Бұйымның нобайын дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні: Көркем еңбек (қыздар)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2А – Бөлім.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық.

Күні:

Сынып: 6

Сабақ: 45 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұйымның нобайын дайындау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.2

Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

6.1.4.2

Материалдық шығынды анықтау (сандық көрсеткіштер)

Сабақ мақсаттары

  • оқушылар сәнді бұйымның нобайын орындауды үйренеді;
  • материалдардық шығынды есептейді;
  • нобайды түстік шешімде орындайды;
  • бір-бірінің жұмыстарына ұсыныстар жазады, оқушылар ұсыныстар арқылы қорытынды және нәтиже шығарады, өзара бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері

  • шалма бізбен тоқу үшін бұйымның нобайын дайындай алады;
  • нобайды түстік шешімде орындай алады;
  • қажетті материалды анықтай алады және шығынын есептей алады;
  • жұмыстарын жақсарту үшін ұсыныстар жаза алады;

 Тілдік мақсаттар

Тілдік оқыту мақсаты

Бұйым жасаудағы өзгенің шығармашылдық идеясын, ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрып, өру, тоқу, шалма біз, зергерлік, көркем өңдеу, тоқу.

Мен нобай салу ... меңгердім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім. Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

Құндылықтарды дарыту

 

Нобай салуда және практикалық жұмыс барысында оқушылардың бойында өмір бойы еңбектену және шығармашылық құндылықтары артады. Өзара бағалау үшін ұйымдастырылған көрмеде құрмет, сыйластық және академиялық шыншылдық құндылықтары жетіле түседі.

Жаһандық азаматтық

Әлемге таралған тоқыма өнерімен танысады, салыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақты жаратылыстану, математика пәндерімен байланыстыруға болады. Себебі осы сабақты жаратылыстану пәнінде меңгерілетін «Дене және табиғаттағы заттар» бөліміндегі бірнеше тақырыптармен байланыстыруға болады. Қандайда бір материалды кесіп алу үшін оны есептеу қажет және нақты өлшем бойынша бекіту үшін математика пәнінің қажеттілігі де бар.

АКТ қолдану дағдылары

Нобай салу үшін интернет желісін пайдаланады.

Бастапқы білім

Шалма біз түрлерін, тоқу әдіс-тәсілдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Бастапқы кері байланыс

3 минут

Презентация

3 минут

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбы айтылады.

Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушыларға ауызша бірнеше сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  • Тоқыманың қандай түрлерін білесіздер?
  • Орындалу әдістері қандай?
  • Шалма біздің қандай түрлері бар?

Оқушылардан біршама жауаптар алынғаннан кейін шалма бізбен тоқылып жасалған бірнеше бұйымдардың, бас киім, ойыншықтар, үстел жапқыштар слайды көрсетіледі.

Слайд 1-4

Сабақтың ортасы

Тапсырма

2 минут

Дескриптор

2 минут

Дифференциация

Практикалық кезең

Нобай салу

20 минут

Көрме

Өзара бағалау

«Сұхбат» (интервью)

5 минут

Кері байланыс

«СМС»

5 минут

Сабақтың соңы

Сабақты қорыту

3 минут

Үйге тапсырма

2 минут

Презентация көрсетіліп болған соң оқушыларға тапсырма беріледі.

Тапсырма:

Шалма бізбен тоқу үшін бұйымның нобайын орындаңыз. (мысалы, жұмсақ ойыншықтар, мойынорағыш, үшкіл орамал, ұялы телефондардың қабы т.б.)

Дескриптор:

  • Бұйымды анықтай алады;
  • Нобайды салады және түсте орындай алады;
  • Қажетті материалын және өлшемін анықтай алады;
  • Нобайын көрмеге қояды;

Тапсырманы оқушылар өз қабілеттеріне, интеллектісіне қарай таңдап алады.

Мысалы: Говард Гарднер әдісі бойынша оқушының интеллектісне сәйкес:

  • Визуалды-кеңістіктік; (көру, қолмен ұстау, сезу арқылы бейнелеу)
  • Натуралистік; (шынайы бейнелеу)
  • Интраперсоналды; (жетістік интеллектісі, ішкі дүниесін қалыпқа келтіре отырып эмоционалды бейнелеу);
  • Дене кинестетикалық; (шынайы денені, затты ұстап көру арқылы бейнелеу);

Оқушылар өз sketchbook тарына яғни сурет дәптерлеріне болашақта тоқылатын бұйым нобайын салуды бастайды. Ол үшін оқушылар интернет желісін пайдаланса болады. Нобайды түстік шешімде орындайды және қажетті материалдарын, өлшемін анықтап нодбайда көрсетеді. Түстік шешімде орындау үшін акварель, гуашь бояуларын немесе түрлі-түсті қаламдарды қолданады.

Оқушылар салған нобайларынан көрме ұйымдастырады.

Жұмыстарын өзара бағалау үшін екі оқушыға көк және қызыл түсті маркер беріледі. Көк түсті маркерді алған оқушы салынған нобайдың біреуін көрсетіп қызыл түсті маркердегі оқушыға сұрақ қояды.

Сұрақ: 1. Осы нобайға қосатын қандай ойыңыз немесе ұсынысыңыз бар?

Қандай түсте орындауға кеңес бересіз?

Қызыл маркердегі оқушы сұраққа жауап беріп болған соң ол нобай ортадағы көрмеден шетке алынады да, екі оқушы да қолындағы маркерлерін өз қалауларымен басқа оқушыға береді. Ұсыныс айтылған нобайдың егесі ұсынысты мұқият тыңдап алып, практикалық жұмыс орындаған кезде айтылған ұсыныстарын ескеретін болады. Жөндеуге сын айтылған нобайлар дескрипторды толық орындамаған, яғни толықтырулар қажет деп табылады. Оны оқушы үй тапсырмасы ретінде толықтыруы мүмкін.

Кері байланыс алу үшін оқушыларға ұялы телефонның суреті бар парақша таратылады. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін және ойын өз досына немесе құрбысына смс яғни хат жазу арқылы жеткізеді. Сабаққа 1-9 аралығында ұпай беру үшін астындағы тор көзге тиісті санды жазып бүгінгі сабақты бағалайды.

Мұғалім сабақты қорыту үшін нобайы дескрипторге сәйкес шыққан оқушыларды атап өтеді және толықтыруға ұсыныс айтылған оқушыларға тағы да еңбектену қажет екендігін айтады.

Нобайды аяқтау, қажет жеріне өзгерту жасау, практикалық жұмыс орындауға қажетті материалды алып келу.

Слайд 5,6

Нобай салуға қажетті ресурстар:

sketchbook (сурет дәптер), қалам, өшіргіш, акварель немесе гуашь бояуы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыдан күтілетін нәтижетапсырманы уақытылы орындау, бағалау критерийіне, дескрипторге сәйкес болу, нобайды сауатты орындау.

Дифференцияациялық тапсырманы оқушылар өз қажеттіліктеріне, интеллектісіне қарай таңдап алады. Интеллект түрлері Говард Гарднердің әдісіне байланысты болады.

Көрме

Өзара бағалау

«Сұхбат» (интервью)

Кері байланыс

«СМС»

Миға шабуыл сұрақтары және бейнебаян

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

- сызғышты, қаламды лақтырмау;

- қайшы және концелярлық пышақты ұқыпты пайдалану;

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.