Үстел үсті ойындарын дайындау. Материалға өлшем қою және дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Үстел үсті ойындарын дайындау. Материалға өлшем қою және дайындау» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің бесінші тақырыбы. Сабақта оқушылар үстел үсті ойындарын техникалық және графикалық құжаттарға сүйене отырып, алғашқы тәжірбиелік жұмыстарын орындайтын болады. Сабақты өткізбес бұрын үстел үсті ойындары туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер және техникалық, графикалық құжаттар туралы оқып алу ұсынылады.

Сабақ зерттеу, қолдану дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Кез- келген ойын түрінде оқушылардың назарын сабаққа көңілдерін аударуға болады. Мысалы: оқушылар орындарынан тұрып, парталасымен жұптасып, бір- біріне өткен сабақта алған білімдеріне кері байланыс беру арқылы өқысқаша шолу жасатуға болады. Қажет болған жағдайда жұптағы оқушылар ауысуға болады. Осыдан кейін оқушыларға сабақтың ережесін естеріне түсіріңіз.

Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды талдау арқылы жаңа сабақтың мақсатын байланыстыру ұсынылады.

Сабақ барысы

Презентация:....

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері мен термин сөздіктермен таныстырыңыз. Таныстырып болғаннан кейін тәжірбиелік жасауларына көмек ретінде арнайы бейнебаян ұсынуға болады. Мысалы:

https://www.youtube.com/watch?v=TrQB19N7_CY

10 минут ішінде үстел үсті ойының дайындау.

Бейнебаяннан кейін оқушыларға сұрақ қойыңыз.

Бейне баяннан кейін үстел үсті ойындарын дайындау туралы не білгендері туралы әңгімелесіңіз. Бұл диалог арқылы оқушылардың өз идеяларын толық жеткізуге көмектеседі. Қажет болған жағдайда түзетулер еңгізіңіз.

Қажет болған жағдайда үстел ойындарын қолда бар материалдар көмегімен қалай дайындауға болатының көрсетуге болады.

Оқушылар өткен сабақта бөлінген топ (көңіл- күй көтеретін үстел үсті ойыны, үйрету ойындары, басқатырғыш, коммуникативтік ойындар (қарым- қатынасқа арналған ойындар), зияткерлік) атаулары арқылы жұмыстарын жалғастыру ұсынылады. Тапсырманы бастамас бұрын сыныптағы оқушылардың құрал- жабдықтарын, қажетті құжаттарын және материалдарын тексеріп шығыңыз. Оқушыларға ойын элементтерін дайындауға тиімді әдіс- тәсілдерді көрсетіп, баяндап, түсіңдіріңіз.

Топтық жұмыс.

Оқушылар өткен сабақта топқа бөлінген сыныптастарымен бірге тәжірбиелік жұмыс орындайтын болады. Ойынның бөлшектерін және ойын алаңдарының эстетикалық түрін жақсарту мен өз шығармашылық идеяларын іске асыру үшін оқушылар түрлі материалдарды құрамдастыра алады.

Оқушылардың назарына материалдарды алғашқы өңдеу кезеңдерін ұсыныңыз.

Әр топқа ойынның дайындалу кезеңдерін фотосуретке немесе бейнематериалдарға түсіріп, алдағы уақытта өз таныстырылымдарына қолдануды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында материалдар шығындарын үнемдеу мақсатында мұғалім оқушылардың бөлшектердің өлшемдерін материалға дұрыс түсірілгенін қадағалау керек. Және де өлшемдерді түсіруде жиектерінен артық өлшем қалдыру керек екендерін ескертіңіз. Өңдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында.

Оқушылар өз нәтижелерін таныстырады. Әр топтың таныстырылымына 2-3 мин уақыт беру ұсынылады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Бағдаршам» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу