Ішкі көріністі мерекелерге безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, дидактикалық материал.


Жұмбақтар

Бір кісінің он екі баласы бар,

Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.

Әр баласы сапарға шыққан сайын,

Отыз шақты серігін ала шығар. (Жыл мен он екі ай)

***

Ақ қонақ,

Қара қонақ, –

Бірін-бірі қуады,

Кезек келіп тұрады. (Күн мен түн)

***

Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата)

***

Қыста келген,

Көктемде кеткен.

Көрпе боп жатқан,

Жылға боп аққан. (Қар)

***

Көкке қарап наздана

Қолын созар күнімен.

Күз, Қыс, Көктем, Жазда да

Өзгермес бір түрінен. (Шырша)

***

Күн суытып, қар түссе,

Үстін бассаң, батпайсың.

Жаз кезінде, тал түсте

Іздесең де, таппайсың. (Мұз)

***

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)

***

Айнымайды шыныдан,

Қорқады тек жылыдан. (Мұз)

***

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. (Әтеш)

***

Терезені өрнектеп,

Әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)

***

Қыс түсіп, қар жауса, кілең

Дала кезіп тыншымайды.

Көрінбейтін саусағымен

Бетті аямай шымшылайды. (Аяз)

***

Айналып жүріп шыршаны,

Барлық адам ән салды.

Барлығы да шаттанып,

Қай мезгілді қарсы алды? (Қыс)

***

Аппақ етіп айналаны,

Ақ көбелек айналады. (Қар)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.