15 Жеке жұмыс
Жауабы: 54 см2 . | Презентация. (1- 4-слайд) | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 мин 5 мин 5 мин 7 мин 7 мин 6 мин | ІІ. Оқушылардың білімін өзектендіру.
Сұрақтар: «Кез келген үшбұрыштың ауданын қалай табуға болады? Қандай формуланы қолдануға болатынын білесіз? Формуланы өзіңіз қорыта аласыз ба?» Жаңа білімді игеруге дайындық мақсатында практикалық тапсырма. Кез келген үшбұрыштың ауданы туралы теореманы оқып үйрену алдында әр жұпқа параллелограмның картон моделі таратылады. Оқушылар екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы берілген параллелограмм ауданын есептеуге тапсырмалар орындайды: -екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы берілген параллелограмм ауданын анықтаңыз; -берілген бұрышқа қарсы жатқан диагоналі арқылы параллелограмды екі үшбұрышқа бөліңіз; -пайда болған үшбұрыштың біреуінің ауданын табыңыз. -қорытынды жасаңыз. Басқа тәсілді де қолданып дәлелдеген жұп болса, тақтада көрсетеді. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың зейінін шоғырландырып, олармен бірге сабақ тақырыбы мен мақсаттарын/ОМ анықтап алады. Бүгінгі сабақтың мақсаты: Үшбұрыштың ауданы екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышының синусының жарым көбейтіндісіне тең формуласын қорыту, дәлелдеу. ІІІ. Жаңа материалды меңгерту Топпен жұмыс Таңдаған үшбұрыштың түрлері бойынша (доғал бұрышты, сүйір бұрышты, тік бұрышты) оқушылар 3 топқа біріктіріледі. Тапсырманы орындауда оқушылардың ойын топпен талқылауға мүмкіндік беріледі. Параллелограмға толықтыру ұсынылады, үшбұрыш ауданы екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы синусының жарым көбейтіндісі болатынын қорытып дәлелдеуі қажет. Осыдан кейін 1-бейнересурста (Басынан 2/55// дейінгі аралық) берілген дәлелдемемен өз дәлелдеулерін салыстырады. Жеке жағдайларды қарастыра отырып, жалпы формуланы шығарып алу. Жұппен жұмыс Оқушылар 1- және 2-тапсырмадағы есепті жұппен орындайды, олардың шешімдерін 1-бейнересурста (2/55//-тан соңына дейінгі аралықта) , 2-тапсырмадағы есепті шешімдерін 2-бейнересурста берілген шешімдермен салыстырады.
Жауабы: 16 см.
Жауабы: 10 см2. IV. Тақырыпқа қатысты терминдермен танысу
V. Деңгейлік тапсырма. А деңгей 1. Үшбұрыштың екі қабырғасы 3 см және 7 см және олардың арасындағы бұрышы 300 болса, оның ауданын табыңыз. Жауабы: 5,25 см2. В деңгей 2.Үшбұрыштың екі қабырғасы 6 см және 5 см болса, оның ауданы: а) 10 см2; б) 15 см2; в) 20 см2 бола ала ма? Жауабы: а) Ия; б) Ия; в) Жоқ. С деңгей 3. Егер екі үшбұрыштың бір бұрыштары тең болса, онда олардың аудандарының қатынасы осы бұрыштарды құрайтын қабырғалардың көбейтіндісінің қатынасындай болатын дәлелдеңіз. Өз дәлелдеуін 3-бейнересурстағы (12/20//-тан соңына дейінгі аралықта) дәлелдеумен салыстырып, өзін-өзі бағалайды. Бағалау критерийі - үшбұрыштың ауданы оның екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышының синусының жарым көбейтіндісі формуласын біледі; - үшбұрыштың ауданы оның екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышының синусының жарым көбейтіндісі формуласын қолданып қорытады; -есептің математикалық моделін дұрыс құрады. VІI. Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсыну. Деңгейлік тапсырмаларды ерте аяқтаған оқушылар таңдауы бойынша кез келген тапсырманы орындауына болады. №1. a және b катеттері бойынша тік бұрыштың биссектрисасын табыңыз. Жауабы: VІ. Қалыптастырушы бағалау (Дидактикалық материалда) | Презентация. (5- слайд) Презентация. ( 6-9-слайд) Таратпа материал 1-бейнересурс https://www.youtube.com/watch?v=Ds4OPGbT15o 2-бейнересурс https://www.youtube.com/watch?v=5xUEjGio8c8 Презентация. (10-слайд) Презентация (11-13- слайд) 3-бейнересурс https://www.youtube.com/watch?v=5xUEjGio8c8
| |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
| VІІ. Кері байланыс
Кері байланыс Үшбұрыш ауданын екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышының синусының жарым көбейтіндісі бойынша анықтауда өзіңізді суреттегі қандай адаммен сәйкестендіресіз? Неліктен? Стикерге нөмірі мен себебі қысқаша жазылады. | парақты толтыру | |||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Қабілетті оқушыларға күрделі есептер ұсынылады. | Қалыптастырушы бағалау арқылы өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды. | Көзге жаттығу жасату | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әдебиеттер:
- Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия-8. 16-24,78-83 беттер.
- Р.К. Гордин. Планиметрия, 7-9 кл
- Л.С. Атанасян. «Дополнительные главы по геометрии» 7-9 кл
- Приложение к газете «Первое сентября» «Математика» -1999 г №3, №5
- https://www.youtube.com/watch?v=5xUEjGio8c8
- https://www.youtube.com/watch?v=Ds4OPGbT15o
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру