Жаңа ғасыр революциясы: себептері мен салдары. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім

Мектебі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10

Қатысушылардың саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жаңа ғасыр революциясы: себептері мен салдары.

Сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаты

10.3.3.7 – Шығыс Еуропаның «барқыт» революциясының мазмұны мен нәтижесін талдау;

Бағалау критерийлері:

Шығыс Еуропадағы «барқыт» революциясының мазмұны мен нәтижесін талдау. Қорытынды жасау.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

- «барқыт» революциясының себептерін, саяси күштері мен салдарын жеке елдердің мысалында көрсете алады (оқылым дағдысы);

- «барқыт» революциясының себептерін, саяси күштері мен салдарын топтарда талқылайды және заңдылығы туралы қорытынды жасайды (айтылым және тыңдалым дағдылары).

Терминология: барқыт революциясы, көрсету, революция, демократия, қоғамдық өмірді демократияландыру, орталықсыздандыру, ВКҰ, НАТО, ЭӨКС, ЕО.

Оқылым мен жазылымға пайдалы тіркестер:

… жылы басталған барқыт революциясының себебі- ...

… негізгі қарсы күресуші күштер болды.

Барқыт революциясының салдарына келесілерді жатқызуға болады: …

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, өзара бағалау кезіндегі академиялық адалдылық, гуманизм, адамның құқықтары мен еркіндігін құрметтеу, коммуникативтік қабілеттерді дамыту.

АКТ қолдану дағдылары

Мәтіндік ақпаратты өңдеу..

Пәнаралық байланыс

Саясат, география.

Алдыңғы білім

Бұл бөлім қырғи-қабақ соғыстың себептері, негізгі кезеңдері және оқиғалары жайлы алдыңғы білімге сүйенген. Оқушылар өздерінің білімдерінің арқасында капиталистік және социалистік өңдіру тәсілдерінің ерекшеліктерін, сонымен қатар тоталитарлық және демократиялық режимдердің белгілерін анықтайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақ барысындағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(С) Бастапқы ынталандырушы материал:

Оқушыларға келесі суреттер сериясын көрсетіңіз: барқыт, ВКҰ-ға мүше елдердің картасы, Шығыс Еуропа елдерінің фотосуреті.

Тапсырма: берілген суреттердің арасында байланыс орнатыңыз. Сабақтың тақырыбың тұжырымдаңыз.

Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылау.

Презентация слайдтары.

Сабақтың ортасы

2 минут

7 минут

2 минут

10 минут

2 минуты

5 минут

2 минуты

(М) Оқушыларды «барқыт» революциясы түсінігінің анықтамасымен таныстырыңыз. «Барқыт революциясы»- 1980-ші жылдардың соңында- 1990-шы жылдардың басында, яғни әлемдік социалистік жүйенің дағдарысы Варшава шартының, ЭӨКС және басқа да ұлттықтан жоғары құрылымдардың, коммунистік режимдердің құлауына айналған кезде, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде болған үдерістердің жалпылама атауы.

Қажет болған жағдайда түсініктеме беріңіз.

(Ж) Оқушылар барқыт революциясының әр-түрлі елдердегі себептері, оқиғалары мен салдарын қарастырады:

ГДР;

Польша;

Венгрия;

Чехословакия.

Әр оқушы жеке алынған елдегі революцияны қарастырады.

Тапсырма:

  • Мәтінді оқыңыз.
  • Анықтаңыз:

- елдегі «барқыт» революциясының себептері;

- қарсы күресуші саяси күштер;

- салдары.

Дескрипторлар:

Оқушы:

елдегі «барқыт» революциясының 2-3 себебін анықтайды;

қарсы күресуші саяси ұйымдарды көрсетеді;

елдегі «барқыт» революциясының 2-3 салдарын анықтайды.

Өзін-өзі бағалау немесе мұғалімнің бағалауы.

(Т) Оқушылар берілген 4 ел жайлы ақпаратпен бөлісу және барқыт революциясының заңдылықтары туралы қорытынды жасау үшін 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.

Тапсырма:

  • Топтарда ақпарат алмасу.
  • Шығыс және Орталық Еуропа елдеріндегі барқыт революциясының ұқсастықтарын қорытындылаңыз.

Дескрипторлар:

Оқушы:

елдердегі «барқыт» революциясының себептерінің 1-2 ұқсастығын анықтайды;

елдердегі «барқыт» революциясының оқиғаларының 1-2 ұқсастығын анықтайды;

елдердегі «барқыт» революциясының салдарының 1-2 ұқсастығын анықтайды.

Топтар арасындағы өзара бағалау.

(Т) Оқушылар барқыт революциясының нәтижелері мен салдарын жіктейді.

Тапсырма:

  • «Барқыт» революциясының нәтижелері мен салдарымен танысыңыз.
  • Оларды мына классқа жіктеңіз:
  • Оң және теріс;
  • Ұзақ мрезімді және қысқа мерзімді;
  • Әлеуметтік-экономикалық және саяси.

Әр сыныпты 3 топқа жіктеңіз. Әр топ келтірілген тізімнен 3 мысалдан қарастырады.

Дескрипторлар:

Оқушы:

  • Салдардың сипатын дұрыс анықтай алады (+ немесе -), қысқаша логикалық түсініктеме береді;
  • Саланы дұрыс анықтайды (Э/Ә/С/М), қысқаша логикалық түсініктеме береді;
  • салдардың әсер ету ұзақтығын дұрыс анықтайды,қысқаша логикалық түсініктеме береді.

Топтар арасындағы өзара бағалау.

Презентация слайдтары

Барқыт революциялары

https://baribar.kz/student/6461/1989zhylghy-barqyt-revolyutsiyasy-chekh-respublikasyn-quru/

https://info-4all.ru/kk/%D0/v-kakih-stranah-proishodili-barhatnie-revolyucii/

https://topreferat.com.kz/tarih/11817-shyghys-europa-elderindegi-revolyuciyalyq-zhaghdaylar.html

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия: «3-2-1» әдісі.

Презентация слайдтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.