Алтын күз. Шығармашылық жұмыс жасау. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Алтын күз. Шығармашылық жұмыс» тақырыбына арналған сабақта 3.2.2.1 Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперемент жүргізу және 3.3.3.1 Шығармашылық жұмысты бағалау және жақсартуға идеяларды ұсыну оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, мәселе ол оқушылардың көркемдік құралдармен және әртүрлі материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту, (мысалы, газет, журнал қималарын пайдаланып коллаж техникасында шығармашылық жұмыс жасау).
Сонымен қатар, аталған оқу мақсаттары аясында оқушылар өздері жасаған шығармашылық жұмыстарды, суретшілердің туындыларын талдайды, бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.
Осы сабақ аясында оқушылар өздері «Алтын күз» тақырыбына арнап салған суреттерімен танысады, оны зерделейді және талдайды. Жұмыстарды жақсарту бойынша ұсыныстар айтады.
Қажетті материалдар
А2 немесе А3 форматтағы қағаз, қатты қағаз, графикалық материалдар (қарандаш, түшь, гельді қалам және т.б.), желім, қайшы, газет пен журнал қиындылары.
Сабақ барысы
Сыныпта, күз көріністері бейнеленген суреттерді іліп, парталарға күзгі жапырақтарды жайып қойыныз. Оқушыларға сол суреттерге назар аударуларың сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:
•Суреттерде қай жыл мезгілі бейнеленген?
•Суреттер қандай техникада орындалған?
Тапсырма №1:
Оқушыларды топқа бөліңіз. Оқушылар жұмыс орнын дайындап, тиімді жұмыс жасау үшін топта жұмыстарды бөлісіп алады.
Оқушыларға алдын ала сабаққа материалдарды дайындап әкелулерін ескеріңіз. Сабаққа қажетті материалдар: ермексаз, желім, түрлі-түсті қағаз, табиғи материалдар-асқабақтың тұқымын жапырақ ретінде қолдануға болады, ағаштардың бұтақтары, жапырақтар және т.б.
Тапсырма №2
Тәжірибелік жұмыс. Жұптық/топтық жұмыс
Оқушылар практикалық тапсырманы орындауда қажет болатынматериалдарды анықтап алып, коллаж жасауға кіріседі. Практикалық жұмысты орындау барысында мұғалім оқушылардың жұмысын және техника қауіпсіздігі ережелерінің ұстануын бақылайды, қажет болған жағдайда қолдау көрсетеді.
Топтың жұмысы аяқталған соң оқушылар өз коллаждарын ұсынады, жұмысты жақсартудың жолдарына басты назар аударатындай бағалау пікірлерін жазады.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз. Балалардың коллаж орындауға тандап алған материалдарды қарап шығыныз, қажет болса материалдарын қайта қарауды сұраңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру