Жұмысты таныстыру. Көрме ұйымдастыру. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Жұмысты таныстыру. Көрме ұйымдастыру

Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты мен бағалау керитерийлерін анықтау.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтаңыз.

«Мен қалаймын...» әдісі арқылы оқу үдерісін бастау ұсынылады. Оқушылар түрлі түсті стикерлерде сыныптастарына сәтті жобаның таныстырылуы мен сабақтың жақсы өтуіне байланысты тілектерін білдіреді.

Көрменің тақырыбы:

«Роботтар мен автокөлік»

Оқушылар тоқсан бойы жасаған жобаларын мектеп аудиториясына таныстырады.

Ол үшін оқушыларға топта(жобаны орындаған топтарында) жобалық жұмыстарын ұсынуға байланысты шығармашылық идеяларын ұсынулары қажет. Жауаптарды Инфокартаға жазу қажет:

Сұрақтар

Жауаптар

1

Көрмені қайда ұйымдастыруға болады?

2

Жобалық бұйымды таныстыру үшін презентацияның қандай түрін қолдануға болады?

3

Ол үшін не істеу қажет?

Оқушылар жауаптарын бір-біріне ұсынады.

Жаңа ақпарат.

Жобалық жұмыстарды таныстыру барысында өткізіліп жатқан іс-шаралар мен бірге қоршаған ортаның байланысын ескерген дұрыс. Көлік құралдары мен робот бұйымдарын таныстыруды сыныпта, мектептің кез келген залында, кітапханада және т.б. орындарда ұйымдастыруға болады.

Шығармашылық жұмыс. Таблицамен жұмыс.

Таблицаны толтыру барысында оқушылар іс-шараны ұйымдастырудың түрлі варианттарын қарастырады.

Көрме өтетін орын

Нені дайындау қажет?

Қалай ұйымдастыруға болады?

Сынып

Спорт залы

Кітапхана

Акт залы

Бірлесе әңгімелесу

Белгілі кезеңділікті сақтай отыра оқушыларға жұппен бірнеше идеяларды талдап өту қажет.

  • Музыкалық сүйемелдеудің мүмкіндіктерін қарастырыңыздар;
  • жарықтың бар - жоғын қарастырыңыз;
  • белгілі бір орынның барын қарастырыңыз(жобалық жұмыстардың орналасуын қарастырыңыз);
  • парта, орындықтар, және басқа да жабдықтарды дайындаңыз.

Егер де көрме сайыс түрінде өткізілсе, онда қазылар алқасының мүшелерін таңдау қажет. Ол үшін жоғары сыныптардың оқушыларын қазылар алқасы ретінде шақыруға болады. Қазылар алқасының бағалауына қарай жеңімпаздарға аталымдар ұсынуға болады. Бағалаудың критерийлері ретінде ұтымды дизайн, ең үлкен жұмыс және т.б.

Шығармашылық жұмыстарды ұсыну. Тапсырма

1 кезең

Көрмеге көрермендерді шақыру үшін оларды қалай жинау керектігі жөнінде ойлану қажет. Ол жарнама немесе шақыру билеттері бола алады. Сонымен қатар, оқушылар электрондық презентация да ұйымдастыра алады. Оқушылар жұмыстар таныстыру үшін бірнеше слайдтан тұратын электрондық презентация дайындай алады. Бұл презентацияда бұйымды жасау барысы толықтай көрсетілуі тиіс. Қолданылған техникалармен материалдар көрсетілуі тиіс.

2 кезең

Ең жақсы жұмысты анықтау. Бұйымды жасаған топтың мүшелерінің бірі презентацияны таныстырып жатса, келесісі щақыру билеттерімен айналысуы қажет. Сол арқылы уақытты үнемдеуге мүмкіндік туады.

3 кезең

Таныстырылымды(көрме, жәрмеңке, мектепішілік байқау және т.б. ) ұйымдастыру.

4 кезең

Алдын ала құрылған критерийлерге сай шығармашылық жұмыстарда қолданылған әдіс-тәсілдерді, техникалар мен қолданылған материалдарға комментарийлер беру.

Сабақтың қорытындылау.

Оқушылардың жұмыстарының презентациясын қортындылау.

Сабақ соңында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, рефлексия өткізеді.

Кері байланыс

Оқушылар қол шапалақтау арқыыл сабақтың қалай өткенін анықтайды. Неғұрлым қол шапалақтау ұзақ әрі қатты болса, онда сабақ та соғұрлым сәтті өткені.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу