Не себепті Ұлттар лигасы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейбітшілікті сақтай алмады? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, дидактикалық материал.
Версаль бейбіт келісімі — 1919 жылы 28 маусымда болған Антанта (Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, АҚШ, Румыния, т.б.) елдері мен Германия арасындағы бітім шарт.
Германия Версаль келісімінен кейін: Ұлттар Лигасы басқаруындағы аймақтар Көрші елдер аннексиялаған аймақтар Германдық Веймар территориясы Версаль бейбіт келісімі 1920 жылы 10 қаңтаркүні Германия және Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония мемлекеттеріратификациялағаннан кейін күшіне енді. АҚШ сенаты келісімді ратификациялаудан бас тартып (Ұлыбритания мен Франция үкіметі бас- қаратын Ұлттар лигасына кіргісі келмегендіктен), 1921 жылы тамыз айында Германиямен жеке келісімге келді. Версаль бейбіт келісімінде Ұлттар лигасының статусы қаралды, Германия, Бельгия, Люксембург, Франция, Швейцария, Австрия, Чехословакия, Польшажәне Данияның шекаралары белгіленді. Эльзас пен Лотарингия облыстары Францияға қайтарылды, Саар облысы Ұлттар лигасының басқаруына 15 жылға берілді (кейінгі тағды- рын плебисцит шешетін болды), Клайпеда қаласы жецімпаз державалардың баскаруына берілді, Гданьск «ерікті қала» деп танылды. Бельгияның, Польша мен Чехословакияның шекаралары кеңейтілді. Германия Кеңес үкіметімен арадағы --Брест-Литовск бітімінен және өзінің барлық отарларынан бас тартуға міндеттенді. Германияның соғыс кезінде одақтастарға келтірген шығынын есептейтін арнаулы комиссия кұрылды. Бұған қоса Германияның соғыс кезінде Түркия, Австрия-Венгрия, Ресей мен Румыниядан алған алтын және басқа да кұнды заттарды қайтаруы көзделінді. Әскери-техникалық мәселелер бойынша Германия 100 мың жауынгер, 4 мың офицер ғана ұстауға міндеттенді, Бас штаб институты қысқартылды. Рейннің сол жағы мен оң жағынан 50 км территория қару- сыздандырылған аймаққа жатқызылды. Германияның толық қарусыздануы барлық елдердің қаруларын шектеудің алғы шарттары болу керектігі атап көрсетілді. Версаль бейбіт келісімі шешімімен Ұлттар лигасы құрылды. Оның мақсаты: бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және болашақтағы қарулы қақтығыстардың алдын алу болды. Ұлттар лигасына мүше мемлекеттер сырттан шабуыл жасалған жагдайда бір-біріне көмек корсетуге, карусыздану процесіне жағдай жасауға, өзара ашық дипломатиялық қарым- қатынас орнатуға міндеттелді. Міндеткерлік орындалмаған жағдайда Гаагадағы Халықаралық соттың шешіміне жүгінуге келісілді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.