file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Сценарий дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім: Визуалды өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сценарий дайындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.4.1

Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау.

 Сабақ мақсаттары

  • Қуыршақ театр өнерімен танысу;
  • Шығармашылық жұмыс жасаудың жоспарын құрастыру;
  • Шығармашылық жұмысқа арналған сценарий жасау.

 Жетістік критерийлері

  • Қуыршақ театр өнерінің түрлерін біледі.
  • Көлеңкелі театр қойылымын сахналаудың реттілігін қарастырды.
  • Көлеңкелі театр қойылымының сценарийін скетчбукке жазды.

 Тілдік мақсаттар

 

Материалды ұсыну барысында сабақта қозғалған жаңа терминологияларды қолдану. Сұрақтарды қою және мысалдарды келтіре отырып, оларға аргументті жауап беру.

Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

  • қуыршақ театры, көлеңкелі театр,
  • Көлеңкелі театр қуыршақ театрының бір түрі. Себебі, .....
  • Сценарийде мына аспектілерді ескеру қажет.....

 Құндылықтарды дарыту

Қуыршақ театр өнерінде қозғалатын адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын қарастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Әдебиет.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Анимация, мультфильм түсініктерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыптары мен мақсаттарына шолу жасау.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Қарлығаштың құйрығы неге айыр

https://www.

youtube.com/

watch?v=8y0785

hMp7s

Сабақтың ортасы

Сұрақтарға жауап бер:

  • Театр өнерінің қандай түрлерін білесіңдер?
  • Қуыршақ театрына барып көрдіңдер ме?
  • Ондағы қойылымдар несімен ерекше?

Оқушыларға қуыршақ театр түрлері жайлы айтыңыздар (көлеңкелі театр, марионетка- қуыршақтары, шыбықты, қолғапты, планшетті қуыршақтар т. б.)

Көлеңкелі театрдан үзінді көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз:

- Қуыршақ жетелеуші өз қуыршақтарын қалай тірілтеді?

- Қуыршақ театрын құру үшін қандай материалдар мен реквизиттер қолданылады?

-Қуыршақтар қандай материалдардан жасалған?

Оқушылар Әмен Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмімен таныс. Олардан мультфильмнің желісін еске түсіріп, төмендегі сұраққа жауап беруін сұраңыз.

  • мультипликациялық анимация қандай реттілікпен орындалған?

Шығармашылық жұмысты жоспарлаудың кезеңдерін анықта.

  • Тақырып аясында кішігірім зерттеу жұмысын жүргізу;
  • Сценарий құрастыру;
  • Кейіпкерлерді жасау;
  • Декорацияларды құрастыру;
  • Дыбыстау/музыкалық шығарма дайындау;
  • Қойылым.

Сценарий құрастыр. Скетчбукке жаз.

  • Ол әдеби шығарманың желісі бойынша құрастырылуы мүмкін.
  • Ойдан шығарылған оқиға болуы мүмкін.
  • Ертегі бойынша құрастырылуы мүмкін.

Бір – бірлеріңнің ойларыңды толықтырыңдар.

  • Оқиғаның идеясы.
  • Оқиғаның мазмұны түсінікті ме?
  • Не қосар едің?

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D0%B0%D1%82%D1%80_%D1%82%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D0%B9

(көлеңкелі театр)

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D0%B0%D1%82%D1%80_%D0%BA%D1%83%D0%BA%D0%BE%D0%BB

(қуыршақ театрының түрлері)

https://www.youtube.com/watch?v=PkyedjUsO4M

(көлеңкелі театр тарихы)

https://www.youtube.com/watch?v=rR_G7NR4cRE

(көлеңкелі театрды құрастыру)

https://www.youtube.com/watch?v=iCmFWJjc4RA

(көлеңкелі театр спектаклі)

https://www.youtube.com/watch?v=GXPVkxlSeY0

(кейіпкерлер)

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды.

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«Индекс карточка». Екі бетіне төмендегі сұрақтар жазылған карточка таратып, бағалау жүргізу ұсынылады.

1 бетінде: өткен материалдан ең негізгі ойларға тоқтал(тақырып, фактілер, қызықты сәттер)

2 бетінде: өткен тақырыптан не түсінбегендеріңді анықтаңдар. Өз сұрақтарыңды құрастырыңдар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушыларға сабақ барысында сұрақ қою. Және тапсырманың дискрипторларына сай бір-бірін бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу