Ойынды тестілеу. Сауалнама және ақпараттар жинау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3А Бөлім – Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойынды тестілеу. Сауалнама және ақпараттар жинау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1

Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау

 Сабақ мақсаттары

  • Үстел үсті ойындарын өзара топ арасында арнайы критерийлер көмегімен тестілеуден өткізу;
  • Үстел үсті ойындары туралы талдау жасау және пікір алмасу;
  • Берілген ұсыныстар бойынша толықтырулар мен өзгертулер еңгізу.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Үстел үсті ойындарын бағалауға арнайы критерийлер құрып, тестілеуден өткізеді;
  • Өз ойын, пікірін ашық түрде жеткізеді;
  • Ұсыныстарды қабылдап, жетілдіру жұмыстарын орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Үстел үсті ойындарының ережесі мен нұсқаулығын түсіндіреді;
  • Тестілеу кезіңде кездескен қиындықтар мен мәселелердің түрлерін анықтайды, сипаттайды;
  • Сабақтың техника қауіпсіздігі туралы айтып береді.

Пәндік лексика және терминология:

Ойын алаңы, фишкілер, кәртішкелер, ойын тастары, тестілеу,

  • Мен бұл құрал- жабдықтарды... барысында қолдандым. Себебі ... тиімді болды.
  • Мен бұл материалдарды қолданған себебім ...
  • Мен өз ойынымды...әдісі арқылы безендірдім.

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, технология, математика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Топта бірлесе жұмыс орындайды. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Өткен сабақтарда үстел үсті ойындарыңыздың элементтерін, бөлшектерін дайындадыңыздар, бүгінгі сабақта қандай жұмыс жасалады деп ойлайсыздар?

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ

Бүгінгі сабақта біз үстел үсті ойының тестілеуден өткізетін боламыз.

Сабақтың ортасы

10 мин.

20 мин.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Әр топ өзінің ойынын көрсетеді. Топ мүшелері ойын ережелерін түсіндіре отырып, ойнайды содан соң басқа топтарды ойын ойнауға үйретеді.

Талдауға арналған сұрақтар.

  • Ойынды тестілеуге болады ма?
  • Тестілеу не үшін жүргізілетінін ойланып жауап беруін оқушыларға ұсыныңыз?
  • Тест көмегімен нені анықтауға болады?
  • Ойынды тестілеуге қандай өлшемдер керек?
  • Олар жаңа ойынды қалай тестілер еді?
  • Сауалнаманы қандай мақсатта жүргізеді?

Талдау жұмысынан кейін, оқушылар бүкіл сынып болып үстел ойындары үшін тест құрастыру мен сауалнама сұрақтарына жалпы талаптар қояды.

Тапсырма. Тәжірбиелік жұмыс.

Сауалнаманы кесте түрінде құруға болады. Мысал:

Теттілеу сұрақтары

Пікірлер

1

Ойыншы ат- жөні

 

2

Жасы

 

3

Ережесі түсінікті ме? 

 

4

Ойынның бір партиясы қанша уақыт қажет етеді?

 

5

Сіздің ойыңызша ойынның жетілдіретін тұстары барма?

 

6

Ойынның ойын алаңының дизайны сізге ұнайды ма?

 

7

Ойынның бөлшектерінің дизайн үлгісі ұнайды ма?

 

Ойынды бағалау критерийлері мыналарды қамтулары мүмкін:

  • Ойыншылар арасындағы келіссөздердің маңыздылығы;
  • Үзілістің болуы;
  • Ойыншылардың қызығушылығы;
  • Ойын бөлшектерінің сапалығы;
  • Ойынның күрделілігі;
  • Ойыншылар арасындағы өзара әрекеттесу;
  • Тілге тәуелділік;
  • Партияның ұзақтығы;
  • Түпнұсқалығы;
  • Ойынның орташа ұпайы;
  • Түрлі деңгейдегі ойыншылардың қатысуы;
  • Ойынға қажетті үстелідің өлшемі;
  • Ойынға дайындалу уақыты;
  • Сақтау ыңғайлылығы.

Содан соң сыныпта әр топтан бір оқушыдан комиссия мүшелері құрылып әр ойынды тестілейді және сауалнама жүргізеді. Сауалнама мен тестілеу нәтижесінде комиссия мүшелері қорытынды шығарады.

Топтар өздерінің тестілеу, талдау жұмыс нәтижелерін бүкіл сынып алдында көрсетеді. Таныстыруға әр топқа 2-3 минут уақыт беріледі.

Дискрипторлар:

  • Тестілеу сауалнамасын құрадаы;
  • Берілген ұсыныстар бойынша қателіктерін түзетеді;
  • Үстел үсті ойындарын критерийбойынша бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=l8JqjRFQJm8

Ең үздік 5 үстел үсті ойыдары

http://boardgamer.ru/kriterii-ocenki-nastolnyx-igr

үстел үсті ойының бағалау критерийлері

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия: «Екі жұлдыз- бір тілек» әдісі арқылы.

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген техника қауіпсіздігін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу