Жұмысты қорғау. Көркем еңбек (ұлдар). 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Жұмысты қорғау» тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі. Бұл сабақта оқушылар музыка пәнімен кіріктіруге болады.
6.3.1.1-Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру
Сабақ барысы
Мұғалімге қойылымды таныстыру үшін алдын ала көрсетілім болатын орынды оқушылармен дайындау қажет. Қойылымды мектептің ыңғайлы жерінде ұйымдастыруға болады.
Оқушылармен бірге шығармашылық жобаны таныстыру жұмыстарымен айналысыңыз. Театрландырылған қойылымның алғашқы көрінісін талқылап, оны өткізетін орны мен шақырылатын қонақтары туралы талқылаулар өткізу ұйымдастырылады.
Қойылымның көрсетілімі болатын күнді белгіліп, орынды анықтаған соң, афиша және шақырту билеттерін дайындасаңыздар болады. Қойылымды бейне таспаға жазуға да болады.
Оқушылармен бірге кері байланыс үшін сұрақтар құрастыру ұсынылады. Мысалы,
- Аталмыш сюжетті жасау үшін сіздерді не шабыттандырды?
- Қандай материалдарды қолдандыңыздар?
- Динамикалық бейне шықты ма?
- Сіздердің қимыл іс-әрекеттеріңіз анимациялық идеяларыңызды іске асырады ма?
- Басты кейіпкерлер қаншалықты сәтті шықты?
- Жұмыстарыңызды түрлендіре түсу үшін нені өзгертер едіңіз?
Оқушылар сұрақтарға жазбаша не ауызша да жауап берсе болады. Көрсетілім аяқталған соң, оқушылармен бірге жасалған жұмысты қорытындылап, талқылаған дұрыс.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.