Бұйым дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.
Бөлім: Сәндік – қолданбалы өнер
Сабақ тақырыбы: Бұйым дайындау.
Оқу мақсаттары:
6.2.3.3
Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану
6.2.6.1
Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.
Сабақ барысы
Сабақ практикалық тапсырманы орындауға негізделген. Оқушылар жасаған нобайларының негізінде практикалық тапсырмаларын жалғастырады. Нобайларының негізінде практикалық тапсырмаларының жоспарын құрастыру қажет. Жоспар бірнеше сабаққа арналуы тиіс. Бұл оқушылардың жобалық тапсырмаларын ұзақмерзімді жоспар құра отырып, орындауға ынталандырады. Жоспарды АКТ дағдыларын қолданып жасауға болады. Жоспарда нобайдың көшірмесі, қолданылатын материалдармен, құрал-жабдықтар, қандай қауіпсіздік техникасын сақтауы тиістігі, тапсырманы орындауға берілген уақыттық кезеңдері көрсету ұсынылады.
Сұрақтарға жауап бер.
Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар қазақтың дәстүрлі зергерлік бұйымдарының өзге елдердің әшекейлерінен не ерекшелендіретіндігін көрулеріне болады. Оқушылар бұл бөлімнің алғашқы сабағында қазақ зергерлік бұйымдарын әлемнің өзге мәдениеттеріндегі зергерлік бұйымдармен салыстырған болатын. Бұл сұраққа оқушылар зергерлік бұйымдардың пішіні, қолданылатын ою-өрнектердің түрлеріне мән беру қажет.
Келесі сұрақ зергерлік бұйымдарда қандай ою-өрнектер қолданылатындығына баса назар аударуға арналған. Себебі зергерлік бұйымдарда қазақ ұлттық мәдениетіне тән ою-өрнектер қолданылады. Мысалы, геометриялық, зооморфтты немесе өсімдік тектес өрнектер.
Зергерлік бұйымдарда қолданылған тастардың түсіне мән беру ұсынылады. Бұл оқушылардың жобаларына өз септігін тигізуі мүмкін. Егер де сабақтың уақыттық мерзімі жеткілікті болса, зергерлік бұйымдарда қолданылған тастардың түстерінің мәніне тереңірек тоқталу ұсынылады. Және қазақ мәдениетіндегі зергерлік бұйымдардың мән-мағынасына да назар салғаныңыз құптарлық. Бұл оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп, әшекей бұйымдарын жасауға ынтасын оятады.
Топтық жұмыс.
Бұл практикалық жұмыс 15 минутқа арналған. Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, қазақтың зергерлік бұйымдарының түрлеріне қарай заманауи үлгідегі нобайын жасау ұсынылады. Немесе ұсынылған қазақтың зергерлік бұйымдарын қолда бар материалдарды қолдана отырып, қалай жасауға болатындығын талқыласаңыздар болады. Бұл оқушылардың өткен сабақта жасаған нобайларын түрлендіруге септігін тигізеді.
Сұрақтарға жауап бер.
Сабақтың оқу мақсатын іске асыру үшін оқушылар жасаған нобайларына қазақ мәдениетіндегі зергерлік бұйымдарды қолданған көркемдік элементтерді қолдану қажет. Оқушыларға миға шолу ретінде қысқамерзімді жоспарда берілген сұрақтарға жауап беруді ұсынамыз. Бұл сұрақтар оқушыларға зергерлік бұйымдарына ою-өрнектерді қолдануға болатындығы жайында ой салады.
Оқушылармен бірге бұйымды жасау барысын талқылап өтіңіз.
Оқушылар әшекей бұйымды (жобалық жұмыстарын) топта немесе жұпта, жеке орындай алады. Бұл тапсырманы саралап беру ұсынылады.
Бағалау
Өзін өзі бағалау түрін өткізу ұсынылады. Оқушылар шығармашылық жұмысты орындау бойынша жоспарларына сәйкес, осы сабақта орындаған жұмыстарын бағалап, қандай тапсырманы орындап болғандығын өздері бағалай алады. Сол арқылы келесі сабақта не істейтіндіктерін бағамдай алады.
Рефлексия
«Бір сөзбен түсіндір»
«Бүгінгі өткен тақырыпты нақты әрі түсінікті суреттейтін бір сөз таңда». Мысалы, жоспар деуі мүмкін. Себебі, практикалық тапсырманы орындар алдында ол оқушы үшін ең маңыздысы жоспар болуы ғажап емес. Келесі оқушы нобай, ал екіншісі ою-өрнек деп айтуы мүмкін. Бұл оқушылардың сабақты меңгерулерінен хабар береді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру