Идеяларды талдау және нобайды орындау. Жұмысты жоспарлау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын зерделеу» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің үшінші тақырыбы. Сабақ қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарының бірі дөңгелек үстелінің орындалу технологиясы мен қолданылған материалдар туралы зерттеу жұмыстарын орындайтын болады. Сабақты өткізбес бұрын қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер туралы оқып алу ұсынылады.

Сабақ зерттеу, қолдану дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Кез- келген ойын түрінде оқушылардың назарын сабаққа көңілдерін аударуға болады. Мысалы: 1 дегенде оң қолды алдыға созып, сол қолды құлақтың тұсына қойып, 2 дегенде екі қолды шапалақтап, 3 дегенде сол қолды алдыға созып, оң қолды құлақтың тұсына қойып санау жүргіземіз. Осылайша 5 қайтара санау жүргізуге болады.

Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды талдау арқылы жаңа сабақтың мақсатын байланыстыру ұсынылады.

Сабақ барысы

Презентация:....

Жаңа сабақты бастамас бұрын тақырыпқа сай бейнебаян (жиналмалы қазақша үстел) көрсетіп алғаныңыз жөн. Бейнебаяннан кейін оқушыларға сұрақ қойыңыз.

Тапсырма №1. Топтық жұмыс.

Сыныпты шағын топқа бөліңіз. Оқушыларға қазақтың ұлттық дөңгелек үстелінің фотоларын, суреттерін, сызбаларын немесе арнайы бейнебаян көрсету ұсынып, бірге талқылаңыз. Талқылауда қарастыратын сұрақтар;

Үстел қандай формада болады?

Үстелдің үстіңгі тақтайы және аяқтары қандай материадан жасалады?

Үстіңгі бетінің диаметр өлшемі қандай болады?

Үстелдің биіктігі қандай болады?

Үстел бүтін, құрастырмалы немесе жиналмалы болады ма?

Үстел үсті бетінің безендіруін анықтайды.

Оқушылар өз нәтижелерін таныстырады. Әр топтың таныстырылымына 2 мин уақыт беру ұсынылады.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс.

Бұл тапсырмада оқушылар топта отырып қазақтың дөңгелек үстелін ою- өрнектер арқылы безендіріп, нобайын орындайтын болады. Сонымен қатар, оқушылар қазақтың ұлттық дөңгелек үстелін дайындауға қажетті техникалық құжаттар дайындайтын болады. Оқушылар техникалық құжат деген түсінікпен өткен бөлімдерде таныс болатын.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу