Бұйым дайындау. Бұйымды пішу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі:

Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Бұйым дайындау. Бұйымды пішу

Сабақ мақсаты:

6.2.3.1

Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.

Теориялық материал

Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.

Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.

  • 11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған.
  • 19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде Үндістан, Қытай, Жапония, Иран, Түркия өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылды.

Ресейде қуыршақ театрының пайда болуы скоморохтар ойынымен тікелей байланысты. Қуыршақ театры Кеңес Одағында да кең қанат жайды.

  • 1930 ж. 25 мемлекеттік қуыршақ театры жұмыс істеді.
  • 1931 ж. Мәскеуде бүкіл Кеңес Одағындағы қуыршақ театрының дамуына зор ықпал жасаған Мемлекеттік орталық қуыршақ театры ашылды.

Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын көрсеткен.

  • 1935 ж. Алматы қаласында қазақтың қуыршақ театры ұйымдастырылды.
  • 1938 ж. театрға республикалық қуыршақ театры дәрежесі берілді. Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981), Шымкентте (1983) және Қостанай мен Петропавлда (1992) ашылды.
  • 1981 ж. гастрольдік сапармен Въетнамда, Кампучияда болды.[2]
  • 2002 ж. Алматыда Қазақстан қуыршақ театрларының 1-фестивалі өтті. Қуыршақ театры, негізінен, балалар аудиториясына арнап спектакльдер қоюмен шұғылданады. Кейбір ұжымдардың қойылымдарында үлкендерге де арналған пьесалар бар.[3]

Сабақты өткізу бойынша ұсыныстар

Бұл сабақта оқушылар қуыршақтарының пішімдерін дайындайды. Театр өнері туралы білімдерін кеңейтеді. Қолғапты қуыршақ жасаудың технологиясымен танысады. Қуыршаққа жасауға арналған пішім дайындайды. Сабақта тігін құралдарын қолдану ұсыналады. Сол себепті мұғалімге сабаққа дейін құралдарды дайындап қою ұсынылады.

Мұғалім қолғапты қуыршақ жасау үшін алдын ала сызба үлгілер дайындап қою ұсынылады.

Дифференциация: Сызба үлгілерді қабілеті жоғары оқушылардың қолданбауы да мүмкін. Олар өздері де жасауы мүмкін.

Авторлық қуыршақты жасау үшін өткен сабақтарда оқушылар бұйымның нобайын жасады(қолғапты қуыршақ).

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қуыршақты жасау үшін қандай құралдар қажет?
  • Ине салғыш не үшін керек?
  • Оймақ не үшін керек?
  • Оймақ не үшін қолданады?
  • Тоқыма бұйымдарына ылғалды-жылу өңдеу не үшін қажет?

Қуыршақтың басы

Қолғапты қуыршақты жасау басынан басталады. Оны папье-машедан, матадан тігуге болады.

Қуыршақты басқару үшін саусақтарға арналған саңылау қажет.

Басқа арналған негіз

Бұйымның негізі қол. Сол себепті негізді жасау үшін қолдың шаблонын алу керек. Негіз үшін әлдеқайда қалың матаны таңдауымыз қажет.

Мұғалім әртүрлі қуыршақтардың схемаларын, сызба үлгісін ұсынады. Сабақта қуыршақтың пішімдерін дайындаймыз.

Жасау технологиясы:

  • Матаны бөліп, бүктейміз. Ағылшын инелерімен бекітеміз. Мата жылжымау үшін.
  • Матаға пішімді қарындашпен сызу.
  • 0,5-0,7 см тігістен орын қалдырып қиямыз. Тігін машинасында тігу қажет. Ойыншықты аудару үшін пішімнен 3-4 см тікпей қалдыру қажет.
  • 0,5 см дейін қосымшаны қиямыз.
  • Қуыршақты аударамыз.

(Ө) Оқушылардың практикалық жұмысы.

Орындалған жұмыстар бойынша оқушылар бұйым жасайды.

Қуыршақты жасау технологиясына сай оқушылар практикалық жұмыстарын орындайды.

Бір бірін бағалау

Сыныпта практикалық жұмысты орындау барысын талқылау қажет. Жұмыс орнын жинау.

Рефлексия

Сабақта мен білдім...

Сабақта қызықты болды...

Сабақта қиын болды....

Енді мен ... жасай аламын.

Мен қаладым...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу